Сабақ жоспары (ұмж): Механорецепторлардың түрлері. Панини денешігі негізінде механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақтың тақырыбы: Механорецепторлардың түрлері. Панини денешігі негізінде механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Механорецепторлардың тіркенгішке сәйкес өзгеруін сипаттау
Сабақтың мақсаты : -механорецепторлардың түрлерін сипаттайды;
-механорецепторлардың тіркенгішке реакциясын сипаттайды;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның білім мәселесі кешесі бүгіні болашағы

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар
Сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі векторлардың координаталары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.11 - вектордың координаталары ұғымын білу, вектор координаталарын бірлік векторлар бойынша жіктеп таба білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушыларда коллинеар, компланар және компланар емес векторларды ажырату дағдысын қалыптастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісі. Бұранда ережесі. Магнит индукция векторы. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электрлік және магниттік қасиеттер - электр өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Бұранда ережесі. Магнит индукция векторы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 –магнит өрісін сипаттайтын физикалық шамасының мағынасын түсіну;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар орындай алады:
• магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;
• магнит күшінің тогы бар сымға бағытын анықтау үшін сол қол ережесін пайдалану......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ЖӘҢГІР ХАН ЖӘНЕ ҚАЗАН УНИВЕРСИТЕТІ

1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұл­тан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономикалық өсу оның типтері мен факторлары

Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсіндіруге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін- бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қоймалы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
- табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
- еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
- капитал ресурстарына;
- қолда бар технологияға.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера және экожүйелер
Сабақтың тақырыбы: Табиғи қоректік тізбекті салыстыру. Қоректік тізбек және қоректік торлар.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.2 табиғи қоректік тізбекті салыстыру
7.3.1.3 қоректік тізбек және қоректік торларды құру
Сабақтың мақсаттары: Әртүрлі экожүйелердегі абиотикалық факторларды анықтау;
Аталған экожүйелердің мысалында жануарлар мен өсімдіктердің өзара қоректік қарым-қатынастарын ажырату, байланыс орнату;
Әртүрлі экожүйелерде мекен ететін ағзалардың мысалында қоректік тізбектер мен қоректік тор құрастыру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Тортай шалдың есегі

«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:

— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша, неге мылқау қылып жаратпадың?! — деп жылаған көрінеді.

* * *

Шілденің ыстығына соғыстың от-жалынының қызуы қосыла ма екен, әйтеуір сол жаз қазан қайнатар ыстық болды.

Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді. Сондықтан да аузын орамалмен таңып жүреді.

Тортай шал молотилканың тойымсыз өңешіне бидайды бау-бауымен лақтырады. Қарамай иісі аралас шаң-тозаң қарт кісінің қасы-көзін, аузы-мұрнын тұтып қалады.

Аузы-мұрнын танып алған ақ орамалды лезде тозаң тұтып, кіршең тартады.

Тортай шал бүгін Көк әңгіні қырманға өзі мініп кетіп еді. Дүниеде өзінің малы өзіне бұйырмағаны жанға қатты батады екен.

Көк әңгі, арам да болса, Тортайдың өз малы ғой. Сол есек мына егін орағы басталғалы бері иесінің тақымына тимейтін болды.

Ал ауыл мен қырманның арасы едәуір алыс жер. Қарт кісі жаяу жеткенше, кәдімгідей ентігіп қалады. Қисықбас бригатқа:

— Айналып кетейін Арқанбай-ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауында жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау, – деп еді.

Қисық бас Арқанбай пұшық маңқылдап ала жөнелді: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Дебиторлық борыштары

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары – Дебиторлық борыштары /Алынуға тиіс шоттар/ деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін /алынатын/ уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мнрзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар бөлімінің шоттарында есептеледі.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын /өтелінетін/ дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың катарына жататындар:
- ағымдағы активті сатып алуға төленген аванстық /алдын ала төленген/ төлем;
- тапсырылған /берілген/ шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
- ұйымның лауазымды адамдарының /тұлғаларының/ дебиторлық борышы:
- басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша шоттар /дебиторлық борыштар/ иелік ету хұқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтеу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады.
Дипломдық жұмыста «Қос қанат» ЖШС нің мәліметтерін негізгі ала отырып, ізденіс жасадым.
Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Дулат пен Абай творчествосының танымдық, қоғамдық, көркемдік мәнін толық ұғыну үшін әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастыруымыз қажет. Көркемдік дәстүр жалғастығы жайында Н.Келімбетов былай дейді: "Тарихи жалғастық - қоғам дамуының объективті заңдылығы екені мәлім. Мұндай жалғастықтың өзі қоғамда қалыптасқан белгілі бір дәстүрге негізделеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0