Бақыт деген... Бақыттың нақты теориясы жоқ. Болғанда емес, болмайды да! Себебі бақытты әркім өзінше бағалайды. Біреулерге бақыт - денсаулық, біреулерге - мансап, біреулерге - ақша, біреулерге - отбасы. Ал кейбіреулер үшін өмірдің өзі бақыт. Әйтеуір әркімнің өз түсінігі бар. Менің ойымша мансап, ақша, материялдық байлық ешқашан бақыт бола алмайды. Мүмкін біреулер үшін бақыт шығар. Бірақ бұл тәннің қалауы. Ал шын бақыт жанның қалауын қанағаттандырса керек! Бақыттың бағасы байлықпен өлшенбесе екен! Себебі ақшаның артынан қуып адасқандар қаншама. Яғни ақша бақытқа бастар жол емес, керісінше қайғыға әкеп соқтыратын қара жол! Біздің жанымыз мейірімділік пен махаббатты қалайды. Ал біз мейірімділік пен махаббатты ата - анамыздың сүйіспеншілігімен отбасымыздағы жылулық арқылы сезінеміз. Демек, шын бақыт ол біздің ата - анамыз, отбасымыз. Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт! Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз. Айта берсек бақытқа барлығын сыйдыруға болады. Бірақ бір сөйлеммен қорытындыласам бақыт Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай бақытсыз - ақ бақытты боп жүргеніміз!!!
«Тегінде, адам баласы ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген екен қазақ елінің ұлы ақыны А. Құнанбаев. Біз қадам басқан XXI ғасырдың азаматы қандай болуы керек? Біз бұл сұраққа ақылды, білімді, мәдениетті, Отансүйгіштік қасиеті жоғары, жаңаны тануға деген ұмтылысы зор болу керек деген жауап алған болар едік. Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз.....
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары
Перспективалық жоспар Ересектер тобы Қыркүйек айы Өтпелі тақырып «Балабақша» Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту. Міндеттері: -«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. - «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс 8.Т/Ж4.Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану Сабақ мақсаты: Мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру......
Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі аяғымен басып тұрады да, мұртынан күліп: Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? – деп......