Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы жұт болып, бай қоныс аударып, жылқысын жер аударып жаяды. Қыс өтіп, жаз жақындаса да жылқысы келмейді. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.
Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір-екі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы жерлерден, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара торы биені иығына алып сала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайырылып......
«Шойыннан жол салынғалы жатыр, ол жолдың көрінісі домбыраның екі ішегі сияқты болады екен, онымен поезд деген отпен жүретін арба келеді екен» деген қауесет Балқаштың бергі жағасына жуық жатқан Күрті еліне тез тарап кетті.
— Қара бұқасы болады дейді.
— Оның жаны бар ма?
— Тұяғы қалай шойыннан тайып кетпейді?
— Шойыннан істелген арба дейді, от күшімен көп жүк сүйрейді екен,— десті кешке жақын ауыл ортасындағы төбе басында отырғандар.
— Ол қайда барады екен?
— Мына Қопаны басып өтеді дейді жұрт.
Бетінде қорасан дағы бар шетте отырған, жасы жиырмалар шамасындағы қара ЖІІІІ жаңағы әңгімені айтқандардан жолдың жайын қайтадан сұрап еді. «Біз қайдан білейік, біздің білетініміз де сенің естігенің ғой» деп олар ештемені ашып айта алмады. Сұрауына жауап таппаған жігіт ел аузына біраз қарап тұрды да, орнынан тұрып кетті.
Ол үйіне келгенде алауланған тезек оты бықси жанып, үй іші ала көлеңкеленіп тұр екен.
— Апа,— деді үйіне келіп жігіт, отты үрлеп жатқан шешесіне,— мен шойын жолға жұмысқа тұрсам қайтеді. .....
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7 - бабында мыналар атап көрсетілген: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.». Конституцияға сүйене отырып, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң қабылданды. «Тіл туралы» заңға сәйкес 4 - бапта: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот iсiн жүргізу және iс қағаздарын жүргізу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық - техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге мiндеттi». .....
Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады. Еңбек жолы. Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.....
1969 жылдың ерте көктемі. Қазақ Алатауын бетке алып, Ол қашып келеді... Артында мұздай қаруланған қуғыншы шеріктер... Алдында – бейтаныс Атамекен. Астында – арындаған ақбоз ат. Қасында – күшігінен асыраған көк төбет. Қараңғы түнде ақ алмастай қақ жарып, ақбозды сипай қамшылап, маңдайынан суық тері тамшылап, Ол қашып келеді...
... Жарқыратып мынау түнек жан-жақты, Ақбоз аттай алабұртып таң да атты. Шыққан күннің шұғыласына.......
Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты: — Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.......