Шығарма: Сүйікті пәнім - Ана тілі!

Мен алты жасқа толдым, енді мектепке барамын, мына кітаптардың барлығын оқимын деп алғашында қуанышым қойныма сыймай сол күнді қатты асыға күттім. Бірақ та кітаптарды ашып көріп, оның ішіндегі суреттерге қайта-қайта қарап, анашым мына кітаптардың барлығын оқимыз ба? Оңай бола ма? деген сұрақтар күнде мені мазалай бастады.
... Алғашқы қоңырау, қолыма бір шоқ гүл алып мектепке әжеммен бірге бардық, бәрі де қызықты, бәрі де көңілді болды. Алғашқы ұстазымды көрдім. Ұстаз маған, Қадамың құтты болсын! деп басымнан сипады. Сыныпқа келдік, қолымда әліппе кітабы. Екінші күннен бастап сабақ басталып кетті........
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бос уақыт туралы оқу және фильм көру №1 (2 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Өзім туралы»
Сабақ тақырыбы:Бос уақыт туралы оқу және фильм көру. №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды; тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды мұғалімнің көмегімен түсінеді.
Көптеген оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді мұғалімнің көмегімен анықтайды;тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді.
Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді өз бетінше анықтайды;тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-сабақ Уақыт туралы не білемін (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;
3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың көбі:
- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.
Оқушылардың кейбірі:
- сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
- болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Науырзым қорығы) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер(Науырзым қорығы)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.4.2.1. Орфоэпиялық норма
Сабақтың мақсаттары: Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Классикалық музыка (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Классикалық музыка
Оқу мақсаттары: О8.2.7.1 - ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• Әртүрлі дереккөздерінен алынған ақпараттарға сілтеме жасау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы

Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяхат Көлік – оқылым (3-сабақ) (1 сынып, 5 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5
Сабақ тақырыбы:Саяхат. Көлік – оқылым. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О 5 Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Үлкендердің және сыныптастарының көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Үлкендердің көмегі арқылы ақпараттарды таңдайды.
Кейбір оқушылар:
Өз бетінше ақпараттарды таңдайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №3 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жемістер мен көкөністер– оқылым №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.1 Сөз көлемі және сөздік қордың сан алуандылығы
1.2.1.1 Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұраққа жауап береді.
Көбі: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Кейбірі: Таныс сөздерді қолдана отырып, сұрақ құрастырады және сұраққа жауап береді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Абыл Тілеуұлы (1777 — 1864)

Абыл Тілеуұлы (1777, Маңғыстау — 1864, Маңғыстау, Қаратөбе) —ақын. Әкесінің есімі — Тілеу, атасының есімі — Өтембет.

Өмірбаяны
Абыл Тілеуұлы - 18 ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген бұрынғы ақын-жыраулардың дәстүрін жалғастырушылардың бірі, суырыпсалма-ақын. Ол Маңғыстауда туып-өсіп, бүкіл Атырау аймағына танылған ақын. Әкесі Тілеудің тұрмысы төмен болған.

Абыл Атырау аймағын, қарақалпақ, түрікмен елдерін аралап, өзі тұтас ақындармен өнер сайыстырған.

Шығармасы
Бұрын әдебиетте Абылдың «Арғымақ атта сын болмас», «Ескерту» дейтін толғаулары ғана мәлім болатын. Ғалым Қ.Сыдиықов 1965 жылы оның өмір жолын, тағы екі-үш толғауын Сәттіғұл ақыннан жазып алған. Абылдың табылған жырлар түгел дерлік 1967 жылы «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында», 1972 жылы «Ақберен» жинағында басылып шықты. Одан басқа Абылдың өлең, толғаулары “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1957), “Өсиет-нама” (1982), “19-ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1985), “Бес ғасыр жырлайды”, “Жыр-дария” (1995) жинақтарында жарияланған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азия:тарихи және географиялық аспектілер ұғымы (1 сабақ) (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Орталық Азия:тарихи және географиялық аспектілер ұғымы (1 сабақ)
Оқу мақсаты: 10.1.1.1-аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін «Орталық Азия» ұғымын қолдану
Оқу мақсаты: Орталық Азияның ерекшеліктерін сипаттайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0