Мен түсімде зорлық көрдім, қорлық көрдім ғаламат, Бір таныс қол соғып өтті әлдекімді паналап, Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ. Иығымнан ұшқан басым көкірегімнен домалап, Бара жатты атамекен Ақжайықты жағалап, Жүрегімнен аққан қанға боялыпты бар алап. Жә, бұл түсім тегін емес, мына сойқан заманда Тіршілікпен қоштасар сәт жетті-ау деймін маған да. Қоштасар сәт жетті-ау деймін, туған елім, еңселім, Бостандыққа шақырып ем, Сенің заңғар ақылың ем, Едім әрі өлшемін......
- Даңқың қайда төске өрлеген? Екі жүз мың әскерменен Алты ай бойы кіп-кішкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау Ойы - дауыл, Сезімі - аспан, Тек жеңіспен көзін ашқан Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба....
Қазанын оттан түсірмей кеткен, жомарттық жеңген жүрегін, Ақ көйлегімен туған, бақ көйлегімен туған азамат ердің бірі едің. Сараңның бір жыл жейтұғын асын бір сәтте ғана таратып, Тұрушы ең содан рахат тауып, көңліңнен әппақ таң атып. ....
Шаттықта да бірміз, Қайғыда да бірміз, Бір тамырдан қуат алған егіз, туыс гүлміз. Бірімізді екіншіміз қолдап, сүйеп жүрміз Алатауды алып құсқа балар болсақ Сол құстың Бір канаты қазақ та, бір қанаты қырғыз. .....
Кірпігіне ел мұңын ұялатқан, Сен куәсің бәріне, зиялы ақ таң. Ох, қызарып ақтым мен қаншама рет Адам қолы тудырған қиянаттан. (Сейхун жыры) Сексеуілді дала жатты секем алып үдеріп, Сүйіктісін күтті жігіт атын отқа жіберіп. Сүйіктісін күтті жігіт тоңдырса да түнгі ызғар, Түнгі ызғардан жаурағандай дірілдейді жұлдыздар. Өмір мынау, сенім, күдік алма-кезек жарысқан.....
М. Шаханов поэзиясының әлемі Қарағайға қарсы бiткен бұтақтай, қазақтың маңдайына бiткен шыншыл да қайсар ұлы М.Шаханов шығармаларының iшiнде ұлт рухына, ел намысына соқпай кететiндерi кем де кем. Өзiнiң жасында жырларымен-ақ ұлт санасын оятып, күңгiрт көңiлге сәуле дарытқан М. Шаханов шығармалары елдiгiмiздiң керегесiн кеңейтiп, ертеңiмiзге жол салатын бiрден-бiр құрал. Ақынды жаңашыл ақын деймiз, қоғамымызда елең алып жатқан өзектi мәселелер мен өмiр толғаныстарына терең берiлiп, шиеленiстердi шешуге белсене бел буған ақынның ар намысы мен солмас рухы оның жалынды жырларында көрiнiс тапқан. “Дұшпан күлдiртiп айтар, дос жылатып айтар” дейдi халық даналығы. Халқының мiнiн бетiне басып, қатаң сынға алу арқылы ақын елiн ойлануға шақырады. Космополит қазақтар өлеңiнде ақын Ғабиден Мұстафиннiң мынадай сөзiн эпилог ретiнде алған “Бiз бұрын ұлтшылдықпен күрескенбiз, ендi ұлтсыздықпен күресер жағдайға жеттiк.” Жалпы кейiнгi кезде жарық көрiп жүрген өлеңдерiнiң бәрiнде ақын космополит қазақтармен, компьютер басты жарты адамдармен, дiнсiз, дiлсiздермен күресiп жүргендей. Ұлт тiлiне терең көңiл бөлiп өзiнiң жалынды да намыс атты шарпыған өлеңдерiнде ақын бүкiл халықты өз тiлiнде сөйлеуге үндейдi. Тiлiмiздi қорғауда iсiмiз бiрiкпей, Санамыз сандалып, күшiмiз кiрiкпей Тоталитарлық жүйеде жүргендей тосылудамыз. Жерiмiздi қорғап жат қолдан,....
Бір-бірінен көз айырмай үздігіп Құзар шыңның басында тұр қыз, жігіт. Қыранымсың күллі Кавказ мақтаған, Қанатыңа алғаныңа шаттанам. Тағдырымды бердім, жаным, қолыңа, Енді өзің біл, Сенсіз өмір жоқ маған! – Деді сұлу жасаурап от жанары. .....