2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады

Жаңа жылда - жаңа төлем. 2014 жылдан бастап байлыққа салық салынады. Осылайша қазақстандықтар бекітілген көрсеткіштер бойынша қолда бар мүлкі үшін мемлекетке салық төлейді.

Мысалы, баспанаңыздың құны он миллион теңгеден асып жығылса, он бір мың теңге салық, оның үстіне пәтер құнының 0,25 пайызын төлейсіз. Ал үйіңіз жиырма миллионға жуықтаса 40 мың теңге салық пен пәтер құнының 0,45 пайызын мемлекетке төлеуге міндеттелесіз.

Ал элиталы пәтер үшін салық 800 мың теңгеден асып жығылмақ. Көлікке салынатын салық мөлшері де шарықтап тұр. Қозғалтқыш көлемі 3-4 мың текше сантиметрлік темір тұлпар үшін 60 мыңнан 120 мың теңгеге дейін салық төлейсіз.

Ал қозғалтқыш көлемі 4 мың текше сантиметрден жоғары көліктерге салынатын салық 240 мың теңге болмақ.

Естеріңізге салайық, мұндай салыққа қатысты заң жобасын талқылау кезінде Парламент депутаттары арасында қызу талқылау болған еді. Қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктерге салықты көтеру негізсіз деген парламентшілер, салықты біраз сын садағына алған.

"Біз бұл жобаны қабылдай алмаймыз. Себебі бұл жоба Президент бұйрығына кереғар. Салық жобасына толықтырулар енгізер кезде біз қалталы азаматтарға салмақ салуды көздедік. Демек орта тап зардап шекпеуі тиіс. Сондықтан салықты қымбат көлігі мен үйі барлар төлеуі тиіс!", - деген болатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша ашық сабақ: Дене шынықтыру | 3х10 метрге қайталал жүгіру

Сабақтың тақырыбы: 3х10 метрге қайталал жүгіру.
Сабақтың мақсаты: 1) Жүгіру әдістерін үйрету.
2) Жылдамдық сапасын және қимыл-қозғалыс ойынында ептілік қабілеттерін жетілдіру.
3) Ұстамдылыққа, жігерлілікке және төзімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны: Мектеп спорт кешені.
Керек құрал-жабдықтар: Баскетбол доптары, ысқырық, кубиктер.
Ашық сабақтар
Толық
0 0

Шығарма: Менің елім - мәңгілік ел

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Бесігінде сәби жатыр бұлқынып)

Болу үшін күні ертең де ұлты нық,
Тани білсін, бесігінен жұрты ұғып.
Ана-әуенге қосып бірге уілін,
Тал бесікте сәби жатыр бұлқынып.

"Көз тимесін, көркемін-ай, көркемін!"
Дейді-дағы еркелетіп тентегін.
Ана-жүрек баурап....
Өлеңдер
Толық
0 0