Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті Сабақ тақырыбы: Иінтіректің тепе- теңдік шарты Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7. 2.4.3 тепе-теңдік жағдайда тұрған дене үшін күш моменттері ережесін тұжырымдау және есептер шығару Сабақ мақсаты: Иінтіректің тепе- теңдік шартын түсіндіру Күш моменттері ережесін тұжырымдау Күш моменттері ережесін қолданып есептер шығару.....
Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының 1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды. .....
Қазақстанда картоп тұқым жүйесі үш буыннан тұрады. Біріншісі, ғылыми мекемелердің биотехнология лабораторияларында, картоптың ең жоғары өсу нүктесі меристема бөлігі арқылы вирус, бактерия саңырауқұлақ ауруларынан таза, супер-супер элита тұқымын алу. Екіншісі, элита өсіретін шаруашылықтар картоптың аудандастырылған сорттарын көбейтіп, сол облыстың барлық картоп өндіретін шаруашылықтарына сатып отырады. Үшіншісі, сол картоп өндіретін шаруашылықтың өзіне керекті тұқым өндіретін танаптары. Өндірістегі картоп тұқымының дер кезінде ауысып отыруын қадағалау үшін, ғылыми мекемелер жобалаған және ауьш шаруашылығы министрлігі бекіткен тұқым жүйесін іске асырып отыру Ғылыми негізделген мөлшер бойынша, жан басына 90 кг-нан шаққанда, Казақстанда бір жыдда 2300 мың тонна шамасында картоп өндіру керек. Орта есеппен жылына 200 мың га жерге картоп егілгенде, оған 800 мың тонна картоп тұқымы қажет. Қазақстандағы картоп тұқымы жүйесінде, тұқымын уақытында ауыстыру үшін 980 мың меристема өсімдігі, 14 мың тонна элита картобы керек. Осы жүйе бойынша азықтық картоп егілген танапқа, жыл сайын картоп тұқымының 4-репродукциясы егіліп отырады. Себебі, көп жылдық мәліметтер көрсеткендей, Қазақстанда аудандастырылған картоп сорттарының 5-6 репродукциялары тұқымдық сапасын жоғалтып, өнімді өте аз береді. Вирус ауруларын асқыңцырмас үшін кейбір мемлекеттер (Голландия, Германия) азықтық картоп өсетін танапқа тұқымдық картоптың 2-ші репродукциясын пайдаланады. Ол үшін картоп өнімі өте жоғары және тұқым өндіру деңгейі сапалы болуы керек: Ауа-райы қолайлы, вирус аурулары көп тарамаған аудандарда картоп тұқымын 4-5 жылда бір ауыстыруға болады. Қазақстанда калыптасқан тұқым өсіру жүйесі бойынша, картоп тұқымын 3-4 жылда бір ауыстыру тиімді. Қазақстанда картоп тұқымын өсіретін облыстар 3 топқа бөлінеді: 1-топқа тұқымдық жүйе толық ғылыми жолға қойылған. Биотехнологиялық лабораториялары бар, ауа-райы картоп өсімдігіне қолайлы облыстар: Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Казаақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Казақстан. 2-топ картоп тұқымын таулы жерде өсіретін Алматы облысы. 3-бұл топқа азықтық картопты өздері егу үшін тұқымды басқа облыстардан тасымалдайтын облыстар: Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда Маңғыстау. Тұқымдық картоп өсіру мәселесі толық жүйеге қойылған облыстарда тұқым өндіру мынандай сатылардан тұрады: 1. Ғылыми-зерттеу мекемелерінің лабораторияларында картопты биотехнологиялық әдіспен вирус, бактеря және саңырауқұлақ ауруларынан сауықгыру супер-суперэлита өсіру. 2. Элита өсіру және сапасын бақылау. 3. Азықтық картоп өндіретін шаруашылықтардың тұқымдық танаптары....
Сайран салам сағынышпен келем де, Қарлығаштар айналады төбемде. Қырымнан да, Римнен де артықсың, Сенен ыстық жер жоқ маған әлемде. Баладай пәк бауырың да, досың да, Бауырыңа бас, шұрқырасып қосыл да.......
Бүгін және «Шаруа күні» деген мейрам еді. Жақсы өсірілген шаруа өніміне өкімет бүгін бәйге бермек.
