Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген. 1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды. Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды......
"Қазақстан" деген жалғыз ауыз сөздің құдіретін осы елде туып-өскен әрбір ұл-қыздарымыз сезінуі парыз. Бұл сөз бәріміздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі деп айтсам артық емес - деп ойлаймын.
Талай ер жүрек батырларымыз бен ару апаларымыз тәуелсіздікке жету жолында жанын қиып, еліміз ешкімге тәуелді болмауы үшін қорғап қалды.......
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы Еуразиялық интеграция және Украинадағы жағдайға қатысты мәселелерді талқылады.
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады: — Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.......
Ай өзені Оралдың солтүстігі, Ай секілді жалтырайды қыс күні. Жай бұрқанып жазда ұрады жағаны Ақ көбіктер — ақ найзағай ұшқыны. Кімдер екен өзенге Ай деп ат қойған, Әлде біреу бақыт күтіп жатты айдан? Ай секілді Ай өзені сап-салқын, Жағалауы жалпақ құмайт....
Бір аңшы болыпты. Өмір бойы аң аулап, күн көріпті. Аң мен құсқа ау құрады екен. Бірде ауын құрып жүріп, қалың арасынан арыстанға кезігіп қалады. Сонда арыстан: — Ей, адам, сен көптен бері кездеспей жүр едің, – дейді тесіле қарап. — Құлақ сал сөзіме. Сенің істеп жүргеніңнің бәрі қиянат! Тіпті менің сыртымнан кіжінетін көрінесің. Ал енді мықты болсаң, күшіңді көрсетші! Арыстанның айбарынан сескенген адам оны дәріптей: — О, айбарлы арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын......
Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.
Саясаттанудың қалыптасуы эволюциясы саяси-ғылыми әдебиеттерде 3 кезеңге бөлінген: философиялық, эмпирикалық және эмпирикалық көзқарастарды сынау кезеңі немесе қазіргі түсініктегі саясаттанудың дербес ғылым ретінде қалыптасу кезеңі. 1. Философиялық кезең жуықтап айтқанда Аристотельден бастап, Америкадағы азамат соғысына дейінгі кезең (1861-1865) 2. Сол азамат соғысынан бастап екінші дүниежүзілік соғысы аралығын қамтиды. 3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бүгінге дейінгі мерзем.....