Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология Сабақ тақырыбы: Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау Сабақ мақсаттары: - өнеркәсіптік биотехнология әдістері бойынша алынған өнімдерді зерттейді; - ағзаларды биотехнологияда қолданудың кейбір аспектілері және мысалдарымен танысады; - тірі ағзаларды биотехнологияда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды......
Қазақстандағы минералды ресурстарды табу және қайта өңдеу ұзақ уақыт бойы экологиялық салдарсыз және табиғатты қорғау саясатынсыз жүзеге асырылып келді. Бұл жағдайда ауаның ластануының түрлі көздеріндегі зиянды заттардың қалдықтары үлкен мәнге ие болды. Мысалы 1988 ж. бұрынғы Кеңес Одағында ластанудың стационарлық көздерінен болған қалдықтар 5,4 млн.т. құрады. Аудандардағы таукен өндірісі комбинаттарының қарқынды әркеттерінен жер қыртысы, жер үсті және жер асты сулары ластанды. Ауа бассейнінің ластануымен қатар пайдалы кендердің құнды компоненттерінің де жойылуына әкелді. Соңғы кезекте мұның бәрі адамның денаулығына кері әсерін тигізетінін де көрсетуіміз керек. Осы болжамға байланысты және ластану көздерінің шаң бөліну қарқындылығын анықтау, таукен өндірісі және құрылыс кешендеріндегі шаңмен күресу шараларын ұйымдастыру маңызды мәселе болып табылады. Түрлі көздердің шаң бөліну қарқындылығын дұрыс анықтау тиімді құралдар мен шаңды басу тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның ластануымен күресу, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарту да маңызды мәселе болып қала береді. Жұмыста ұсақтау-сұрыптау фабрикаларындағы қайта тиеу желілерінен шаңның шектеулі-мүмкін болатын концентрациясына дейінгі шаң бөлінуді төмендетудің тәсілдері мен құралдары қарастырылады. Үгітілген материалдардың физика-механикалық қасиеттеріне байланысты үгітудің түрлі кезеңдері үшін соңғы пайдаланыммен шаңды сору құралдары жасалған. Берілген жұмыста ДСК бойынша бұзылған кен массаларының физика-химиялық қасиеттері есебінде ҚазҰТУ және ҚазБСҚА-да келтірілген шаңды сорудың құралдары мен тиімді тәсілдерін зерттеудің қорытындыларын жалпылауға талпыныс жасалған. Теориялық және техникалық әзірлемелер таукен және құрылыс өндірісінде жұмыс істейтін инженерлік-техникалық білімі бар жұмысшылардың, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер мен аспиранттардың қызығушылығын тудырады. ....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың барлық кезеңінде нарықтық құрылымдардың негізгі буыны – кәсіпорындарға жеткіліксіз көңіл бөлінгендігі анық. Қаржылық тұрақтылық пен ырықтандырудың жоғары дәрежесі жағдайларында экономикалық өсуге кәсіпорындар деңгейінде нарықтық өзгерістердің баяу үрдісі кедергі болады. Кәсіпорындардың нарықтық құрылымдардың негізі ретінде, тиімді қызмет етуіне даму стратегиясының болмауы мен қысқа мерзімді нәтижелерге бағытталуы, нарық конъюктурасын жеткілікті деңгейде білмегендігі, менеджменттің төмен деңгейі және басшылар мен мамандардың жеткіліксіз дайындығы кедергі жасайды. Сол себепті отандық кәсіпорындарды қайта құру мәселесі кәсіпорындардың құрылымдарын қайта қараудың теориялық негіздерін, технологиясы мен қаржылық тетіктерін белгілеуге себепші болады. Соңғы уақытта экономикалық әдебиеттерде аталған мәселелерді талдайтын және кәсіпорынды экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде көрсететін еңбектер пайда бола бастады. Қазі¬ргі даму кезеңінде кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету үшін экономикалық стратегияны қолдану өте маңызды. Экономикалық стратегияны жетілдірмей шаруашылық жүргізудің негізгі буыны-кәсіпорынды дамыту қиын. Сондықтан, кәсіпорынның экономикалық стратегиясындағы мәселелердің бәсекелестік және инновациялық тұрғыда шешуді қажетсінуі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түседі.....