Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7 (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді мәнерлеп оқиды, тақырыпқы қатысты сөздерді табады, сөздерді дұрыс жазады
Оқушылардың көпшілігі:
Сөйлеу барысында сөздерді орынды қолданады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды
Оқушылардың кейбірі:
Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады және сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды, жазуда каллиграфиялық нормаларға сай қатесіз жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты

Кіріспе
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері,ережелері мен қағидалары белгіленген,онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына,олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған. Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері,ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы тиіс.Басқаша айтқанда,есептік саясат-бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі. Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-құқықтық құжаттарда белгіленген. Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн: -кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы; -толассыз қызметі; -есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі; -шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№3 Табиғи қорыққа саяхат (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№3 Табиғи қорыққа саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Батыр туса-ел ырысы №3 (7 сынып, IV тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Батыр туса-ел ырысы
Сабақтың тақырыбы: Батыр туса-ел ырысы №3
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер); оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Тақырыпқа қатысты сөздерді түсінеді
Көптеген оқушылар
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді біледі
Кейбір оқушылар
Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын. (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері туралы өлең жолдарын құрастырамын.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба жұмыстар жазу
Сабақтың мақсаттары: 2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте қазақ тілін жаңа технология бойынша оқыту

Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра (6 сынып, I тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Әлемнің жеті кереметі
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жеті кереметінің бірі – домбыра
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
6.3.2.1. жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
 Ән тыңдап, мазмұнын түсінеді;
 тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап береді;
 шынайы өмірмен байланыстара алады;
 құттықтау хат құрастырып жазады;
 жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сақтап жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қонақжайлылық (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достығы
Сабақтың тақырыбы: Қонақжайлылық
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:Екі мәтіннің ерекшелігін, айырмашылығын біледі.
Көптеген оқушылар: Екі мәтін ерекшелігін,айырмашылығын, мақсатын ажырата алады.
Кейбір оқушылар:Стилін, жанрын, аудиториясын,тілдік ерекшелігіне талдай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жануарлар туралы әңгімелер оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Табиғат пен қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар туралы әңгімелер оқу
Оқу мақсаты: 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді;
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды;
Сабақ мақсаттары: Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. тауып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ханның тілсіз баласы

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол ханның жалғыз баласы болыпты. Баласының басқа шаруаға кемдігі жоқ, құлағы есітеді, көзі көреді, бірақ сөйлемейді, тілі жоқ. Хан жалғыз баласының тілі жоқтығына ішінен қайғырып, бір күні халқын жинап алып:

— Кімде-кім менің баламды сөйлетсе, мен сол кісіге өгіз тұлыппен алтын беремін. Жан-жаққа жар салып хабар шашты. Бір күні сол хабарды есітіп, бір қарт адам ханға келіпті. «Тақсыр хан, сенің шақырған хабарыңа келдім. Сен айтқан уағдаңда тұрсаң, мен балаңды сөйлетемін», – дейді. «Хан айтпайды, айтса айтқаннан қайтпайды деген қайда. Ханның сөзінде екілік болмайды. Баламды сөйлетсең, тағы да астыңа ат мінгізіп, үстіңе шапан кигіземін», – дейді. «Жақсы, олай болса, ел-жұртыңды жина. Мен айтатынымды сонда айтамын», – дейді. Хан: «Жақсы, болады», – деп, уәзірлерін, атарман, шабармандарын шақырып алып, жан-жаққа ат шаптыртып, халқын жияды. Хан халқын жинап алып......
Ертегілер
Толық
0 0