Бата-тілек: Ұл балаға бата

Жүсіптің дидарын берсін,
Мұхамбеттің иманын берсін,
Жанына даланың кеңдігін берсін,
Әзірет Әлидің ерлігін берсін.

Абылайдың байрағын берсін,
Бауыржан батырдың айбарын берсін!
Еліне ырыс - құт орнасын,
Жеріне тыныштық орнасын!

Өсек - аяңның құрбаны болмасын,
Озбырлардың шұлғауы болмасын!....
Баталар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Азаматтың құқықтық субъектілері

Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады. Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтақ құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Бата-тілек: Бекентайдың батасы

Әуелі Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Ғайып Ерен Қырық шілтен
Қолдаушың боп қорғасын.
Малың менен басыңа
Еш жамандық болмасын.
Бақыт берсін басыңа,
Береке берсін асыңа,
Келмесін дүшпан қасыңа.
Бата беруші біздерден болсын,
Қабылдаушы Құдайдан болсын.
Ішкенің адал болсын,
Айтқаның әділ болсын.....
Баталар
Толық
1 0

Өмірбаян: Бекболат Тілеухан Қанайұлы (1966 жылы 7 тамыз)

Бекболат Қанайұлы Тілеухан (7 тамыз 1966 жыл, Атасу кенті, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы) — әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсінің III және IV шақырылым депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті (2013 жылдың 24 желтоқсанынан бастап).

Білімі
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Директор сөзі (соңғы қоңырау 25 мамырға арналған құттықтау сөздері)

Қымбатты түлектер!
Құрметті ата аналар, ұстаздар және қонақтар!


Баршаңызды бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз.
Құрметті түлектер!
Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар.
Біз Сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу...
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері (XX ғ.аяғы - XXI ғ. басы)

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері /Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан/ өздерінің геосаяси және геоэкономикалық ерекшеліктеріне қарай әлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл ең алдымен өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен шарттасқан.
Орта Азия/ОА/ мемлекеттерінің дамуы үшін әлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды мәселе.
Бітіру жұмысының жұмысының өзектілігі, ең алдымен, Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі геосаяси жағдайымен тікелей байланысты. Геосаяси тұрғыдан алғанда, Түркияның Орталық Азияның бес мемлекеттерінде жетекші рөлге ие болуы және аймақтық дамудағы негізгі факторы ретінде қарастыруында. ОА – ның тәуелсіздік алғаннан кейінгі бүкіләлемдік қауымдастыққа кіру барысында шет елдермен дипломатиялық қатнастарды дамыту мәселелері үлкен өзектілікке ие болады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «әлемдік шаруашылық байланыстардың қазіргі заманғы даму бағыты «теңдік, ерікті жэне прагматикалық қызығушылық негізіндегі интеграционизм бұл - Еуразия үшін лайықты келешек, яғни тек сондай жағдайда гана ол XXI ғасырдағы әлемдік экономика мен саясаттың жаһандық факторы бола алады» деген болатын [1]. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы

Кіріспе
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты — халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер каржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0