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Мал шаруашылығының ірі саласы - жылқы шаруашылығы. Жылқыны қазақ даласында мол өсіруге толық мүмкіншілік бар. Өйткені жылқы малын қой шаруашылығымен үйлесімді дамытудың маңызы зор. Ол әсіресе ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын орман-тоғайлар, өзен-көл жағалары, шөл және шөлейтті далалар мен жайылымдарда өсіруге өте қолайлы. Сондай-ақ, дәнді дақылдар егілген жерлер, әсіресе еліміздің солтүстік өңіріндегі, егін орағынан кейін масақ, күзде шыққан балауса жасыл алшындар қыста жылқыны тебіндетуге жарайды. Жылқыны қолда ұстап баңқанда оларға азық ретінде берілетін жемазық дақылдар қаншама. Жоғарыда айтылған жылқы малын өсіруге қолайлы жағдайлармен бірге жылқыдан алынатын шикізат өнімдері (ет, сүт, қазы-қарта, қыл, қымыз, т.б.) халықтың азың-түлік өнер-кәсіптік шикізат жөніндегі өскелең қажеттіліктерін толық қанағаттандырушы, әрі жылқы көлік малы. Қазақ елінде кең тараған ат ойындары, ат спорты (жастарды шеберлікке, батылдыңқа, жылдамдықңа, ыңшам-дылыңқа баулитынын ескерсек), жылқы малының халың шаруашылығындағы маңызы арта түседі. Мал шарушылығынан мол да сапалы өнім алуда күшті ықпал ететін ең негізгі жұмыстардың бірі-мал дәрігерлік қызмет процестерін механикаландыру болып табылады. Бірақ, өкінішке орай, бұған қажетті құрал- саймандар машина жасайтын өнеркәсіп орындары өте аз шығарылады, кейбір механизмдерді мүлде шығармайды. Оның себебі – сондай механизмдерді ғылми түрде зерттеп,техникалық деректерін мал дәрігерлік талаптарға сай келтіретін ғылми – зерттеу мекемелері еліміз бойынша өте аз, ал механизмдердің техникалық құжаттарын жасайтын арнаулы конструкторлық бюро мүлде жоқ. Осының салдарынан (мал шаруашылығының басқа салаларымен салыстырғанда) мал дәрігерлік жұмыстарды механикаландыру артта қалып отыр. Мал дәрігерлік жұмыстарды дұрыс жолға қоюда бұл процестерді кешенді механикаландырып, одан әрі автоматтандырудың өте зор маңызы бар. Мал шаруашылығын мамандандыру және малды кешендер мен өнеркәсіптік типтегі шаруашылықтарда шоғырландыру өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандатумен бірге, оның сапасын да жақсартатын шаралар болып табылады [1]. ....
Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.
Апат немесе зілзәлә нәубәті ауданында эпидемиялық ошақта бірінші инфекция көзін жалпы берілу факторы болса анықтау қиын, яғни эпид. процесстің бірінші звеносы болмайды, зақымдану көздері анықталмайды, тек қана берілу жолы пайда болады. Жұқпалы ауруларда "жарылыс” болады, содан кейін ғана эпидемия "соңын” науқаспен қатынаста болғандарды зақымдайды, тұрғындар тығыз орналасқан жерде, жанұяда, жұмыста, құтқарушылар арасында, науқастар мен зақымданғандарды көшіру жолында зақымдайды. .....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 1 сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.1 - қазақтардың этникалық құрылымын сипаттау үшін «ру», «тайпа », «жүз», «ата-жұрт», «ата-мекен» ұғымдарын пайдалану Сабақ мақсаты: Көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасуы мен рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіну......