Ерте-ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір қойшы байға көп жылдар бойы қой бағып, ешбір ақы ала алмаған соң байдың қорлығынан өлетін болған соң бір күні түнде қойдың ішінде қорып жатып, еліне қашып кетеді. Оны ешкім білмейді. Ертеңіне оны тек жоқтап қояды. Артынан аз уақыт іздейді, бірақ, таба алмайды. Қойшы сол кеткеннен бір айлық жердегі еліне бет алып, жүріп отырады. Бірнеше күндер жүрген соң бір ауылдың шетіне келіп, түн болған соң шеттегі бір кішкене үйге қонайын деп, кіреді. Үйге кірсе, үйде қарт пен кемпір тұрады екен дейді. Үйі әрі тар, әрі кішкентай болады. – Ата, өте алыстан келемін, қонуға бола ма? – деп, қойшы ұлықсат сұрайды. Шал күрсініп: – Үйіміз тар, өзіміз шақ отырмыз. Бұдан басқа бір кең үйім бар еді, онда кәзір шайтандар бар. Қысы-жазы содан шықпайды, жазда пішенімізді тауып береді, қызметімді бітіреді, ал, қыста қарымды күрейді. Күнде «Қызмет тауып бер», – деп, мазамды алады. Енді басқа бір үйге қонасың ғой, шырағым, – дейді.......
Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен. Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға: – Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады. Сонда хан:......
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.
Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:
—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.
—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....
Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. Бір күні бұл екеуі кеңесіп: – Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. – Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертеде араб елінде бір араб бай өтіпті. Аты Рашид екен. Рашид байдың үш ұлы болыпты. Үлкен ұлының аты Спандияр, ортаншы ұлының аты Алдияр, ең кіші ұлының аты Махамбет болыпты.
Бір күні Рашид бай үш ұлын шақырып алып: «Менің жасым болса келіп қалды, қартайған шағымда сендердің үйленіп, әйел алғандарыңды көрейін. Сендер үйленіңдер»,—депті. Бұған екі үлкен ұлы Спандияр мен Алдияр келіседі. Ал, ең кіші ұлы Махамбет келісім бермейді. «Мен әлі жаспын, әйел алмаймын»,—деп уәж айтады.
Оған әкесі көнбейді. Ақыры зорлап үйлендіретін болады. Әкесінің көнбейтініне көзі жеткен Махамбет «мейлі, сіздің айтқаныңыз болсын» дейді. Сонда әкесі: «қай байдың қызын аласың?»—дейді. Ал Махамбет әкесіне айтады: «Мен садақ тартамын, садақтың оғы кімнің үйінің есігінің алдында, иә болмаса, төбесінде жатса, сол үйдің ішінде қыз болса да, кемпір болса да, ең арғысы маймыл болса да аламын»,—деп, шарт қояды. Бұған әкесі келіседі. Махамбет аспанға қаратып садақты тартып қалады. Сонымен садақтың оғы аспанға зырқырап ұшып кетеді.....
Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен. Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды. – Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі. Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады. Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......