Баяғыда Мұрат деген кісі болған екен. Бір күні ол алыс сапарға аттанады. Жол жүріп келе жатып, қатты шаршаған Мұрат айдаладағы жалғыз үйге кез келеді. Үйге кірсе, аяғы кісендеулі, жас, әдемі келіншек отыр. Қасында үш күшік жүгіріп жүр. Мұрат амандасып болған соң: — Құдайы қонақпын. Дәм айдап осы үйге келіп отырмын. Қарсы болмасаңыз, сіздің үйге тоқтап, әлденіп, тамақтанып алсам ба деп едім. Ақыңыз кетпес, пұлын берем, – дейді. Келіншек Мұратты ет пен қымызға тойдырады. Тамақ ішіп болған соң, бір-бірінен жөн сұрасады. Келіншектің аты Ханым екен. Ол: — Мен сиқыршы шалдың әйелімін......
Педагогика-ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танытудың, білудің және ғылыми білімнің дамуының бірден бір әдісі болып табылатын философия негізінде дамиды. Мысалы, диалектикалық материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын.......
Бір түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі. — Түйем, қайда барасың? – дейді түлкі. Түйе: — Оты мол, суы мол жер іздеп барамын, – дейді. Түлкі: — Ендеше, екеуіміз жолдас болайық, – дейді. Түйе: — Болсақ болайық, – дейді. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады.......
Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. ......
Нұралы (1704–1790) — Кіші жүз ханы (1748–1786). Әбілхайыр ханның үлкен ұлы. 1948 жыл әкесінің қайтыс болуына байланысты орнына таққа отырды және хандық дәрежесі Ресей тарапынан бекітілді. Оның хан сайлау рәсіміне Ұлы және Орта жүздердің өкілдері де қатысты.
Бастапқыда шешесі Бопай ханымның ақылымен әрекет жасап, әкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Ол Ресей әкімшілігінің Жайық бойын отарлауына барынша қарсылық көрсетті. Орыс патшайымы.......
Тамыр – жоғары сатыдағы құрлық өсімдіктерінің негізгі вегетативтік мүшесінің біреуі. Тамырға радиальды симетрия тән, ол салыстырмалы түрде цилиндр пішінді өстік мүше. Тамыр төбе (апикальды) меристемасы арқылы оң геотропизм бағытында ұзақ уақыт өсе алады. Тамырдың сабақтан негізгі айырмасы – тамырда жапырақ өсіп-өнбейді және апикальды меристемасы сырт жағынан тамыр оймақшасымен жабылған. Тамырда көбінесе экзогенді жолмен қосалқы бүршіктер жетілген. Жанама тамырлар сияқты қосалқы бүршіктер экзогенді жолмен де өсіп-өнеді. Қосалқы бүршіктерден өркендер – тамыр атпалары жетіледі. Тамырларында қосалқы бүршіктер пайда болатын өсімдіктер тамыр атпалылар деп аталады. Тамыр атпалы өсімдіктерге ақжелкек, бақбақ, сарықаулен және т.б. шөптесін өсімдіктермен қатар, тал, терек, қараөрік, шие, бүлдірген және т.б. ағаштар мен бұталар да жатады. Тамыр көптеген физиологиялық және механикалық қызметтер атқарады. Олар мыналар : 1. суды және онда еріген минералдық заттарды қабылдап, оны сабақ және жапыраққа қарай жылжытады. 2. өсімдіктердің топыраққа бекініп, өркеннің жоғары қарай бойлап өсуін қамтамасыз етеді. 3. Де-Рон, Д.А.Сабинин, И.И.Туманов және басқа зерттеушілердің жұмыстарынан тамырда кейбір органикалық заттардың синтезделетінібелгілі. 4. тамырда қор заттары жиналады. 5. топырақта тіршілік ететін организмдер саңырауқұлақтар, бактериялармен үйлесіп селбеседі. 6. вегетативтік жолмен көбею қызметін де атқарады. Тамырды және тамырлар жүйесін негізінен шығу тегі, морфологиялық ерекшеліктері және экология тұрғысынан жіктейді. Шығу типіне қарай тамырдың үш типін ажыратамыз. Олар : негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан өседі. Қосалқы немесе адвентивті тамыр сабақтан және жапырақтан, сол сияқты өркеннің жер асты метоморфоздары – түйнек, жуашық және тамырсабақтардан өседі. Негізгі және қосалқы тамырлардан бұтақтанудың екінші, үшінші және одан кейінгі өстері ретінде жанама тамырлар өсіп шығады. Тамырлар жүйесі деп, бір өсімдіктің барлық тамырларының жиынтығын айтамыз. Тамырлар жүйесінің үш типін ажыратамыз. Бірінші – кіндік тамырлар жүйесі. Мұнда ұрық тамыршасы ұзарып өсіп, бірінші реттегі өс – негізгі тамыр пайда болады. Негізгі тамыр бұтақтанып, одан екінші, үшінші және одан арғы өстер түзетін жанама тамырлар тарайды. Осы ретте негізгі тамыр жүйесі қалыптасады. Екінші кейде үшінші реттегі жанама тамырлар өздерінің қуаттылығы өс диаметрінің үлкендігі, ұзындығы және орталықты орналасуы бойынша жанама тамырлардан айқын бөлектеніп, ерекшеленіп тұрады. Мұндай тамырлар жүйесі жоғары сатыдағы өсімдіктердің ашық тұқымдылар бөлімінің қос жарнақтылар класының басым көпшілік өкілдеріне тән.....