Осыдан жеті жыл бұрын. Маусым айының он жетісі. Жайма шуақ күннің елесі де көрінбейді. Аспан қара-сұр түске боялып, жаңбыр тоқтамастан нөсерлетіп, құйып жатыр. Мен бар жоғы тоғыз жаста едім. Біздің үйіміздің дәл жанында орналасқан 304-пәтердің арғы жағындағы ащы зар қатты әсер еткен болуы керек, әлі күнге дейін есімнен кетер емес. Бұл үйде ұзын бойлы, қолы ашық, жүрегі таза еркек, иманды, өзгелерге тек жақсылық ойлайтын, күннің сәулесіндей шуағын шашып жүретін қамқор әрі мейірімді әйел, тәрбиелі, үріп ауызға салғандай сұлу, ақылы көркіне сай қыздары - Айманмен үшеуі тұрушы еді. Міне, бүгін ошақтың ұйытқысы болып отырған – аяулы жар, қамқор ана о дүниеге аттанды. Содан бері үш жыл өтті. Айман екеуміздің арамыз жеті жас болса да құрбы едік. Қазір оның көзінен бұрынғыдай ұшқынды, бойынан бұрынғыдай сенімділікті байқай алмайсың. Анасының қазасынан кейін ашылып та сөйлемейді, үйінен де көп шықпайды. Жер басып жүруінің бір-ақ себебі бар. Ол - әкесі. Айманның орнына өзімді қойып көргем, сондықтан оның не ойлап, не сезетіндігін жақсы білем. Десе де, жас қыздың күннен күнге шынайы өмірден алшақтап бара жатқандығын көру, жаныма ауыр тиуші еді......