Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар: Көбею Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі. Оқу мақсаттары: Оқушылар: - ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Оқушылар - жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі. - жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды......
Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. .....
ХVІІІ ғасырдағы орта шеніндегі Цин патшалығы жоңғарларды тыныштандырып, Шинжиаңды қайтадан бірлікке келтірді. Осы кезде қазақтың ұлы жүзі мен орта жүзі ілгерінде- кейінде Цин патшалығына қарап, тікелей сайаси, экономикалық қарым-қатынас тарихын, Цин өкіметінің шекара саясатын, сондай-ақ аз ұлттарға қаратқан саясаттарын егжей-тегжейлі зерттеу біздің көп ұлтты отанамаздың тұтастығын және териториясын қалыптасу барысын жете түсінуде келелі маңызға ие. Бұл мақала Цин патшалығы мен қазақтардың қарым қатынас орнатуының тарихи көрінісі мен арадағы саяси байланыс сауда қарым-атынасына тоқталып өтеді. Қазақ ұлты ерте заманда батыс алқапты мекендеген .... Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, найман, керей қатарлы рулардан құралған Орта Азиядағы байырғы ұлттардың бірі. ХV ғасырдың орта шенінде қазақтар Шу өзені алабында феодалдық хандық құрды. Қазақтың жан саны көбейіп, өрісі кеңейе түскендіктен ХVІІІ ғасырға келгенде қазақ хандығының елі рулық байланыс және қоныстанған өңірлеріне қарай, ұлы жүз, орта жүз және кіші жүз болып үш жүзге бөлініп, әр қайсысы өз алдарына хан сайлап, дербес билік жүргізе бастады. Үйсін руын негізгі тұлға еткен ұлы жүз елі Балқаш көлі мен Сыр дариясынан тартып, Іле аңғарына дейінгі кең алқапты мекендеді. Бұл өңір ежелден «Үйсіннің ата-мекені» еді: Найман, керей, руларын негізгі тұлға еткен орта жүз елі Сыр дариясының солтүстігі, Алатау аумағынан тартып, Ертіс дариясына дейінгі кең сахараны қоныс етті: Ал алшын руын негізгі тұлға еткен кіші жүз елі Каспий теңізі төңірегіне қоныстанды. VІІІ - ғасырдың алғашқы жартысында Орта Азия сахарасында қазақпен жоңғар, Россия арасындағы байланыс күрделеліне түсті. ....
Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты. Халық алдында беделі бар, оны соңынан ертіп, сөзін өткізе алатын оқыған білімді азаматтарға «ұлтшылдық» деген пәле жабылды, атылып – шабылды. Ең алдымен Алашорда қозғалысына қатысқандарға кешірім жасалды, бірақ соңынан бәрі құрбандыққа шалынды, тірі қалғандары итжеккенге айдалды. Келесі кезекте большевиктерді жақтап, сол арқылы елімді, жерімді гүлдендіріп, ұлттық мүдделерді көркейтемін деп кеңес өкіметінің іргесін қаласқан марқасқа азаматтар қырылып – жойылды. Мәселен, Алаш ісі бойынша қозғалыс бастаушылары деп танылған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Габбасов, Мағжан Жұмабаев, Қайреддин Болғанбаев және басқаларының көздері құртылды, алайда репрессия науқаны толастамады. Бірақ осыдан кейін Алаш идеясы тоқтады десек, бұл шындықпен қабыспаған болар еді. Өйткені күні кешегі Қазақстанда неміс автономиясын құруға бағытталған КОКП ОК Саяси Бюросының қаулысына қарсы Целиноград (қазіргі Астана) қаласында өткізілген Маусым (1979) демонстрациясы да, одан кейінгі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі де (1986) бүгінгі жер үшін, тіл үшін, елдік үшін жүріп жатқан азапты күрес те осы Алаш идеясынан туындап жатқанын қалай жоққа шығара аласыз? Республикалардың тәуелсіздік белгілерін сақтау жөніндегі қозғалыстың бәрі И.Сталин тарапынан «ұлтшылдық уклон» болып есептелді. Бас хатшының 1922 жылдың қыркүйегінде В. Ленинге жазған хатында тәуелсіздік дегеніміз «ойыншық» нәрсе. Бірақ басқалар оны шын деп ойлайды, соған қынжылады деп атап көрсетті («Известия ЦК КПСС», 1989, № 9). ....
«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы. Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. ....
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. ....
Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж.) – моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы, атақты Шыңғыс ханның қоңырат қызы Бөрте бәйбішесінен туған төрт ұлдың үлкені. Ол ересен күшті, ер жүрек, алған бетінен қайтпайтын қайсар адам болған. Ол, алдымен, моңғолдардың басқыншылық әскери жорықтарының бәріне қатысқан аса ірі әскери басшы ретінде танылады. Жошы Шыңғыс ханның батысқа қарай бағытталған бірқатар шапқыншылық жорықтарын басқарып, Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Жоңғар даласы мен Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырып, Жетісу өңіріне жетеді. 1211-1215 жылдары Қытайды жаулау жорығына қатысады. Содан үш жыл өткен соң, Жошы Қыпшақ даласына басып кіріп, Ырғыз даласына жеткенде Хорезм шахтың 60 мың әскерімен шайқасқа түседі. Күш ара салмағының кемдігіне қарамастан, Жошы қолбасшылық дарынымен ерекше көзге түседі. Хорезм шах әскері ашық шайқаста жеңіліп, қала қорғандарына барып тығылады. ....
Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті жиырма жылдан астам уақытты қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой пікірдің алмасуы жағынан біртекті емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой пікірде болған «жылымық» бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л. И. Брежнев тұсында бұл саясатты мойындаушылар қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір қайреткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Алайда бір адамның билеуіне құрылған қоғамның И. В. Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады. Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап жасқауға тырысқан М. С. Горбачевтің «қайта құру» бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Мұның аяғы 90 жылдардың басында КСРО ның тарауына әкеліп соқты. Жалпы алғанда, бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Қаламгерлер қатары молайып, 600 ге жетті. Әдебиет жанрларының барлық түрі өзінің тұрақты кадрларын дайындап, қатар, тең дамыды. Реалистік әдебиеттің беталысын танытатын проза, оның үлкен жанрлары кең көлемде өрістеді. Поэзия заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда ұшқырлық танытты. Театр репертуарын байытуда қазақ драматургтері мол үлес қосты. Әдебиеттің негізгі жанрларын байытудағы және қоғамдық әлеуметтік өмірдегі белсенді қызметімен сөз өнерінің жас күштері алға шықты. Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ф. Оңғарсынова, Ш. Мұртаза, Ә. Тарази, М. Шаханов, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков, тағы басқалардан құралған талантты топ осы кезеңде өздерінің мол творчестволық мүмкіндіктерін айқын танытты. Қазақ әдебиетінің табысы одақ және дүние жүзі көлемінде мойындалып, олардың тәуір шығармалары орыс және шетел тілдеріне аударылды.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А ХІІІ-ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясында ұлыстардың құрылуы 3-сабақ Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; 6.3.1.7 – ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: тарихи оқиғаларды талдайды және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды. Оқушылардың басым бөлігі: тарихи құбылыстарды, оқиғаларды бағалайды және оларға қатысты тарихи тұлғалардың ролін анықтайды. Кейбір оқушылар: тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3B Қазақ халқының қалыптасуы Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 1-сабақ Сабақтың мақсаты: - Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;