Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден "Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: "Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; "Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; "Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; "Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный .....
Дөңес би (1844 — өлген жылы белгісіз) — би. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасынан шыққан.
Он сегіз жасынан қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауылында қажылық, билік еткен. Дөңес жастайынан өзінің аталас туысы Жақайым Мыңбайұлы Жетес (1835-1907) биден көп жол-жосық тәрбие алады. Ол Жетестен жиырма шақты жас кіші, Қарасақал Ерімбет жыраумен (1844-1916) құрдас, замандас болатын дейді. Дөңес би сол атыраптағы Жақайым Жетес, Шөмекей Бақа, Әлім-Матай Үмбет, Нұрғожа, Шөмен, Самұрат т.б. билермен талай билік, дау-дамайға қатысып, өзінің әділ төрелігі, адамгершілік, парасаттылығымен ел құрметіне бөленген азамат.
Дөңес бидің бір әділ билігі, кесімді шешімі жәнінде Қызылорда облысының Жаңа Қазалы тұрғыны Ақанжан Келімбетұлы былай баян қылыпты:
Өткен ғасырдың соңғы жылдары Қазалы уезінің Шөмекей елінде қайтыс .....
Генуяның вокзал алдындағы алақандай алаңға қаптаған қалың жұрттың дені жұмысшылар болғанмен, бірақ араларында шүйдесі шығып, шытырая киінген адамдар да көп. Жиналған жұртты бастап тұрған муниципалитет мүшелерінің төбесінде қаланың шым жібекпен безеген туырлықтай тулары желбіреп, олармен қанаттаса жұмысшы ұйымдарының алуан түсті тулары да толқын ұрады. Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын.
Қаптаған жұрттың үстінен қарап, биік пьедесталда, өз сеніміне бола қыруар қиыншылық шегіп, ақыр аяғы сол сенімінің арқасында жеңіп шыққан ойшыл Колумбоның бейнесі тұр. Қазірдің өзінде де жұртқа жоғарыдан көз жіберіп:
«Тек өзіне өзі сенген адамдар ғана жеңіп шығады» — деп, мәрмәр ернінің емеурінімен тіл қатып та тұрғандай өзі.
Оның аяқ жағын ала, күн көзіне шағылып, алтыннан аумай жалт-жұлт еткен жез кернейлерін пьедесталды шыр айнала саудырата жайып салып музыканттар отыр.
Мәрмәрдан айшық тәріздендіріп салынған вокзалдың абажадай зәулім үйі, жұртты тап бір аймалағысы келгендей, қанатын жая қалған. Порттан кемелердің алқына алған демі, су астында жұмыс істеп жатқан тетіктердің бүдірлеген дыбысы, шынжырлардың сылдыры, ысқырған және айқайлаған дауыстар келіп тұрғанмен, бірақ шыжыған ыстық күн сәулесіне малынған алаң үсті әрі қапырық, әрі жым-жырт. Үй-үйдің балкондары мен терезелерінен қолдарына гүл алған әйелдер, гүл-гүл жайнап әсем киінген балалар көрінеді.
Станцияға локомотив ағызып жетіп келіп, ақыра қоя бергенде қаптап тұрған нөпір селк ете түсіп, қанатын қаққан қара құсша, бірнеше мыжырайған қалпақ жұрттың басынан аса аспанға атылып та кеткен еді, музыканттар кернейлерін қолына алып, егде тартқан, салдарлы әлдебір адамдар желпіне басып, жұрт алдына шығып, беттерін топқа бұрды да, қолдарын оңды-солды сермеп, сөйлей жөнелді......
Кіріспе Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Білім туралы заңында»: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген. Бастауыш саты – мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады. Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: «мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. ....
Ана жайлы ойымды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.......
Бір шыншыл мен бір суайт жүретұғын жолы бірге болғандықтан, жорықтас болып жол жүріп келе жатып көрген әңгімесі. Шыншыл қайда барса, сөзінің шындығы төрге отырғызып, ішпегенін ішкізіп, жемегенін жегізіп, ел көзіне сүйікті көрсетеді екен де, ілгері баса береді екен. Суайт қайда барса, өтірігі бетіне шығып, жұртқа жексұрын көрініп, көтінен кері кете береді екен.
Екеуі бір қорқынышты, қауіп-қатерлі шөлге шығып кетті дейді. Бұрын жүрмегендіктен, жол жайын білмегендіктен, солай болатұғындығы үшін бұрынғы қазақ......