Ол бүлдіршін қыз еді. Бес жасар кезі болар. Балалар бақшасынан қайтып келе жатқан жолында бір топ тентек жүгіріп келді де, арқалаған сумкасы мен әдемі шаш қысқышын тартып алды. Айналасынан қорғаныш таппаған балапандай шошынған. Сол сәтте бір ұл бала жүгіріп келді де, әлгі тентектермен төбелесе кетті. Шұрқырасқан топ жеңістеріне мәз болып, өз жөндеріне кетісімен әлгі ұл бала мұны жұбатты. Жәбір көрсе де, жыламапты. Қолынан жетелеп үйіне дейін жеткізген. Қорқыныш пен көзінен аққан жасқа ие бола алмай жүріп.....
Шиеленіске толы тағдырлар тоғысын бірнеше жыл бойы үнділермен қатар, басқа да әлем халықтары бақылап келді. «Богом данная» хикаясының бірінші маусымынан кейін ғаламторда картинаның бас кейіпкерлеріне арналған көптеген фан-клубтар, форумдар, әлеуметтік топтар пайда болды. Телекөрерменнің мұншалықты ыстық ықыласы «Еуразия» бірінші арнасының оны өз эфирінде көрсетуіне мұрындық болды.
Қазақстандықтар оны «Сүйген жар» деген атаумен тамашалайды. Басты кейіпкерлер ретінде таңдалған болливудтық жұлдыздардан (ред. еск. – Рубина Дилайк, Авинаш Сачдев, Хитен Теджвани, Приянка Мишра, Раджив Верма, Самта Сагар) басқа, телехикая эмоционалды және болжап болмас сюжетімен таңғалдырады. Мұнда барлығының жақсы.....