Әңгіме: Ширек ғасырлық шарықтау


2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.

Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.

Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.

1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;
• көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 2 сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.2 - тарихи кезеңдерді талдау негізінде қазақтардың ру-тайпалық ұйымдасу түрінің қалыптасу алғышарттарын талдау
Сабақ мақсаты: Тарихи кезеңдердегі рулық-тайпалық құрлымдарды талдау.
Көшпелі қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісінің басталуы

Көтерілістің ең басты көсемі, деревняның қолөнершісі, үй төбесін жабушы Уот Тайлер болды және әдетте көтерілістің бәрі де соның атымен аталғанды. Ол соғыс ісімен әбден жете таныс, шебер ұйымдастырушы және ке-терілісшілердің арасында үлкен беделді адам болды. Эссекс пен Кенттің үлкен екі отрядтарымен шаруалар Лондонға таяп келіп жетті. Олардың мақеаты II Ричардпен кездесіп одан шаруалардың хал-жайын жеңілдетуді өтіну болған еді. Шаруалардың басым көпшілігі «Қайырымды корольге» сеніп, өздерінің бастарына түскен бәле-жаланың бәрін де оның ақымақ советниктерінен көретін еді. Мэрдің берген жарлығына қарамастан қала кедейлері көтерілісшілердің алдындағы қақпаларды жаптыртпады. Лондонға кіргеннен кейін шаруалар халықтың ең жексұрын дұшпандары — корольдің советниктерінің үйлерін өртеп қиратты және түрмелерді талқандап, тұтқындарды босатып жіберді. Лондон шаруалардың билігіне алынып, іс жүзінде ко-роль олардың тұтқыны болып шықты. Шаруалар халықтың ете-мөте жек көретін вельмождарын, соның ішінде ағылшын шіркеуінің бастығы және сонымен қатар Англияның канцлері архиепископ Кентерберийский Садбериді «опасыздар» ретіңде елім жазасына тартты. Шаруалар корольмен алғаш рет Майл-Эндте кездесті. Олар корольге «Майл-Энд программасы» деп атақ алған талаптар қойды. Олар корольдің алдына крепостнойлықты және барщиналықты жойып, біркелкі төмендеу ақшалы рента (акрадан 4 пенс) орнатып Англияның барлық қалалары мен селолық жерлерінде сауда бостандығын беру және бүкіл кетерілісшілерге кешірім жариялау талаптарын қойды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Құс шаруашылығын дамыту

Кіріспе
Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Жаңа тас дәуірінің шаруашылығы мен мәдениеті

Кіріспе
Бұдан екі ғасыр бұрын адамзат танымы 3000 жылдық тарихпен ғана шектелген болса, қазіргі заманда тарих аясы анағұрлым кеңейе түсті. Осы күнгі ғылымнық соқғы жақалықтарына жүгінсек, адам баласы жер бетінде 2 млн. жыл бұрын пайда болған. Ал жазу адам жаратылысынан анағұрлым кеш және кейбір елдерде ғана, мысалы, Египет (Мысыр) пен Месопотамияда б. з-дан 3 мық жылға жуық бұрын, Қазақстан жерінде б. з-дан бұрынғы IV ғасырда, Франция жерінде б. з-дан бұрынғы 60-жылдары пайда болған. Бұл деректерді тарихты материалдық ес-керткіштер арқылы зерттейтін археология ғылымы ашқан. XVIII—XIX ғасырларда Египеттен, Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығынан, Жерорта теңізінің жағалауынан және тағы басқа жерлерден табылған көненің көздері дүние жүзін дүр сілкіндірді. Бұл көненің көздері деп отырғанымыз перғауындар дәуірінен қалған пирамидалар, сына жа-зумен жазылған Ниневия кітаптары, күлге көмілген ежелгі Геркуланум, Помпей сияқты қалалар және сақтар мен скифтердіқ алтыннан жасалған бұйымдары еді. Осылардың бәрі археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде белгілі болды. Археология гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ең жасының бірі. Соған орай тарих ғылымының көлемі мен мазмұны да өзгеріске ұшырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жургізу — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет кәрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғам¬дық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізу қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қаржы жұмысын жүргізуші мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмір суруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Кәсіпорындағы шаруашылық қаржы жұмысын жүргізуші ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономикалық қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУДІҢ АКЦИОНЕРЛІК ФОРМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады.
Елімізде акционерлік қатынастардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің екінші этабын жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да жаңа қарқынға ие болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары

Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты ретінде қазіргі күнгі Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму жолдарын талдау көзделіп отыр. Мұндай мақсатқа коммерциялық банкте тұтынушылық несиелендіру жөніндегі қалыптасқан көзқарастарды және оны арттыруға бағытталған іс-шараларды жүйеге келтіру қажеттілігінен туындап отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0