Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы....
Ертеде бір бай болыпты, байдың бір жалғыз баласы болыпты, аты – Ежігелді екен. Әкесі баласына қалың беріпті, баласын қайнына жіберіпті. Баласы барып, қалыңдық ойнапты. Ежігелді үйіне қайтты. Келе жатқанда ұры тонапты, жанында екі күміс теңге қалыпты. Үйіне жаяу келді, келсе, елін жау шауып кетіпті. Ежігелді кім екенін білмейді. Жұртында бір қотыр торы тай қалыпты, тайды алдына салып айдапты. Алдынан үш кісі көрініпті. Со кісі жақындапты. Ежігелді екі күміс теңгесін манағы қотыр тайдың құйрығының астына тығыпты. Бағанағы үш кісі келді, келіп сөйлесті. Үшеуі байлардың балалары екен. Олар келген соң Ежігелді тайды қамшыменен салды, соққан соң тай тышты, бағанағы теңгені Ежігелді алды. Бағанағы үш кісі айтты: «Е, сен тайды сат!» – деді. Ежігелді: «Сатпаймын», – дейді. «Неге сатпайсың?» – деді. Күнінде тайым теңге тышат», – деді. «Біз екі дүз сом берейік!» – деді. «Сатпаймын», – деді. «Байлық қылсаң, үш дүз теңге берсең, сатамын», – деді. Үш дүз теңге берді, тайды алды. «Мынаны қайтеміз?», – деді. Ежігелді айтты: – Үйіңе апар, – деді. – Жоңышқа, пішенге байла! Түн ортасында суғар, таң атып келе жатқанда соны бір суғар! Күн шыға келгенде үйіңнің ішіне ақ кигіз жай! Тайды алып келіп, ішіне қоя бер. Құйрығынан ұстап, қамшыменен сабасаң, үйіңнің ішін күміс теңгеге толтыра тышар, – деді.......