Желтоқсанда із-түзсіз кеткендердің рухына бағыштаймын.
Автор.
Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың іс-әрекетіне көз жіберіп, көңілсіздеу күйде көзін жұмған.
Ұйықтайын деп ойлаған, бірақ көзі ілінбей-ақ қойды. Амалсыз қырау тұрған терезеге таянып, ыстық демімен алақандай жерді ерітіп тысқа үңілді. Ұлан асуына көтерілер тұстағы тау ішіне дендеп енген екен бұлар. Ақтұмсық Алтайдың танауына әлі сірге жүгірмепті. Маңай мұрты бұзылмаған сере-сере қар. Алты ай қыс ағыл-тегіл аспаннан саулаған ақ тасқын қымтаған қалпы. Өлі дүниедей. Бойында бірақ белгісіз бір сес бар... Өзі кеше ғана аттанған Алматыны еске алды. Көкек астанада күшіне еніп, қызуы қоламтадай жүз шарпығалы Алатаудың да биік бауырындағы қалың қар лас лайсаңмен апыл-құпыл аттанып кеткен еді ғой. Биыл биік Алтайдың басындағы ұшпа бөркі тұрмақ, етегіндегі жел қағып, қар тоқтамайтын тастақ қыраттары да наурыздың ақша қарын жамылып, самарқау жатыр. Сырбаз Алтай тәрізі көктемге жонын бергісі жоқ. .....
Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев екінші әйел алу туралы пікірін өлеңмен жеткізіп, желі қолданушыларын өзара қырқыстырып қойды деп хабарлайды nur.kz.
Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер-ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп. Гүл бөлеп хош.....
Баланың тілі неғұрлым бай болса, оның ойы да соғұрлым кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кеңейте түсу үшін, әдеби шығармалардың үзінділерін тоқытып, таныстырудың маңызы зор. Мазмұны терең, тілі көркем, оқуға жеңіл, тез жатталатын шығармадан үзінділер оқып үйрену, үйренгендерің өз сөздерінде қолдана білу , оқушылардың сөздік қорын молайтады. Оларды жүйелі ойлауға, ойын дұрыс түсіндіруге жаттықтырады.
Оқушы өз ойын түсінікті, ұғымды, бейнелі, ұқыпты сөздермен айта білуге, мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап үйретіледі. Осы мақсатты көздеп екінші сынып оқушыларына ана тілінен......
Жамбыл Жабаев– өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры – "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды.....