Реферат: Биология | Көбеюі және дамуы Сүтқоректілердің көптүрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты: Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, сүтқоректілердің отрядтарының ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:1.Сүтқоректілер жайлы білімдерін толықтыру
2.Ойлау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3.Сүтқоректілердің отрядтарын сипаттай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:презентация «Сүтқоректілердің көптүрлілігі», Венн диаграммасы, кестелер, сызба, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Тілеумағанбетпен қоштасуы)

Тілеумағанбет Абыл ақынмен әрі ағайын, әрі қадірлес адам екен. Тілеумағанбет өліп, соған там тұрғызып жатырған кезде Абыл келеді. Ескерткіш біткесін, дұға оқып, қимас ағайынымен қайғыра қоштасыпты:
Жарылар – сегіз арыс .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Құттықтау - тілек: 14 Наурыз - Амал көрісу күні

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Бата-тілек: Құрбан айт батасы

А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ - береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі - шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын....
Баталар
Толық
1 0

Дипломдық жұмыс: Филология | Лингводидактикалық тестілеу

КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу орындарында қазақ тілін өзге тіл ретінде игеру деңгейін сертификаттау стандартын бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру деңгейін анықтай алатын бақылауды негіздеу.
Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін өзге тіл ретінде оқыту тәжірибесіне тесттік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер жүріп жатыр.
Соңғы жылдардағы бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі – оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен сыналушының өзге тілді игерудің нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия, Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде кеңінен қолданысқа енді.
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference, ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың, бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан [1,12].
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты білдіреді. Өткен жылдардағы тесттер – негізінен интуитивті немесе субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Технология | Жаңа технологиямен оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері

К і р і с п е
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми-техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағыт тануда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парагдигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі екі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Қазіргі заманның даму қарқынын мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың әр мұғалімі үнемі ізденіс үстіндегі ғалым-педагог болуы тиіс. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектілі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағыдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0