Географиядан сабақ жоспары: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері Адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.2.5 климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді (жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде)
8.3.2.6 адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
Сабақ мақсаттары: климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсерін анықтайды
адамзат әрекетінің атмосфера мен климатқа тигізетін кері әсерін топтастырып, шешу жолдарын ұсынады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі

Арал ауданында қалыптасқан жалпы қолайсыз экологиялық және әлеуметтік-экономикалық әл-ахуал барлығымызға мәлім. Арал теңізі орталық Азияның континенттік ішкі су қоймасы ретінде экономикалық маңызды толығымен жоғалып бара жатқандығы туралы берік және жалпыға ортақ әсер қалыптасты. Арал экологиялық апаты аясында: Сырдария мен Амудария ағысын реттеу (жалпы судың теңізге құйылуының тоқтатылуы), теңіз суы тұздылығының 6-8 промильден 25-35 промильге (2/1 литр) күрт артуы, Арал теңізінің «Үлкен» (тұздылығы 60-80 промильге дейін) және «Кіші» (тұздылығы 30 промильге дейін) Арал деп аталатын екі су айдынына бөлінуі, жағалаулардың шөлге айналуының үдеуі және т.б. көріністер орын алды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық бактериологиялық жағдайын зерттеу

1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487,3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253,8 мың бас. Яғни 233,5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы – 1170,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 1124,2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087,8 мың. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар.
«Келешектің иесі-жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді»-деп И.С.Кони айтпақшы, қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім-қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі-адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғышарты-білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Тіршілік қауіпсіздігі | Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру кезіндегі еңбек қорғау шараларын өңдеу

КІРІСПЕ
Қазақстандағы минералды ресурстарды табу және қайта өңдеу ұзақ уақыт бойы экологиялық салдарсыз және табиғатты қорғау саясатынсыз жүзеге асырылып келді. Бұл жағдайда ауаның ластануының түрлі көздеріндегі зиянды заттардың қалдықтары үлкен мәнге ие болды. Мысалы 1988 ж. бұрынғы Кеңес Одағында ластанудың стационарлық көздерінен болған қалдықтар 5,4 млн.т. құрады. Аудандардағы таукен өндірісі комбинаттарының қарқынды әркеттерінен жер қыртысы, жер үсті және жер асты сулары ластанды. Ауа бассейнінің ластануымен қатар пайдалы кендердің құнды компоненттерінің де жойылуына әкелді.
Соңғы кезекте мұның бәрі адамның денаулығына кері әсерін тигізетінін де көрсетуіміз керек. Осы болжамға байланысты және ластану көздерінің шаң бөліну қарқындылығын анықтау, таукен өндірісі және құрылыс кешендеріндегі шаңмен күресу шараларын ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады. Түрлі көздердің шаң бөліну қарқындылығын дұрыс анықтау тиімді құралдар мен шаңды басу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның ластануымен күресу, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту да маңызды мәселе болып қала береді.
Жұмыста ұсақтау-сұрыптау фабрикаларындағы қайта тиеу желілерінен шаңның шектеулі-мүмкін болатын концентрациясына дейінгі шаң бөлінуді төмендетудің тәсілдері мен құралдары қарастырылады.
Үгітілген материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты үгітудің түрлі кезеңдері үшін соңғы пайдаланыммен шаңды сору құралдары жасалған.
Берілген жұмыста ДСК бойынша бұзылған кен массаларының физика-химиялық қасиеттері есебінде ҚазҰТУ және ҚазБСҚА-да келтірілген шаңды сорудың құралдары мен тиімді тәсілдерін зерттеудің қорытындыларын жалпылауға талпыныс жасалған.
Теориялық және техникалық әзірлемелер таукен және құрылыс өндірісінде жұмыс істейтін инженерлік-техникалық білімі бар жұмысшылардың, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен аспиранттардың қызығушылығын тудырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ветеринариялық санитариялық шараларда пробиотиктерді қолданудың тиімділігін анықтау

Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1]. Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланад ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құстың Ньюкасл ауруын балау және күресу шаралары

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
«Жаңа он жыaладық – жаңа экономaикалық өaрлеу –Қазақстанaның жаңа мүмкінaдіктері» атaты жолдауaында Елaбасы Н.Ә. Назарaбаев ауыл шаруашaылық өндіaтік кешеaнін дамытaуға, еңaбаек өнімдіaлігін артaтыру арқaылы ауыл шаруашaaылығы өнімдaерін төaрт есеaге жауaық жоғарaлатуға көaңіл бөліaнетіндігі айaaтылған.
Респуaблаикамызда мал шаруаaшлаығының маңaызы өте зор, сеaбебі ол халқaымыздың ежеaaледен кеaле жатaқаaн саласы. Маладaан алыaaнаатын таағамдық өнімaдер саны мен сапасы жағaынaан халқымaыздың өскелaең талабaын қанағатaтандыра алмай кеaледі. Бұл 90-шы жылдарaдағы мал басыaның күрт кемaуіне жәaне індетaті, инaвазиялық аурaуларадың әлі де кеaң таралуaына байланaысты.
Халаықты сапаeлы, биолeогиялық құндыeлығы жоғаeры тағамдeық өніeмдераамен қамтаeмасыз ету, мемлекеaттің алдынeда тұрeған аса жауeапты міндетaтердің біeрі. Осы міндетaтерді орынaдау барысeында, атқаaрылып жатқан іс-шаeралар да аз емес. Ол мал басaының артaуы, ет, сүт, жүн т.б өнімдерінің, шикізатeтарының сапасaының жоғарeылауы және т.б. Сонаaымен қатар мал арасынeда жұқаeпалы аурeулар да азаяр емес.
Қазeіргі кеaзеңедегі құс шаруаeшылықатарынeдағы өзгерісeтер құс басының көп мөлшерде шоғeыралануы және өндірістік процесестердің кең көлемде механeикаландыру және автомeататандыруымен сипатталeды. Құстардың өте көп шоғырландырып ұстeау, этиоeлогиялық заңдыaлықатардың бұзылуына, стрессeтік жағдаeйдың дамуына және басқа қоaлайсыз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0