Бір қасқыр тамақ іздеп келе жатып, құрулы тұрған қақпанға түсіп қалады. Олай жұлқынып, бұлай жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан қасқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: — Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығыңды. Мені қабыңа салып, арқалап жүре бер. Қасқыр жылап тұрған соң, егінші қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар мылтығын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден: — Қашып бара жатқан қасқыр көрмедің бе? – деп сұрайды.......
Халқымыздың дәстүрінде бұрын екі жас құда түсу жолымен, яғни әке таңдауы мен келісімі арқылы қосылған. Дегенмен кейбір жігіттер өзінің сүйген қызын алып қашу арқылы қосылған кездері де болған. Кейде оның арты үлкен жесір дауына айналған, өйткені ол кездебасы бос қыз бола бермеген. Олар ерте айттырылатын.
Қыз алып қашудың түрлері Қыз алып қашудың да түрлері көп. Мысалы, бірін-бірі сүйген жігіт пен қыз қашып кетіп қосылады. Ал кейбір жігіттер қыздың келісіміне қарамастан, зорлықпен алып қашады. Соңғы-ларының жарасып кететіндері де, кейін дәм-тұздары жараспайтындар да бар......
Менің алғашқы ұстазым - Гауһар Бексеитова. Ол - біздің екінші анамыз. Ұстазымыз бізге жазуды, оқуды, есеп шығаруды үйретті. Біз ұстазымызды сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз.
Біз биыл 0 сыныптан бері сабақ беріп келе жатқан Гауһар апайымызбен, бастауыш сыныппен қоштасамыз. Жоғары сыныпқа өтеміз. Ол жақта бізге басқа апайлар сабақ беретінін білемін.......
Жері мол, пейілі мол меймандос елді біз бір сыпыра аралаған соң, Алматыға бет бұрдық. Кең далаға көз салып, тар жолмен келеміз. Айналамызда құртша қыбырлаған қойлар қалып барады. Алдымызды ерегісе.....