Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «Қайта өрлеуі» деп атайды 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаты: Хақназар хан кезіндегі қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын және территориясынын білу.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Қозғалыс Сабақ тақырыбы: Механорецепторлардың түрлері. Рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясы (Пачини түйіршігі мысал ретінде ) Осы сабақарқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясын Пачини түйіршігі мысал ретінде сипаттау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясын Пачини түйіршігі мысал ретінде сипаттайды . Көптеген оқушылар үйренеді: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясын анықтай алады. Кейбір оқушылар үйренеді: Механорецепторлардың тітіркендіргіштің өзгеруіне жауап беру реакциясын Пачини түйіршігі мысал ретінде түсіндіре алады.....
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында "Асыл мұра” жобасы "Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ.....
Қазіргі кезде тарихшы-ғалымдардың алдында тереңдей зерттеуді қажет ететін күрделі де қызғылықты мәселелердің ішіндегі уң маңыздысы – бір кезде жер бетінен «жойылып кеткен» халықтар тарихы. Бұл халықтар хақында – хазарлар,печенегтер, скифтер, қыпшақтар – біздің бәріміз де «Игорь жорығы туралы жыр» мен Пушкин, Блок шығармалары арқылы мектеп қабырғасынан-ақ жақсы хабардармыз. Киев князьдерінің көшпелілермен қиян-кескі щайқастары орыс шежірелерінде кең қамтыла көрсетлген. Олардың тұрмыс тіршілігі, көші-қоны, бет-бейнесі, бүкіл тарихы әлі күне дейін зерделі түрде зерттелінбей келеді. Әлбетте, жер қойнауына жете үңіле білетін археология мамандары өздері қазба жұмыстарын жүргізген ескілікті елді мекендердң, қоныстарынан, оба-қорғандар мен кесенелерден табылған көптеген «ұсақ-түйек» жебе, сауыт, қалқандар тағы басқа заттардың мол қоры арқылы олардың өмір-тарихын қайтадан қалпына келтіруге тырысады. Алайда, өздерінің құдіретті күшімен, тіпті, европалық мемлекеттердің зәре-құтын алған «көшпенділер империясы» атанғанған көптеген ұлыстардың одақтары тарихи шежірелер мен географиалық жазбаларда болмаса артына қанды жорық іздерінен басқа ешқандай археологиялық белгілер қалдырмаған. Сондықтанда археологтар бұл халықтар жайында сақталған әрбір ұсақ –түйек мәліметтерді көркем ойдан шығарылған аңыз-әңгіімелермен салы салыстыра отырып, шыдық елегінен өткізеді. Осындай халықтардың бірі – қыпшақтар. ....
Ағылшын - герман антогонизмнің өрлеу шағында, Қиыр Шығыста да қиын-қыстау кезең туындаған болатын. 1884 жылы Жапонияның Кореяны отарға айналдыру үшін жасаған төңкерісі және 1884-1885 жылдары қытай - француз соғысы осы аймақта жаңа шиеленістердің басталғанын көрсетті. Мұндай тоқыраудың тууына себеп болған: жапон капитализмінің өркендеуі және оның феодалдық-милитаристік элементерінің ықпалға ие болуы.
Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.
1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты.
Феодалдық қатынастардың құлдырауы жэне шетел капиталының енуі таптық күрестің өрши түсуіне әкелді. 1893 жылы Кореяда шаруалар көтерілісі бұрқ етіп, Тонхаютар сектасы елдегі келеңсіздіктерде басқарьш отырды. Сеулдегі бас резидент Юань Шикай Корей Сарайына көтерілісшілер әскерін мойындауға шақырды. 1994 жылы 5 маусымда ол Солтүстіктің істері жөніндегі кеңесші Ли Хун-Чжанға тез арада бүлікшілерді басуға әскер жіберді.
Қытай бұл ұсыныстан бас тартты, ал реформаларды Корея өз жасауы тиіс деп жариялады. Ал Жапония болса, өз әскерін эвакуациялай алмайтынын айтты. 1894 жылы 9 мамыр көтеріліс ошағынан таяу маңда Қытай әскері қоныстана бастады. Жапонияда осы уақытта өкімет басында Ито Хиробулли кабинеті тұрды.
9 маусымда Корея астанасы жапон әскерінің қолына көшті. Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Қытай іскеріне шабуылға аттанды. Корея және Қытай тығырыққа тіреді. Жапония өкіметі 14 маусымда жиналыс өткізді. Тонханилерді бірге басып, Жапон, Қытай комиссиясы реформа, Корея үкіметін тазалау туралы ұсыныстар жасалды. Бұл жағдай жүзеге асса, Жапония мен Қытай бірігіп, Кореяны қамқорлыққа алар еді. Қытай үкіметі
Жапонияның ұсынысын қабылдамай, Кореядаға көтерілістер тоқтатылды деп жариялады. Қытай өз әскерін Кореядан әкетуге міндеттелді. Ал Жапония өз әскерін эвакуациялауы туралы ойлары жоқ екенін айтты. 13 шілдеде Муцу Оториге тағы бір құжат жіберілді. Онда: «Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз Қытай мен Жапония арасында қақтығыстарды тездету» - делінген. Англия мен Ресейдің Қиыр Шығыстағы саясаты. Ли Хун-Чжанның Еуропа державаларының бұл іске кірісуі негізсіз болмады. Қытай мен Кореядағы Англияның ықпал аймағының кеңейюі және Ағылшын буржуазиясының бұл елдердің капиталына үстемдік еткісі келуі басқа да бақ таластарды болдырмауға тырысты. Англия бүкіл Қиыр Шығысты өзіне бағындырғысы келді және ірі капитал орындары мен ірі металлургияны өзіне қаратуды ойластырды. Мұндай саясатты жүзеге асыруға Ұлыбританияның гегемондығымен жүзеге асқан Жапон - қытай одағы көмегін тигізді.
