Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында мемлекетіміз аямай қаржы бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. «Үштұғырлы тіл» туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтатын болсақ, олар: қазақ тілі – мемлекеттік...
Біздің жақта қыс түскен кезде қарлығаштар ұшып баратын сонау ит арқасы қияндағы бір елде король болыпты. Оның өндірдей он бір ұлы, Элиза деген жалғыз қызы бар еді. Ағалы-інілі он бір ханзада мектепте сабақ алатын. Омырауларына жұлдыз тағып, белдеріне қылыш байлап жүретін. Алтын тақтаға алмас қаламмен жазатын. Бәрі де сабаққа жүйрік оқуға алғыр болушы еді. Ханзада екендіктері айтпай-ақ көрініп......
Кез келген азамат Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге құқылы. Бұл ретте орталыққа 15 күн сайын жұмыссызбын деп белгіленіп тұрудың қажеті жоқ.
Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру. Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. Мектеп дәрігері оқушыны дене тәрбиесі сабақтарына жалпы баідарлама бойынша жіберу - жібермеуді анықтайды немесе кейбір оқушыларға денсаулығы нашар балаларға арналған арнаулы топтарда шұгылдануды ұсынады.....
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Атақты тұлғалар туралы жазу.Алаштың Әлиханы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу; 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру: 3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/ етістікті анықтау. Сабақ мақсаттары: түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлесу; мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру: негізгі, туынды зат есім / сын есім / етістікті анықтау......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Сабақ тақырыбы:Отбасы туралы әңгімелер оқу (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/ сөйлемдердің мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын толық түсінеді....
Алда келе жатқан жігіт француз кілтімен есік ашты. Оған ерген жас жігіт, табалдырықтан аттамас бұрын, әлденеге қолапайсызданып, жұлқа тартып, басындағы кепкасын қолына алды. Оның жұпыны шидем киімінен теңіз лебі аңқиды; кең холлға кірген кезде бұл жігіттің не қылса да берекесі қашайын деді. Кепкасын қайда қоярын білмей, қалтасына енді жытырғалы жатқанда серігі жайраңдап, өзімсініп, қолынан кепкасын ала қойған еді, оның бұл қылығы жігітке ұнап кетті. «Жағдайға түсінетін жақсы жігіт екен, тегі, ұятқа қалдырмас»,— деп ойлады ішінен.
Еденді жоғарылы-төмен теңіз теңселтіп тұрғандай ол найқалып, аяғын нығарлай басып, серігінің соңынан жүріп келеді. Алшаңдаған алпамсадай жігітке дағарадай бөлме тар көрінді — ол есіктің жақтауын иығыммен қағып кетер ме екем немесе каминнің үстінде тұрған жылтырауық-жарқырауықтарын ұшырып жіберем бе деп зәресі қалмады. Олай-бұлай орынсыз бұрыла бергендіктен, қайдағы жоқ бәлеге өзі бас болды. Рояль мен үстінде үйіліп көп кітап жатқан столдың арасынан алты адам еркін өтер еді, сол арадан әлденеге сасқалақтап, бір өзі әрең өтті. Соқталдай болып солбырайған екі қолын қоярға жер таппағандай. Бірде стол үстіндегі кітаптарды қағып кетем-ау деп, үріккен аттай орғып түскенде, рояльдің түбіндегі орындықты құлатып кете жаздады. Ол алдында алаңсыз еркін жүріп келе жатқан серігіне қарап, өзінің арпыл-тарпыл жүрісін ерсі көрді. Екі беті оттай дуылдап кетті. Маңдайынан шып-шып тер шықты, сәл кідіріп, орамалымен күнге күйген қоңырқай бетінің терін сүртті.