Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты қалай байланыстырды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Орта ғасырлық халықаралық сауда жолына айналған Ұлы Жібек жолының маңыздылығын түсіндіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы

XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды . Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады .
Курстық жұмыстың мақсаты:
1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері :
• Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік жаңа жүйесінің мәнін ашу ;
• 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мазмұны мен іске асырылуының тарихи маңызын зерттеу ;
• Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістеріне назар аудару ;
Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру.
Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .
Жарғының басты мақсаты:
• Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды өзгерту ; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Сақтардың мәдениеті мен өнері

Сақ заманында Қазақстан аумағындағы мал өсіретін тайпаның мәдениеті мен өнері өзінің алдындағы уақытпен салыстырғанда дамудың біршама жоғары сатысына жетті. Темір металлургиясы, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы материалдық және рухани мәдениет түрлерін түбірімен өзгертті.
Еуразияның мал өсіретін тайпаларының өз негізінде біртұтас экономикалық базисі, экономикалық және мәдени байланыстары Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан аумағын, Еділ бойын, Солтүстік Қара теңіз өңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың-әсіресе ерте кездегі сақтардың, сарматтардың, скифтердің және басқаларының көптеген ұқсастығы бар мәдениетін өмірге әкелді. Алайда осы тайпалардың мәдениеті мен өнерінде елеулі айырмашылықтар да бар, олар Қазақстанның түрлі аудандарын мекендеген сақ тайпаларында әр түрлі болған.
Ғылымда сақтардың тұрмыс салты мен тұрғын жайы туралы деректер көп емес. Бәлкім, көшім-қонымы көп тұрмыс салтына лайықты тұрғын жайдың тігіліп-жығылатын үлгісі-киіз үй сол кезде-ақ шыққан болуы ықтимал. Аңызға айналған аргиппейлерді сипаттай келіп, Геродот былай деп жазды: «Олардың әрқайсысы ағаштың астында өмір сүреді. Қыста ағаш кез келген сәтте тығыз ақ киізбен жабылады, ал жазда жабусыз қалдырылады». Көшпелі тұрғын жайдың бұдан кейінгі эволюциясы барысында киіз үйдің құрылымы кемелдене түсті, бірақ оны жасаудың принципі б.з.б 1 мыңжылдықтың өзінде-ақ белгілі болған еді.
Геродот пен Гиппократтың хабарлайтынындай, мал өсіретін тайпалардың көш-қонды тұрғын үйлерімен бірге, көшпелілерде барынша кеңінен тараған төрт және алты доңғалақты арбаларға орнатылатын киіз үйлер де болды; жартылай көшпелілер мен отырықшы малшылар оларды жыл маусымдарында пайдаланды. Қазақстан аумағының оңтүстік, шығыс және солтүстік аудандарында тұрақты тұрғын үйлер: оңтүстікте-шикі кірпіштен, солтүстік және шығыста-бөренелерден салынған үйлер болғаны мәлім.
Ахеологиялық деректер бойынша, қола дәуірінде даланы мекендеушілер еүмбез тәрізді қима шатыры бар жертөле түріндегі тұрғын жайлар салды. Төбесі ағашпен дөңгелете жабылған мұндай үйлер Қазақстанда, Орта Азияда және Ресейдің оңтүстігінде табылды. Бұғылы өңірінен (Орталық Қазақстан), Шағалалы өзенінің бойынан (Солтүстік Қазақстан) табылған соңғы андроновтық кезеңдегі жер үстінде тұрғын жайлар киіз үйдің одан да гөрі жақын ертедегі үлгісі болып табылады. Төбесі шатырланып және дөңгелене жабылған бұл ағаш құрылыстар киәз үйге ғажап ұқсайды. Көшпелі сәулет өнерінің бастамасы нақ осы киіз үй тәріздес тұрғын жай болған. Орманды аймақ көшпелілерінің киіз үй тәріздес құрылыстарының бастапқы түрі төбесі шошақ күрке, ал далалық аймақта дөңгелете шатыр шығарылған жартылай жертөле болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі


18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XV ғасырдағы тарихи жағдай Керей мен Жәнібек

XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті.Қазақстан жерінде шаруашылықтың дамуы көшпелі мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысатын аймақтарда айқын байқалды.Шаруашылықтың түрлі саласында өзара байланыстар нығая түсті,қолайлы жағдайлар қалыптасты.Тілі,материалдық және рухани мәдениеті жағынан өзара жақын этникалық топтардың бір-бірімен тығыз қатынасы орнады.Қазақ тайпаларына өз жерінде көз алартып,зорлық-зомбылық жасаушыларға ұзақ,әрі табанды қарсылық көрсетіп,тойтарыс беруге ұмтылыс көрініс таба бастады.Қазақ,қырғыз,ноғай,ішінара өзбек,ұйғыр,қарақалпақ халықтарының қандас-туыстық ынтымағы қалыптасып,нығая түсті.
Дегенмен,қазақ тайпаларының жекелеген бөліктерінің бірнеше саяси бірлестіктерге-мемлекеттерге кіруі туыстас этникалық топтардың бытырап кетуіне алып келді.Саяси және экономикалық байланыстардың үзілуіне әкеліп соқтырған үздіксіз жүргізілген соғыстар,рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар мұндағы халықтардың бірігіп нығаюын тежеп отырды.Дәл осы кезде іс жүзінде біртекті халыққа айналып отырған қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Бұл міндеттердің шешілуі үшін қазақ хандығын құру нақты мүмкіндік туғызды,сәтті тарихи жағдайлар қалыптасты.Қазақ халқының бірігуінің,құрылуының іс жүзінде аяқталуына мүмкіндік туды.Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін яғни хандығын құрудың негізгі себептерімен алғышарттары еді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Африка Бірлігі Ұйымы

ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.

Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.

Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден, тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның (АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзіндік орны бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 1-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы
Сабақ тақырыбы: Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру
Сабақ мақсаты: нейрондық желілердің жұмыс принциптерін (нейрондық және синапстар) түсіндіру .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көне Рим әдебиеті

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ тарихындағы көтерілістер

Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды. .....
Рефераттар
Толық
0 0