Шығарма: Балқаш көлі

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін, табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала, Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып, бакландармен бірге үлкен сап түзеп, көлде жүзіп жүреді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Мәдениеттану | Мәдениеттану ұғымы және мәні

Мәдениеттану XIX ғасырдың сонғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарына тыс қалған жоқ. Мәдениеттануға осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның мәдениет туралы ғылымның әр тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Көпшілік жағдайда мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың негізі ретінде қарастырылып жүр. Дегенмен біртұтас, біріңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді, мәдениеттануды тек ғана білімдер жүйесі тұрғысында қарастыруға болмайды. Мәдениеттануда рационалды білімдер жүйесімен қатар, рационалдықтан тысқары түсіну жүйесі бар, мұның екеуі де іштей үйлесімді және екеуі бірдей мәдениетті ғылыми-гуманитарлық тұрғыда түсінуде маңызды роль атқарады. Түсінудің толықтығына сүйене отырып толығынан түсіну, мәдениеттанудың ең жоғарғы жетістігі болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Балалық шаққа саяхат


ҮЗІК-ҮЗІК СУРЕТТЕР

Жаз. Жайлау. Шұбала қонған киіз үйлер. Қанаттас бір ауылға апам мені жетелеп, қыдырыстап келген. Үш-төрт әйел үйде шай ішіп әңгімелесіп отыр да, мен сыртта асық ойнаған балалардың қасында қызықтап қарап тұрмын.

Ересектеу баланың бірі кенет иығымнан жұлқып қалды:

— Әне, сені тастап, шешең кетіп бара жатыр!

Ауылдың ортасын қақ жарып, тарам-тарам соқпақ жол өтеді. Сол жолмен түйеге мінгескен екі әйел соқтырып кетіп барады. Екеуі де кимешек киген. Артындағысы аумаған менің шешем. Мені бөтен ауылда қалдырып, жөнеп барады.

Мен шешемнен өлмей қалармын.

— Ала! Ала! — деп артынан қуып бердім. Құлындағы дауысым Құдайға жетіп, бақырып жүгіріп келем. Аяулы шешемнің маған бұрылып қарағысы да келмейді.

— Aпa! Апа!

Бақырудан өңешім жыртыла жаздайды. Жол шетіндегі үйлердің адамдары бәрі маған қарап қалған. Тек шешем ғана қарамайды. Ұзын аяқтарымен тайраңдай желген жүрдек түйе оңайлықпен жеткізбейді.

Бір әйел көлденеңнен дауыстап:

— Әй, қатын, балаң жылап келеді! — деді.

Шешем енді ғана маған жалт бұрылып қарады.

Сөйтсем, шешем деп жылап келе жатқан адамым мүлдем бөтен... Алдындағысы да мен танымайтын басқа әйел.

Өз шешем сол әлгі шай ішкен үйде отыр.

Уақыттың көбін су бойында өткіземіз. Су бойында ойнаймыз. Міне, енді қалжырап үйге қайтып келем, қарнымда түк қалмаған, ашпын.

Шешем құр талқан берді. Дәмсіз қара талқан. Жейін десем, тамағымнан жүрмейді...

Біздің ауылдан жоғары бір шақырымдай жерде Киікбай ауылы. Сонда күйеуге тиген немере әпкем тұрады. Қалай келгенімді білмеймін, сол үйде қазанға қарып жапқан күйелештеу нан жеп отырмын.

Бір кезде есіктен шешем кіріп келді. Мені көріп, жылап бас салды. Неге жылайтынына түсінбеймін.

Сөйтсем, шешем мені аяқ астынан жоғалтып алған. Бүкіл ауылдан іздеп таппаған. Суға ағып кеткен деп ойлап, есі қалмаған.

Бұдан аз бұрын шешем мені осында ертіп келіп, нан жегізген екен......
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Тілім менің- тірлігімнің айғағы

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым,
Сағат сайын саулығыңды тілеймін.
Сенсіз мынау керегі не ғаламның?!
Ана тілім әрекетімнің азығы, бар ғаламды танудың қазығы. Ой санамның дамуының өсуінің куәсі.Ғасырлардың кейінгіге әз үні. Тіл адамзат болмысының қайнары, ұлттық тарих пен әдебиетіміздің шамшырағы. Біздің еліміздің мемлекеттік тілі - қазақ тілі . Қазақ тілінің тарихы тереңнен бастау алады. Ол Алтай тілдері ортбасының түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілінің байлығы, көркемдігі жыраулар поэзиясынан, би- шешендердің нақыл сөздерінен бастау алары хақ.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сәлемдесу

Қазақтың ең қасиетті дәстүрі - сәлемдесу. Үлкенге де, кішіге де сәлемдесу қажет. Егер біз қазақ бола тұрып дәстүрімізді сыйламасақ, басқалары......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толады. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ерлікпен қаза тапқан аға–апаларымыз Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, Е.Сыпатайұлы, С.Мұхамеджанқызы. Қ.Ноғайбайұлылардың арқасында келді. Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздік мемлекет болып жарияланды. Қазіргі таңда біздің еліміз бірлігіміз жарасқан көп ұлтты мемлекет.

Біз еліміздің болашағымыз, сондықтан елімізді қорғауымыз, сақтауымыз керек. Мен өз елімді сүйемін, құрметтеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Нағашы атам

Менің атам Ақтөбе өңірінің ауылдық жерінде тұрады. Нағашы атамның аты - Елеусіз. Атам қазір 67 жаста. Ол –зейнеткер. Жыл сайын жазғы демалыста нағашы атамның ауылына қыдырып барамыз. Атам бізді құшағын жайып қарсы алады. Бар тәттісін бізден аямайды. Біз де оған бақша......
Шығармалар
Толық
0 0