Жұмбақтар жауабымен: Ақша, сауда, есеп, таразы

Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек,
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,
Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек,
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.
Есепшот

Айнала қарағайдан тұр терегі,
Адамға ақыл қосса бар керегі.
Ол өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен сегіз келеді дөңгелегі.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық
58,5 -36,5

Мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз

Мұсылманшылық әсте-әсте,
Кәпір болу бір пәсте.
Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

Сайрамда бар сансыз баб.

Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.

Құран сөзі - Құдай сөзі.

Құдай қылғанды былай қылма.

А, Құдай! А, Қүдай!
Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!
Бұйырғанның белгісі.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша Құттықтау - тілек: 15 Сәуір - Ғашықтар & Махаббат күні (SMS)

Ғашықтар күні құтты болсын, аяулым! «Махаббат – дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Нұршайықов. Біз жеңіске бірге жетейік! Махаббат әрқашан аласармасын!

Шын сүйесiң бе? Онда сендердiң бірге қанша уақыт өткiзгендерiң маңызды емес, ол бәрiбiр саған аз боп көрiнедi. Таусылмайтын уақыттың өзеніне құяр сезім бұлағымыз да.....
Құттықтау сөздер мен тост тілектер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тау

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен
(Орынбай ақын).

Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.
Мақал-мәтелдер
Толық
53 -29

Қазақша шығарма: Мейірімділік

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі......
Шығармалар
Толық
39 -22

Жұмбақтар жауабымен: Қолөнер (ине, жіп, оймақ, қайшы, түйме, ұршық)

Зырлайды күшік әжемнің
Қолынан сүйек кеміріп,
Күн асқан сайын ақ күшік
Барады мүлде семіріп.
Ұршық

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ,
Бір ұрсаң шапалақпен семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.
Ұршық
Жұмбақтар жауабымен
Толық
59,5 -34,5

Қазақша шығарма: Білім керек бәріне

Білімнің кілті- мектепте. Сол себепті біздің екінші үйіміз- мектеп.

Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз санамызға жақсы сөздер жиып, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың......
Шығармалар
Толық
0 0

Әрбір әйел төсек қатынасында нені білуі керек?

Көпшілік білмейтін, түбіне тереңдемейтін, көп қозғалмайтын тақырыптар болады. Олар туралы айтуға бізде «тиым» салынған. Бірақ оны білу маңызды деп есептейміз. Яғни жыныстық қатынасқа байланысты ескере бермейтін дүниелерге бүгін тоқталғымыз келеді. Ол төсек ләззатының ұзағырақ созылуына ықпал етеді.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық
0 0