1917-1920 жылдар аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кеін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді (қ. Ақпан рефолюциясы). Уақытша үкмет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. .....
Мәмлүк сөзі ислам тарихында үлкен рөл ойнаған "ақ құлдарға" - қатысты айтылатын сөз болып табылады. Мәмлүк сөзі араб тілінде "мамлук" - иеліктегі деген мағынаны білдіреді. Бастапқы кезде бұл-сөз "абд мамлук" деген тіркестегі "иеліктегі құл" деген мағынаны білдірсе, уақыт өте келе "мәмлук" сөзі субстантивтеніп, "абд" - құл сөзіне қарама-қарсы тек әскери мақсаттарға пайдаланылатын құлдарға қатысты айтылатын терминге, одан соң осы мәмлүктердің мемлекеттік құрылымдағы әлеуметтік орындарының жоғарылауына байланысты ресми титулға айналған. Мысалы, сұлтан Бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузахир шығармаларында өзін "кіші мәмлүк" деп көрсетеді. Құлдан туған ғана құл саналған, ал мәмлүк азат жанұяда өмірге келіп, кейіннен тұтқынға түскен немесе жастай құл базарында сатылған адам. Мәмлүк сөзін сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған. "Малака" иелену, билеу деген етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түбірден өрбиді. (1)....
1848 - 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.
1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 - 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.
1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.
1848 - 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.
Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессия саясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 - 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық - демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергі келтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшін бостандықты сақтауға қолданды.
Бірақ, 1848 - 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялық күштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын - француздық қарама - қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг - Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 - 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар - Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан Сабақ тақырыбы: Моңғол шапқыншылықтарының салдарлары 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.2 – XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; 6.3.1.8 – Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Моңғол шапқыншылықтарының салдарын талдайды.
Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. .....
Біраз алдыңғы уақытқа дейін Қазақстанда бұрынғы одақтан қалған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі болатын. Былайша барлық жүйе мемлекеттік болатын және өзі екі блоктан құрылатын: әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік жүйесі және мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету.
Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институтардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен. .....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тізгінін өз қолына алғаннан кейін «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялауы қоғамдық ғылымдар: заң, саясаттану, философия, тарих ғалымдары алдына тың тұрпаттағы жаңа міндеттер жүктеді. Солардың бірі және бірегейі ретінде халқымыздың ұлт болып қалыптасуына, оның үлттық сана-сезімінің оянуына, өзінің дербес мемлекеттілігін жариялау жолындағы күресуінің дамуына орасан зор әсерін тигізіп, осы процестерге жетекшілік жасаған Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі мен тарихи қөзқарстарын зерттеу деп айтуға толық негіз бар. Кешегі Кеңес Одағы дәуірінде осы тұрғыдағы тақырыптар терең зерттелмеді, зерттелген күннің өзінде комунистік идеология үстемдік еткен заманда маркстік-лениндік методология шеңберінде ғана қарастырылды. Сондықтан да ол кезде топтық және партиялық принциптер негізге алынып, ғылыми объективтілік мансұқ етілді. Сол сан салалы тарихи процестерді зерттеуде біржақтылықты, бір ғана идеология мен қоғамдық пікірді орнықтыруды мақсат етті. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (1-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Түркі халықтарының миграциялық үрдістерін сипаттайды; • Ортағасырлардағы халықтар миграциясының себептерін талдайды; • Түркі халықтарының территориясының кеңеюін картадан көрсетеді.
К І Р І С П Е Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді. Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ. Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі еңбектерден білеміз. Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. ....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Есім хан Қазақ хандығының біртұтастылығын қалай сақтап қалды? 2-сабақ Оқу мақсаты: 7.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау 7.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау Сабақ мақсаттары: - Есім хан тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау - Жәңгір ханның тұсындағы Қазақ хандығының дамуын анықтау.