Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Оқу құралдары хикаясы

Педагог оқу іс - әрекетін жұмбақ жасырудан бастайды:
Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың үясы. (Мектеп)
Ұшымен қазық торкөзді жазық
Үстінен өттім асыл сөз жазып. (Дәптер)
Қыркүйек айында балалар мектепке барады. Сабақ оқиды. Ол үшін балаларға не қажет деп ойлайсыңдар? Ендеше бүгінгі тақырып «Оқу құралдары хикаясы».
Дәптермен жұмыс: А. Хамзаұлының «Оқу құралдары хикаясы» ертегісімен таныстыру.
- Жанатбек биыл қайда барады?
- Анасы ұлына қандай оқу құралдарын сатып әперді?
- Жанатбек дәптерді қалай былғады?
- Қалам, дәптерлер неге ренжісті?
- Атасы немересін қайда апарды?
- Мұғалім Жанатбекке не берді?
- Жанатбек кітаптарды қайда салды?
- Кітап достарына қандай ақыл айтты?
- Кітаптың айтқаны дұрыс па?
- Сендер қалай ойлайсыңдар, Жанатбектің жасаған қылығы дұрыс па?
Сергіту сәті: .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Әңгіме: Агата Кристи | Египет зиратының хикаясы


Әрдайым Пуаро екеуміз бастан өткерген жан түршіктіретін сан оқиғаның ішіндегі ең сұмдығы Мен-хер-Ра патшаның зираты табылып, алғаш қазыла бастаған кезде бірінен соң бірі іле-шала опат болған бір топ адамның ісін тергеген кезіміз болар деп ойлаймын.

Лорд Карнарвон Тутан-хамонның зиратын ашқаннан соң, көп ұзамай-ақ Сэр Джон Уиллард пен Нью-Йорктық Блайнер мырза Каир қаласынан онша қашық емес жердегі Гизе Пирамидаларының маңайында қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын. Күтпеген жерден олар бір топ бейітке тап болды. Бұл көптің назарын аударған үлкен жаңалық еді. Ашылған Мен-хер-Ра дейтін патшаның зираты болып шықты. Мен-хер-Ра байырғы патшалық дәуірі өтіп, ыдырай бастаған кезінде билік еткен, Сегізінші Династияға кіретін, тарихта ұмыт қалған патшалардың бірі болатын.

Тарихтың осы тұсы көмескілеу қалғандықтан газеттер ашылған жаңалық жайлы жан-жақты жаза бастады.

Көп ұзамай көпшіліктің назарын аударған бір уақиға сап ете қалды. Аяқ астынан жүрек ауруынан Сэр Джон Уиллард қайтыс болды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0