Баяндама: Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз – қолына уақыт пен кеңістіктің
байланысын ұстаған АЛЫП, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен
ақылды, талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым
тілмен жеткізе білетін ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке
жетелейтін ШЕШЕН, дүниенің жанды .......
Баяндамалар
Толық
0 0

Ертегі: Мыстан кемпір

Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», – деп, басқа әйелге үйленіп, өмір сүре береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алаш партиясы

«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.
Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Атап айтқанда: Қазан университетін бітірген Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Садық Аманжолов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедовтер, Петербург университетінің түлектері: Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Халел Досмұхамедовтер еді. Осылардың барлығы «Алаш» туы астында бірікті.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі болшевиктер ұсынған кеңестік даму бағытымен қатар дүниеге келді. Сондықтан да Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» бастары сыйған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алаш арыстары басшылыққа алған ұлттық даму бағыты жайында: «... олар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді» - деп жазады.
Сол сияқты Алаш партиясының қатарына қандай адамдар қабылданады деген пікірге байланысты «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тұран ойпатының климаты ішкі сулары органикалық дүниесі

35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Мақсаты:
- Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ; түзетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
- Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қазыбек Бек Тауасарұлы (1692-1776)

Тауасарұлы Қазыбек (1692–1776) – Наурызбай батыр әскерінің мыңбасы. Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншыларына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасы Асыл руының Әжіке деген атасынан шыққан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған.

Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуынабереді. Кішкентайлылығына қарамай жақсы оқыған......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша Ашық сабақ: Тілдер күні (Тіл дамыту – ой дамыту | 5 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту – ой дамыту ( 5 – сынып )
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың білімдерін жинақтау, өз ойларын жинақы көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушыны тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,түрлі ойындар арқылы оқушының ойын дамыту.
Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне білуге, оны құрметтей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта.....
Ашық сабақтар
Толық
0 0