Шаш шаятын сұйықтық дайындайық

Үй жағдайында шашқа күтім жасау жолдары өте көп. Бүгінгі материалда шаш шаятын сұйықтық (ополаскиватель) дайындауды көрсетеміз. Бұл сұйықтықты дайындау жеңіл әрі қолжетімді. Оны дайындау үшін алма мен су ғана қажет.

? 2-3 алманы жуып тазартып аламыз.

? Алманың қабығын ашамыз.

? Алманың қабығын ыдысқа салып, оған 1 л ыстық су құямыз.

? Ыдысты отқа қойып, қайнаған соң отта 5 минуттай ұстаңыз.

? Ыдысты оттан түсірген соң 15-25 минут аздап суығанша күтіңіз. Содан соң ішіндегі қабықтарды сығып алып тастаңыз. Сұйықтықты басқа ыдысқа құйып алыңыз. Жуылған шашты осы дайындаған сұйықтықпен шайыңыз.

? Бұл сұйықтықпен шайған соң, шашыңыз тез таралады. Ол шашты жылтырап, жібектей жұмсақ болуына көмектеседі. Ескере кететін жайт, алма таңдауда үй бақшасында өскен алма болғаны дұрыс. Себебі үйдің алмасы дәрумендерге толы болады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін уақытылы бірнеше рет қолдану қажет екенін ұмытпайық.......
Кеңестер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі)

К е н е н:
Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы?
Өнерге өрен аға сегіз сайлы.
О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты,
Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы.
Алабын Алатаудың әнмен жайқап,
Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды
Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен,
Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды.
Асында Ноғайбайдың алғашқы рет
Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өмірбаян: Чингиз Шашкин

Шыңғыс Шашкин - нейрохирур

Шыңғыс Сақаұлы Шашкин 1978 жылы 2 тамызда Алматыда туған. Шыңғыс Сақаұлының қызмет саласы: функционалды нейрохирургия, миды терең стимуляциялау, ауру хирургиясы, спастика хирургиясы, эпилепсия хирургиясы. 2018 жылдың маусымынан бері Шыңғыс StandardNeurо клиникасының медициналық директоры лауазымында.

2.05.2013 – 16.04.2018 аралығында қан тамыры және функционалды хирургия бөлімінің нейрохирург дәрігері, стереотаксиндік және функционалды нейрохирургия тобының жетекшісі, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Астана, Қазақстан. Сондай-ақ «РҒНХО» АҚ даму басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ стратегиялық басқармасының бастығы, «РҒНХО» АҚ ақылы медициналық қызмет бөлімінің меңгерушісі, «РҒНХО» АҚ даму және коммерциялық мәселелер басқарушы директор лауазымдарында жұмыс істеген. 2008 ж. - «РҒНХО» АҚ бас дәрігері. 2007-2008 жж. – «Ұлттық ана мен бала орталығы» АҚ балалар нейрохирургиясы бөлімінің нейрохирург дәрігері, Астана, Қазақстан. Шыңғыс Сақаұлы – «Нейрохирургия» мамандығының аккредиттелген тәуелсіз сарапшысы. Астана қ. сот-медициналық сараптамасының нейрохирург сарапшысы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0