Англияға сонымен қатар, Жапонияның сауда бақталастығыда әсерін тигізді. 80-жылдардың аяғы мен 90 - жылдардың басында ол ағылшын капиталын біршама артқа сырып тастаған болатын. Әсіресе, Ланкаширдегі тоқыма фабрикасына, Гонконгтегі көпестерге, Шанхай сеттльменттеріне ауыр тиді. Англияның Қиыр Шығыстағы қызығушылығы 1889 жылғы Лондонда жарияланған «Қытай ассоциациясы» атты саяси құжаттың жариялануынан кейін арта түсті.
Англия күшті позицияны Кореяда ұстанды. 1885 жылы Корея үкіметі кедендік қызметке ағылшындықтарды тағайындарын мәлімдеді. Корея импортында Ағылшын тауарлары бірінші орында тұрды. Жапонияның Кореяны жаулап алуы осы елде Англияның ықпал етуін тоқтатуға жол ашар еді.
Қытайдың билеуші органдарында жасалған саяси бағытқа наразылық туындады. Император Гуансюй және оның жақтастары Жапония мен соғыс туралы ойлар тастады. Оған қарсы «Солтүстік үндеу» лидері Ли Хун - Чжан Қытай соғысқа дайын еместігін мәлімдеді. Үмітті Батыс державаларына артты. Қытай өкіметімен жүргізілген саяси сызық осы екі топтың қақтығысынан туындады.....
1916 жылғы патшаның "июнь жарлығынан” кейін жер-жерде басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды, ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай – Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты. .....
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.....
Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. .....
Кіріспе Зерттеу өзектілігі:Томас Джефферсон - әлемдік тарихтағы көрнекті қайраткер. Оның өмірі мен өз еліне сіңірген еңбегі адамзат ойында мәңгілікке қалды. Томас Джефферсон тарихта тек ірі мемлекеттік қайраткер ғана емес, сонымен қатар ол философ, гуманист, лингвист, ботаник, географ, архитектор, этнограф, полеонтолог ретінде ізін қалдырды. Томас Джефферсонның саяси көзқарастары эволюциялық дамуға сәйкес келеді. Сонымен қатар, демократиялық бағытты жақтаушы көзқарастары демократияның дамуына өз әсерін тигізді. Әсіресе американдықтарға тәуелсіздігін алу жолындағы үлесі орасан зор.Атап айтатын болсақ, АҚШ тәуелсіздік декларациясын жазған бірегей тұлға.Томас Джефферсон адам құқығын жоғары сатыда тұру керек деп есептеді, себебі адам жаратылысынан ешкімге бағынышты емес және де адамдар бір-бірімен тең деді.Ол адам нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамау керек деп есептеді. Көріп отырғанымыздай Томас Джефферсон демократиялық принциптерді жақтаушы және оның жүзеге асуына барлық үлесін қосқан қайраткер. Томас Джефферсон әлемдік саяси тарихқа өшпес ізін қалдырды. Томас Джефферсон республикалық партияның құрамында болатын, ол партия туралы былай деді: «Халықты бағалау оған қамқорлық жасау біздің партияның принципі, халықтан қорқу және оған сенбеу –басқа партияның принципі». Байқап отырғанымыздай Томас Джефферсон халықтың қамын ойлайтын қажеттілігін, мүддесін қолынан келгенше қамтамасыз етуге тырысқан халық қамқоршысы.Томас Джефферсон барлық азамат табиғатынан тең, сондықтанда олар тең болып өмір сүру керек деген принципті ұстанған.Ол азамттардың теңдігін жақтаушы, адамдарды езуге, қоғам байлығын әділетсіз бөлуге қарсы болған саяси қайраткер.....
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді. ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды. Тарихи деректерде 1389 жылы Әмір Темірдің Моғолстанға жорығы кезінде Іле-Ертіс аралығында ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қырғыз халқының құрамына кірген бұлғашы тайпасы талан-таражға салынғандығы туралы айтылады (1, 101-111 б). Орта ғасырлық тарихшы Сайф ад-дин Ахсикендидің «Маджмуат-тауарих» атты шығырмасында Темір әскері қырғыздардың негізгі үш бірлестігінің барлығын (бұлғашы, оң және сол қанат) тұтқындап Самарқантқа алып кеткен және олар сол жақтан әр тарапқа қоныстанған дейді.....