"Сүйер ұлың болса, Сен де сүй. Сүйінерге жарар ол" (Абай)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы....
ХИЖРИ АЙЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ ТҮРКИЯ МЕН АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ КҮНДЕРІ ЖАҢА АЙДЫҢ КӨРІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТТАН БІР КҮН ШЕГЕРІЛУІ НЕМЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ МҮМКІН.
Отбасы Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын. (22 сөз)
Баршаңызға мүбарак, Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл – сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре-тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде. Осынау мәртебелі қызметте елімізге Алла Тағаладан зор абырой нәсіп етуін тілейік. Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Бұл айдың басты ерекшелігі, Алла Тағала Исламның бес парызының бірі болған оразаны осы айда ұстауды парыз етті. Екіншіден, адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құран осы айда түсірілді. Сондықтан....
Ғұмырыңыздың жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір Сізді тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол ауылдың алтын босағасында аман-есен жүре беріңіз.