Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жеңеше


Біздің колхоздың бойдақ малы Аяққұмды қыстайды. Бұл - ауыл орталығынан жүз елу километрдей қашықта жатқан құмды өңір. Бірақ құм дегенге тақырайған шағыл құмдар емес, сексеуіл, жүзген, еркек шөп өскен біркелкі құба жалдар. Жазға салым қоңыр бұйра мүк басқанда осы жалдар,- күншуақтап бұйыққан жас қозыларға ұқсайды. Ертелі-кеш үстінен сағым аққанда білдірмей, ақырын ғана нәзік дем шығарып, қозғалып жатқандай болады. Ал қысқа қарай жалдар үстін аттың шашасынан ғана келер жұқа қар жапқан кезде, биікке шығып, төңірекке көз жіберсең; қаздың жұмыртқасын сығылыстыра тізіп қойғандай көрінеді. Осы жалдардың арқасына біздің колхоздың бойдақ мал отарлары шашырай қоныстайды, қаһарлы қысты у-шусыз қалтарыста өткереді.

Құм арасында жолаушылар адасқақ келеді. Сондықтан әр қыстаудың іргесіндегі биігірек жалдың үстіне, ескі киім кигізілген ұзын сырықтан қарауыл қойылады. Жер жайын, жол жайын білетіндер алыстын-ақ әрбір қарауылды нұсқап тұрып: «Анау пәленше қыстау, анау түгенше қыстау...» деп шұбырта соғады. Әр қыстаудың белгілі бір аты бар. Мысалы, біздің қыстау Жылыбұлақ деп аталады.....
Әңгімелер
Толық
0 0

«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ертегі: Тұмарбас батыр

Бұрыңғы заманда бір бай бар екен. Үш қатыны бар да, баласы жоқ екен. Бір күндері бай қатындарына айтады: «Мен қартайдым, сендерден бала тумады, қыдырып әулиеге түнейін, құдай бала бермес пе екен?» – дейді. Темір таяқ алып, темір етік киіп жаяу бала тілеп жүріп кетеді. Айлардан ай өткенде, жылдардан жыл өткенде, темір таяқтан тебендей қалғанда байдың алдынан бір жұлындай жерден түтін шығады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Әбіш Кекілбаев | Бір шоқ жиде

Не все ли равно, про кого говорить? Заслуживает этого каждый из живших на земле

И. А. Бунин.

I

Жиде сайғақ шаншылған қызыл төмпектің құбыла бетіне ши барқыт бешпент-шалбары бар имек мұрын тарамыс шал жер тізерлей жүгініпті. Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Басындағы күн жеп тастаған мауыты қалпақтың оң самайынан жылтырап көрініп тұрған ақ атлас астарынан «Люкс» деген ирек жазу сығалайды.

Кеңірдектен шыққан қоңыр мақам кенет баяулап, тісі түскен кәрі кісінің ысылы көп шүлжің әңгімесіне ұласты. Қос тізеге жарыса құлаған салалы саусақтар көкке көтерілді. Сосын бір шөкім ғана сопақша бет-ауызды салғырт сипап өтті. Имек мұрын қара шал жылан көздене жылтырайтын қағанақ көзілдіріктің ар жағында манадан бері етпеттей сұлап жатқан селдір кірпіктерін кілт тікірейтіп жұрт жүзіне үңілді.

— Халайық, Сұрапалдыұғлы Тілеу қандай адам еді?

Қызыл төмпектің аяқ жағында мырс-мырс жылап отырған күлте сақал кісі:

— Жақсы адам!— деп тұншыға кемсеңдеді.

Аядай зираттың бір пұшпағындағы кішкене шоғыр жарыса тіл қатты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті

Біздің тұңғыш президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз білімді, көреген, мықты саясаткер адам. Ол жастайынан білімге ұмтылып, өз мақсаттарын жүзеге асырып отырған. Нұрсұлтан атамыз 50-жасында президент болды. Кәзір жасы -75-те. Міне 25 жыл бойы елімізді басқарып, көптеген жетістіктерге жетті. Әкесінің аты-Әбіш, анасының аты- Әлжан. Елбасымыздың ән айту қасиеті анасынан дарыған болса......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бақыт іздеушілер

Ертеде бір бай болыпты, байдың үш баласы болыпты. Бір заманда бұл байдың шаруасы кеміп азая бастайды. Күннен-күнге күн көрісі қиындап бара жатқан соң, байдың үш баласы ақылдасып кәсіп етуге шығады.

Үлкен баласы: «Мен Астраханға барып балық аулауды кәсіп етемін», – дейді.

Ортаншы баласы айтады: «Тұз кенінде кәсіп көп, мен сонда барамын», – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Бойжеткенді кафеге шақырған жігіт тамақ ақысын төлемей қашып кетті

Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Реферат: Рационал сандар

p бүтін мәндер, ал q натурал мәндер қабылдаса, рационал сан деп аталады да, олардың жиыны рационал сандар жиыны деп аталып, Q арқылы белгіленеді:

Әрине, санын әрқашанда қысқартылмайтын бөлшек деп қарауға болады, өйткені ол қыскартылатын болса, алдын ала алымы мен бөлімін ең үлкен ортақ бөлгішіне қысқартуға болар еді.
1. Рационал сандардың қасиеттері
1. Кез келген екі рационал санға арифметикалық амал қолдану нәтижесінде рационал сан шығады.
2. Тәртіптелгендік қасиет. Кез келген екі r1 және r2 рационал сан үшін мына
үш арақатыстың: r1 < r2, r1 = r2, r1 > r2 тек біреуі ғана орындалады.
3. Тығыздық қасиет. Тең емес кез келген екі рационал сан r1 және r2 –нің
арасында жататын ең болмағанда бір рационал сан r табылады. Демек, егер r1 < r2 болса, ең болмағанда бір r саны табылып,
r1 < r < r2
теңсіздігі орындалады.

2. Рационал сандар жиынындағы қималар.
Анықтама. Q рационал сандар жиыннының А және В кластарына бөлінуі қима деп аталады, егер мына үш шарт орындалса:
1. Ø, В≠ Ø,
2. АUB═Q
3.
А класы қиманың төменгі класы, Вкласы қиманың жоғарғы класы деп аталады. Осылайша анықталған қима былай белгіленеді: (А,В)
Рационал сандар жиынында үш түрлі ғана қима бар:
1. Төменгі класс А-да ең үлкен сан бар, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан жоқ.
2. Төменгі класс А-да ең үлкен сан жоқ, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан бар.
3. Төменгі класс А-да ең үлкен сан жоқ, ал жоғарғы класс В-да ең кіші сан жоқ.

3. Иррационал санды анықтау.
Анықтама. Рационал сандар жиынында жасалған жоғарғы класында ең кіші сан жоқ, төменгі класында ең үлкен сан жоқ үшінші түрдегі қима арқылы анықталатын сан иррационал сан деп аталады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан

Менің Отаным, туған жерім – Қазақстан. Отбасым, достарым да Қазақстанда туып, өскен. Ата-бабам ежелден осы жерде өмір сүрген. ......
Шығармалар
Толық
0 0