Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. "Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы .....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты, міндеті: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету. Осы мақсатқа сай төмендегі міндеттер алға қойылды. Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру; Дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату; Өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын,; Шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын; Тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын; Алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс. Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес мәселеге бөлінген. Бірінші мәселесі Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы айтылады. Екінші мәселесі Қазақстан тарихымектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.....
Кіріспе Тақырыптың көкейтестілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды. Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық. Мәселенің өңделуі. ....
1953 жылғы наурызда әміршіл - әкімшіл жүйесінің идеологы, КСРО басшысы И.В.Сталин қайтыс болды. Осы жылы шілдеде Сталиннің оң қолы, куғын -сүргін ұйымдастырушысы, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Л.П.Берия барлық лауазымдық қызметкерлігінен босатылып, атылды. Осылай Кеңес Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық, адам құқығын аяққа таптаған үстемдік дәуірі аяқталды. Бюрократ көсемдер биліктен кеткенінен, оларға мұраға қалған әміршіл-әкім жүйе жойылмады. 1953 жыл шілде, қыркүйек айларында болған КОКП орталық Комитетінің пленумында әміршіл жүйеге байланысты біраз мәселелер көтерілді. Бұл мәселенің барлығы КОКП XX съезінің басты тақырыптарының бірі болды. Съезде мемлекет басшысы Н.СХрущев кеке адамның басына табынудың жай-жоспары туралы баяндама жасады. Бұл баяндамада И.В.Сталин мен Н.Ежовтың, Л.Берияиың заңға кайшы өрескел әрекеттері, олардың мұраға қалдырған, қолмен жасалған бюрократиялық жүйесі, қылмыстары туралы көптеген дәлелдер келтірілді. Адам құқығының аяққа тапталғаны, көптеген жазықсыз адамдардың сотталып, өлтірілгені де туралы да айтылды. Съезде «жеке адамға табыну және осының салдары туралы қаулы қабылданды. Съездің басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа дейін құпия түрде сақталды. Бірақ әміршіл-әкімшіл жүйедегі Н.С.Хрущев орны жайлы ештеңе де айтылмады. Мемлекет басшылығының осыдан кейінгі саясаты да дұрыс жүргізілмеді. Мемлексттік дәрежедегі көптеген мәселелер тек қана бірнеше адамның касында болды. Одақтас республикалардың құзырында ештеңе болмады. Н.С.Хрущев кезінде соңы пікір айтқандар қуғындала бастады. М.С.Хрушев басқарған кездеде биократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП – ның ХХІ съезінде Н.Хрущев социализмнің толық жеңгені, еиді коммунизимге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтылды. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды. ....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы Сабақтың тақырыбы: Рим империясы Шығыста неліктен сақталды Оқу мақсаттары: Византияның ішкі саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүруінің себептерін анықтау және жіктеу Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясын Батыс Рим империясының саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуын салыстырады және Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін талдайды ......
Қола дәуіріндегі Қазақстан Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1. Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Германия жәнс Италия елдерінің тарихы дүниежүзілік тарыхтың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл екі мемлекеттегі әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдай фашизмнің орнауына мүмкіндік тудырды. Италияда алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда, демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық, көппартиялық, өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің қүлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократия көңіл толмағандық та бірден жалпы сипат алды. Осылайша, Италияда фашизм орнады. Дүниежүзі халықтарының сұрапыл қанды қырғынға ұшыратқан Италия және Германия фашизміне біршама сипаттама берсек: Фашизм (итальянша fascisma деген сөзден шыққан. Байланыс, одақ деген мағынаны білдіреді.) -реакциялық саяси ағым. Оның негізгі идеологиясы шовинистік, агрессиялық бағыт болып табылады. Ол өзінің пайда болу кезінен бастап адамзат прогресіне қауіп төндірді. Фашизмнің билік басына келуімен буржуазия ашық террорлық іс-әрекет жүргізген фашистерге жол берді. Барлық фашистік режимдерге тән сипат, ол күресудің террорлық әдісімен антикоммунистік және антисемиттік бағыт ұстанды.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды? 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау; Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау; Сабақ мақсаттары: Тақырып арқылы XVII ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына тоқталу және Тәуекел ханның інісі Есім хан билігінің маңызды жақтарымен танысу, оның саяси роліне баға беру.
Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақтың тақырыбы: Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру Сабақ мақсаттары: Энеолит және қола дәуірінің ерекшеліктерін талдау; Метал өндірісінің адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдап, маңызына баға беру.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биофизика Сабақ тақырыбы: Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Сабақтың оқу мақсаты: • 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру Сабақтың мақсаты: жүрек автоматиясының механизмін, жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштық қасиетін, жүректегі қозудың өту жылдамдығын анықтай отырып, электрокардиография және оның диагностикалық маңызын саралауды үйренеді....