«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық.......
Білім беру жүйесі бұл әлемдік деңгейдегі ең бір қуатты күш болып табылады. Білім, ғылымды өзге елден іздеп, ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми жаңалық ашқан ірі ғұламаларды тарихтан білеміз. Қазақтың даласынан шығысқа және батысқа қарай білім алуға ұмтылу ертеден қалыптасқан үрдіс. Оған өзге елде білім алған ертедегі Анахарсис философ, орта ғасырдағы.....
Бүгін Қазақстан ресми түрде ДСҰ-ның құрамына енді. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеуін жолдады.
Барлық игіліктерден ең ұлы – Тәуелсіздік У.Годвин Тәуелсіздік...Осы бір сөз әр қазақтың жүрегін тербелтпей қоймайтыны белгілі.Бүгінгі шуақты күнімізге жету үшін ежелгі дәуірдегі сақтардан бастап, біздің бабаларымыз талай қиындық көрді емес пе?!Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны; Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені;Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны,Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны» деп азаттықты жырға қосып,халыққа үн тастауы – Тәуелсіздік аңсаған елдің дауысы еді.Бүгінде сан ғасыр күресіп, бабаларымыздың қанымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. «Өткенін білмеген халықтың болашағы бұлыңғыр болмақ» демекші, арайлап атқан таңымыздың қалай туғанын әрбір қазақ баласының білгені дұрыс болар. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктері тарихта алтын әріптермен жазулы. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, қаншама қазақ батырлары өз өмірлерін қиып,қанды щайқастарда қаза болды. Біз үшін қай замандағы тарихымыз да қымбат,өткен кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер Ресей патшалығының озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұламатты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де, тосылып қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді.Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш пен биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың сол қасиеті елге- мұра,ұрпаққа- ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалcы, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігі арқасында біздің барлығымыз ашық аспанның астында өмір сүру бақытына ие болдық. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтуларынан, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан оқиғасының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жаужүрек жас Қайраттай өр мінезді еріміз болды. Қайрат, Ләззат сияқты ержүрек аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктері мен олардың аттарын айтпай кетуге болмайды. Тас қараңғы қамалда Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда, өлеңдері жүрегі «Мен қазақпын» деп соққан әрбір адамның жанына қуат беріп, патриоттық сезімін оятары анық......