Сан ғасырлар бойы тағдырдың теперішіне шыдап, еңсесін түсірмей, қиындыққа қарсы күресіп келген менің елімнің бүгінде тәуелсіздігі - тұғырлы, ана тілі - айбарлы, елтаңбасы - ажарлы, әнұраны - әуенді! Тариxымызға көз......
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін Сабақтың мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. Міндеттері: - Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту; - Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту; - Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: дәптер, қаламыздың суреттері, түрлі түсті қарындаштар. Шаттық шеңбері Тәрбиеші Е. Ерботиннің «Туған жер» өлеңінің бір шумағын балалармен бірге қайталайды. Туған жер .....
Мен, Төремұратова Гүлдәурен, Арал қаласы № 2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының 4 - сыныбында оқимын. Бұл тақырыпты таңдауыма себеп болған: Ең алдымен Төлеген Медетбаевтың есімімен өзімнің көшемнің аталуы және орталық алаңдағы мәрмәр тасқа осы кісінің есімі жазылған үлкен хаттың үлгісі еді. Осы сәттен бастап, бұл кісі тегін адам болмаған екен ғой, деген ой келіп, Ол кісі туралы көбірек білгім келді. Себебі туған жерінің өркендеуі мен өсуі үшін аянбай еңбек еткен азаматтарымыз болмаса, біз осындай берекелі де бейбіт заманда өмір сүрер ме едік? Сол азаматтарымыздың бірі - Төлеген Медетбаев. Мен өзімнің ризашылығымды осы жобам арқылы білдіргім келеді, яғни Төлеген Медетбаевтың өзі және отбасы туралы деректер жинап жария етпекпін......
Туған жерім - Отаным - Қазақстан. Отанымның мен үшін орны әрдайым ерекше. Қазақстан дегенде естір құлақ өзгеше. Тіпті сол сөздің өзі ыстық секілді. Қанша жерге, қандай жерге барсақ та үйімізді, отбасымызды сағынып тұратынымыз рас. Ия, тіпті сол уақытта жүрегің әлденеге елпілдеп, «туған жер, туған жер» деп дамыл қағып соғатындай көрінеді. Әр адамның туған жері өзіне ыстық көрінеді емес пе? Мен үшін өзімнің Састөбем айдан да, күннен де артық. Қызық, қазірдің өзінде сәл бір жаққа аз ғана уақытқа шықсақ , дереу сағынып, үйге қайтқымыз келеді. Ал кейін оқуға түсіп, уйден, туған жерден жыраққа кетсек не істер екенбіз? Нендей сезімде болар екенбіз?......
Станса басынан колхозға қарай бастай беретін аттылы-жаяу талай жол қылған қара жолдың бойында жол қапшығын арқалаған Жеңіспен оралып келе жатқан солдат келеді. Солдаттың дәл қазір қай майданда соғысқаны да, оның қандай бөлімде соғысқаны да маңызды емес. Бәрінен де маңыздысы – оның туған ауылынан мүлде жырақ жерде өткен соғыстан кейінгі өзінің туған жерін – қазақ ауылын сағынып келе жатқандығы.
Солдатты енді бір сұрақ қинайды. Ол алдынан шыққан ақ шашты ананың: «Менің ұлымды көрмедің бе?» – деген сұрағы. Ақ шашты ана ұлынан «қара қағаз» алған екен ғой. Мүмкін ақ шашты ананың ұлы мен соғыстан қайтқан солдат құлын-тайдай тебісіп бірге өскен жандар шығар? Мүмкін екеуі майданға да қарайлас алынған шығар? Бірақ соғыс алақандай ғана ауылдың көлеміндей жерде өткен жоқ қой. Мүмкін екеуі екі майданда соғысқан шығар? Көрмеген.
— Тілектестің көкесін көрмедің бе?
Қара торы келіншек солдатқа үмітпен қарайды. Тілектестің көкесінен де «қара қағаз» келген екен ғой. Бірақ Тілектестің көкесінің де, ақ шашты ананың ұлының да сүйегі жат жерде қалып қойып, солдат өзінің ауылына аман-есен келіп тұрғанына жазықты емес қой.
Рашид Мұсабаев орындайтын «Жеңіс күні» әнінің мына бір сөздерінде (музыкасы Д.Тухмановтікі, сөзін жазған В.Харитонов, сөзін аударған Бегілдә Алдамжар) соғыстан қайтқан солдаттар Аналарға есеп береді:.....