Әркім-ақ өз шаруасының бір-бір нұсқасын алып келіп, көрмеге қойған. Көрген комиссиялар барлығын жазып- сызып, үлгілі шаруаның алдыңғы бәйгесі мен мақтау қағазын Бадыраққа тағы әкеліп берді.
Жұрт жалпағынан құттықтап жатыр.
Бұларға Бадырақ пен Жеңсік ақ шатырдың астында тұрып, бас иіп ризашылығын білдіреді. Дәл осы кезде Бадырақтың көңілі тасқындап кетіп жан-жағына қарады.
Айналаның бәрі де қалалы қазақ шаруасы. Жұрттың бәрінің өзің ажарлы, киім киісі салтанатты. Біреуден біреудің дәулет артықшылығы жоқ секілді. Баяғы «бай, жалшы» дейтін қазақ ұғымы мұнда жоқ. Бәйгеден келген екі аттың үстіндегі екі пионер немересі жұртқа көсемдік қылып тұр. Қуанышқа кенелген Жеңсігі қасында, автомобилі астында.
Осыны көріп Бадырақтың көңілі тау суындай тасып кетті. Жүрегі ойнақтап тайдай тулады. Өткен бұлдыр күннің азабынан жүректің түкпіріне бұғып қатқан шер-мұңы босанып, бусанып, тас балқып, мұз жібіткендей болды. Өмірдегі бейнет теперішінде темірленген денелерде сіңірлер сықырлап жұмсарып, кедейлікте кепкен жүйкенің жүйесі босады.
Тасқындаған жүректің әлегімен алапты шарасынан алған екі ескі көз жаутаң қағып, кірпіктен қуаныш әсерімен жылым жас жерге төгіліп-төгіліп кетті.
Бұл жас біріншіден — өмірдегі денеде қалған жан жарасының ертедегі езгіндігінің шайындысы еді.
Екіншіден — жаңа дәуірдегі дәулетке тасыған жүректің тамшысымен көпірген көңілдің көбігі еді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының бірден-бір маңызды басымдығы болып табылады. Агроөнеркәсіп кешені – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және Республикамыздың тұрғындарының жартсына жуығының тұрмыс жағдайына тікелей әсері бар экономикамыздың аса маңызды салаларының бірінен саналады. Қазақстан халқының 47%-ы ауылдық жерлерде өмір сүреді. Еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 1/3-і аграрлық салада еңбек етеді. Мемлекетіміздің жалпы өнімінің 5,3%-ы аграрлық сектордың үлесіне тиесілі. Соңғы бес жыл ішінді ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемінің өсімі орта есеппен жыл сайын 4%-ды құрап отырды. 2009 жылы ауыл шаруашылығы өндірген жалпы өнім көлемі 1трлн. теңгеден асып, 1386,9 млрд. теңгеге жетті. Оның ішінде егіншілік саласында өнім көлемі 829,3 млрд. теңге, мал шаруашылығында 557,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі тиісінше 113,2 және 102,6%-ға тең болды. 2009 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,6 трлн. теңгеден асты. Қазір еліміздің астық өндірушілері өнімдерін сақтау мен өткізуде күрделі қиындықтарға тап болып отыр. Міне, осы проблемаларды шешу мақсатында еліміздің агроөнеркәсіп кешенін 2010-2014 жылдар аралығында дамытудың стратегиялық жоспарында кешенді шаралар қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешенінің 2010-2014 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген кешенді шараларды іс жүзіне асыру аграрлық саланы әртараптандыру үрдісін қорытындылап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа сапалық деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді. Оның бүгінгі жаппай жаһандану дәуіріндегі бәсекелестікке қабілетін шыңдап, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ішкі азық-түлік рыногындағы тұрақтылықты нығайтып, еліміздің экспорттық әлеуметін арттырады. Ал, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында (6-ақпан, 2008 жыл) дамудың жаңа кезеңі, ол агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. ... Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде жіне тұсатай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарымымен жауап беретініне сенімдімін. … елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту керек… … Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет…» деп атап өтті. ....
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкелiп соққан немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн, халықты едәуiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкiн авария, зiлзала немесе апат салдарынан белгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, iндеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң және ормандардың кеселдерi мен зиянкестерi арқылы зақымдануын туғызған төтенше жағдайлар.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсiп, көлiк авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық жағынан қауiптi заттарды тарататын (тарату қаупi бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердiң бұзылуы, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр-энергетика және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авария ту .....
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де арасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды, сондықтан бұған дейін ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халқына жолдауында «… кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет. ....