Әңгіме: Ахмет Байтұрсынұлы | Алаш қайраткерлерінің тіл мәселесі туралы жинақтарынан алынған материалдары

Емле туралы. (Қысқартылып басылды) Емле конференциясы қарсаңында.

Емле негізі 4 түрлі:

1) таңба жүйелі (негізі ынтымақ);

2) тарих жүйе- лі (негізі дағды);

3) туыс жүйелі (негізі тегіне қарай);

4) дыбыс жүйелі (негізі естілуіне қарай).

1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағ- дыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қол- данылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Түркі тілдері

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады. Тілдегі осындай сөз таптарының бірі – шылаулар. Шылау сөз табы атауыш сөздерден кейін қалыптасқан деген пікірдің бары шындық. Бірақ мұның дәрежелік деңгейі әлі зерттеуді қажет етеді. Жалпы көне түркі тілдеріндегі шылаулардың мәнін ашып, табиғатын тану, жүйелі анықтамалар мен дәлелді тұжырымдар жасау зерттеушілер тарапынан белгілі бір мөлшерде жүйеленген. Бүгінде көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі жаззба ескерткіштер тіліндегі шылаулардың пайда болуы мен қалыптасуы, даму факторлары мен үрдісі, тарихи құрамы мен лексика – грамматикалық мағыналары, сонымен қатар өзге сөз таптарының шылаулануы және синтаксистік қасиеттері лингвистикалық тұрғыдан бағаланбақ. Көне түркі тіліндегі шылаулардың орнын белгілеу қажет.
Зерттеу нысаны. Көне түркі тілінде жазылған жазба ескерткіштері «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» газет материалдары.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипатын қарастыру.
Көрсетілген мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу жөн деп есептедім.
- Шылаулардың қалыптасу тарихын анықтау.
- Көне түркі тіліндегі шылау сөз табының мағыналық түрлерін ажырату.
- Көне түркі тіліндегі шылауларды қазіргі қазақ тілі шылауларымен салыстыру.
- Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексикалық, грамматикалық мағыналарын саралау.
Жұмыстың жаңашылдығы. Шылаулану - өзге сөз таптарының шылаулар қатырына ауысуын білдіретін бірден – бір процесс. Шылаулану үрдісі көне дәуірде емес, одан әрірек болған да, категориялық мағынада топтасуы Орхон – Енисей жазбаларынан басталады. Бұл құбылысқа ғылымда жіті зер салынбай транспозициялық тәсілдің конверсия құбылысы анайы түрде айтылып, сөздердің грамматикалық формалары арқылы лексикалануы семантикалық мағынаның өзгеруі сияқты мәселелер толығымен қамтылмай келді. Сонымен қатар көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксисі де тіл білімінде өзін таныта алған жоқ. Осы мәселелер жұмыста шешімін табады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | ХАЛЫҚТЫҢ ӘРТҮРЛІ КАТЕГОРИЯЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Адам жөнінде қамқорлықтың өсуі, оны әлеуметтік қорғау тек этикалық-моральдық пайымдардың ғана бұйрығы емес, сонымен бірге оның прагматикалық негізі де бар, өйткені XXI ғ. «адам капиталының» ролі экономикалық өсудің басты қозғаушы күші ретінде шырқау биікке көтерілді. 192 елдің ұлттық байлықтарының талдауына сүйене отырып, Дүниежүзілік банктің сарапшылары 90-шы жылдардың орта шенінде өндірістік қорлардың үлесіне ұлттық байлықтың 16 %, табиғи қорларға – 20 %, «адам капиталына» 64 %-ы тигенін есептеп шығарды.
Әлемде орасан зор әлеуметтік жұмыс тәжірибесі жиналған, оның ішінде көрсетілген халық тобымен де. Бұл салада отандық тәжірибе де аз емес. Қазіргі кезеңде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгерді, әлеуметтік қарам-қатынасының өршу үрдісі ойлануды, жалпылама талдауды қажет етеді. Тұрғындармен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымдамасын, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыс жүргізуде ұйымдардың түсінікті әрі сенімді тәсілдерді жасау қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жанды табиғат
Тақырыбы: № 12-сабақ. Пайымдау мәтінін құраймын
Оқу мақсаты: 3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу.
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Оқушылардың көбі:
-жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып мәтін құрап жаза алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.
Оқушылардың кейбірі:
-жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып мәтін құрап жаза алады;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері

Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталды. Адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға өтуді іске асырып отырған бұрынғы социалистік елдер мен республикалар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің оптималды үлгісін және тағы басқа негізгі кезеңдерді ескеретін халық шаруашылығын реформалаудың өзіндік әдісін жасау қажет болды.
Біздің еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ұқсатымдылық талғам және сән (5 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Киіну. Сән. Талғам.
Сабақ тақырыбы: Ұқсатымдылық, талғам және сән
Сабақтың оқу мақсаттары: О6 Оқылым стратегияларын қолдану. Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Сабақтың мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтіннің жалпы мазмұнын толық түсінеді;
Оқушылардың көпшілігі:
Мәтінді тез және тиімді оқып түсіну, керек ақпаратты жылдам тауып, өңдей алады;
Оқушылардың кейбіреуі:
Мәтінді тиімді оқып-білу жолын меңгереді;
Астарлы ойдағы маңызды ақпаратты креативті жеткізіп, дербес ой білдіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәні

Кіріспе
Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмді сипаттау№2 (1 сынып, 3 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім
Сабақтың тақырыбы:Фильмді сипаттау№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.5 Медиақұралдар арқылы тіл дамыту
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды
4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу
1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Қарапайым фильмдерді көреді, түсінеді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Көбі: Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап береді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
Кейбірі: Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өмірбаян оқу (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Өмірбаян оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Көптеген оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Кейбір оқушылар: оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданып сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың құрметті азаматтары (1-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Берілген мәтіндер негізінде тақырыпқа сай мінездеме құрастырып жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0