Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Көкемарал гүлдегенде

Жабыны жауға мінбе жалды екен деп,
Жаманмен жолдас болма малды екен деп.
Баласын қазанаттың бақпай қойма,
Жем түсіп аяғынан қалды екен деп.

(Халық өлеңі)

Күні кеше бұл екі колхоздың арасына жаяу жүгіріп кете беруші едік. Енді жұрт машинасыз бір адым аттамайды. Бұл күнде екі арадағы жалғыз аяқ суыртпақ жол да жоғалған.

Былай шыға бере шофер жігіт саусағын шошайтып:

— Бензин таусылды. Қайтар жолыма бензин тауып бермесеңіз, мен жолда қаламын, — деп зарлады.

Ықылық ата ішіп алғанын көріп отырмын. Онымен айтысып оңбайсың: — көрерміз, — дей салдым.

Машина оқалақтаған сиыр құсап ойқы-шойқы жортып келеді. Бензин орнына багына арақ құйылғандай.

— Директордың бұйрығы бар, — деді шофер рульден қолын ала беріп саусағын шошайтып, — көлік «налево» жүрілмесін деген. Білсе, мені жұмыстан қуады.

Елге келгенде осы Шоңқарадағы Әдия әпкеме жолықпасам, бірдеңе жоғалтып алғандай боламын да тұрамын. Келуін келемін-ақ, енді көрші колхозға қайтарда көлік қинайды.

Жаңа жиеніме айттым: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Менің ұстазым

Мен мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап менің алғашқы ұстазым пайда болды. Ол ұстаз Кыдырбергенова Гүлзира. Менің ұстазым қолымнан жетектеп алғашқы орындыққа отырғызып әліппе кітабын ұсынды. Әріп емілесін салуды үйретті. Қанша қателік жіберсекте......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабит Мүсірепов | Тастың әңгімесі

Мен қара мрамор, қара таспын. Адам қолынан өткен соң айнадаймын. Алдымдағының бәрін көремін, түгел көремін. Адам күнге қарай алмайды. Мен қарай аламын. Адам қызыға қарайды, қуана қарайды, қорқа қарайды. Мұның бірі де дұрыс көру емес. Менде ондайдың бір да жоқ, мен анық көремін. Мен түнде ғана көре алмаймын.

Мен қара мрамор, қара таспын. Көргенімді ғана айта аламын. Мен адамның қуанышын да сезінбеймін, қайғысын да сезінбеймін. Менде көргенімнен бұзылар көңіл де жоқ. Мен қалай көрсем солай ғана айта аламын. Менің куәлігімнен адам өзі қандай қорытынды жасар, оны адамның өзі білсін.

Ол мейрам күні емес-ті. Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсар еш нәрсе жоқ-ты. Соғыс салмағынан жаншылып, жеңіліс азасын енді ғана сезіне бастаған ел езу тартуға ұялатын. Менің алдымнан ылғи жабырқау адамдар өтіп жатты. Көпшілігі балғын жастар, оқушылар, әйелдер мен кәрілер. Жемірілген өкшелер, жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты. Қабақтары түюлі, үсті-бастарына қара май, көгалжім, сарғылт бояулар жұққан, шалбар тізелері бұлтиып кеткен жұмыскерлер мана, күн шықпай өткен.

Соғыстан бұрын қыздар менің тұсымнан өткенде көздері бір жарқ етіп қалушы еді, қазір ол да жоқ. Балалар мойны жіңішкерген, әйелдер еңсесі түсіңкі, барлық адам кішірейіп, шөгіп кеткен. Бірен-сарандаған соғыс машиналары үн шығармай, ұрланып қана кетіп барады. Бұған дейінгі кеудем соқ, әлгі жүрістің уақыты өтіп кеткендей.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Ұстазға құрмет

Адамға ең бірінші ақыл керек. Ал, ақылды, білімді үйрету үшін ұстаз керек. Ұстаз - санамызға жақсы сөздерді түйіп, бізге тек жақсылық тілейді. Өнерге де, білімге де ұстаздың еңбегі зор екеніне сенімім мол. Біз білім алу үшін «мектеп» деген киелі ордаға келеміз. Өмірдің жаңа жолын бірінші сыныптан бастаймыз. Бәрі де өзімізге байланысты екенін білуіміз керек. Сол себепті сабақты жақсы оқу, ата-анамыздың үмітін......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Қарға баласын аппағым дер кірпі баласын жұмсағым дер

Сүлеймен деген патша кірпі мен қарғаға былай деп бұйрық береді:
— Сен, қарға, бір күнде жер дүниені аралап, бір жақсы сайрайтын құс тап. Ол құсты менің бас жағыма әкеп отырғыз. Таң атқанда, ол құс мені сайраған даусымен оятсын. Ал, сен, кірпі, барып жердің жүзін тінтіп, бір жұмсақ нәрсе тап. Ол нәрсені әкеліп, дәл менің жастығымның үстіне, бетіме тақау қой. Құстың сайрағанымен оянған кезімде, бетім сол жұмсақ нәрсеге тисін......
Ертегілер
Толық
0 0

Тақпақ: Тілашар

Ұқсас ақын емеспін ешкімге мен,
Сырым осы сақтаған ішімде кең.
Ұқсасам тек ұқсармын сахарама,
Өстім сонда ұдайы естіп өлең.

Білмдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз..
Тақпақтар
Толық
0 0