Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді. «... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды» Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды. Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды. Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.....
Биогеография –бўл тірі организмдердіѕ географиялыќ, экологиялыќ таралуы, аудандасуы,орналасуы туралы єылым саласы. Дјлірек айтсаќ,биогеграфия (биология-жјне география) екі саланыѕ ќосындысы, ол жалпы јр тїрлі биоцноздардыѕ, фауна мен флораныѕ (тїлердіѕ таксондыќ категориялардыѕ) таралуын єылыми тїрде ќарастыруын айтамыз. Биогеография ґз саласында мына тїрлерге бґлінеді: организмдер гоеграфиясы оныѕ ќўрамына: микроорганизмдер географиясы,ґсімдіктер географиясы, жануарлар географиясы,организмдердіѕ жалпы георафиясы, ал оныѕ ќўрамына: микробеоценоз гоеграфиясы, биоценоз географиясы, фитоценоз жјне зооценоз географиялары кіреді. Кейбір авторлар (француз єалымы Э. Мартонн,советтік єалым В.Г.Гептнер, финдік зерттеушілері Л.Аарио жјне Х. Янус) олардыѕ ойынша, Б зоогеорафия мен ботаниќалыќ географиялардыѕ жиынтыєы,ал (В.Б.Сочава совет єалымы) оныѕ пікірі, бўл географияныѕ жалпылама жер шары бойынша органикалыќ зерттелуі.....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл Сабақтың тақырыбы: Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: ДНҚ орналасуын біледі. Хромосома саны бойынша түрлерін ажыратады. Көпшілігі: ДНҚ рөлін түсінеді. Оның құрылысын толтыра алады. Кейбір оқушылар: Геннің рөлін түсіндіреді. .....
1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұлтан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. .....
Мұғалім Сахип Ақбаев өзінің естелігінде қазақ ауылдарында мектептердің қалай құрылғанын айтады: «1918-жылы ауылдарда ана тілінде оқытатын қазақ мектептері ашылды. Бұл мектепте керекті мұғалімдер қысқа мерзімді курстарда тездетіп даярланды. Алғашқы кезде 104 мектеп қазақтың жер үйлеріне орналастырылды, олардың жабдықтары да өте нашар болды». Қазақ мектептері ашылғаннан кейін бұрынғы діни мектептер мен медреселердің біразы қайта құрылды, біразы жабылды. Сауатсыздықты жою мақсатында Қазақстанның барлық аймақтарында бұл іске үлкен мән берілді. Мысалы, 1918-жылы қыркүйекте Жетісу өлкесінде де сауатсыздықты жою, жаңа мектептер ашу туралы талаптар қойылып, шешімдер қабылданды. Қазан төңкерісінен кейін, 20-шы жылдары қазақ даласында жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мектеп ашу туралы халықтың талаптары да көбейе бастады. Бірақ халықтың талабына сай мектепке керекті құрал-жабдықтар, қажет оқу құралдары болмады. Әсіресе, кадр мәселесі, қазақ мұғалімдері, білімді педагогтар, басқарушы қызметкерлер жетіспеді. Осының салдарынан жаңа мектептер құру жолында, халықтың сауатсыздығын жоюда көптеген кемшіліктер мен қиыншылықтар болды. ....
Қахақ халқының тарихындағы жете зерттелмеген тарихи кезеңдердің бірі –ХҮІІІ ғасырдың басы – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен сыры көп аса бір ауыр кезең. «Қазақтардың тарихи өміріндегі аса бір маңызды тұс, - егер Левшиннің және Орта Азия тарихын зерттеуге көп еңбек сіңірген ұстазымыз В. В. Барольдтің жол жөнекей айтқандарын есепке алмасақ – мүлдем зерттелмеген деуге болады» - деп жазады тарихшы М. Тынышбайұлы «Ақтабан шұбырынды» мақаласында осы кезең туралы. Бұл кезде тұтас бір халықтың тағдыры таразыға салынып, талқыға түскен еді. Ол тау халықтарының тарланбозы Имам Шәміл айтқандай «Үлкен халықтарға үлкен ынсап керек екен. Кіші халықтарға үлкен қанжар керек екен» дегендей заман болатын. Ежелден көрші жатқан қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстың ішкі басты себебі екі көрші мемлекет Ресей мен Қытайдың, қазақ пен жоңғардың ешқайсысын да күшейткісі келмегендіктен ылғи екеуін бір-біріне айдап салу керек еді. Осындай сын сағаттарда жеке адамдардың рөлі артып, дала демократиясының негізгі иелері – хандар, сұлтандар, батырлар атқа мінуге мәжбүр болады. Сөйтіп Шыңғыс тұқымының ұрпақтары тақ үстінде емес, ат үстінде ұрыс аландарында сынға түседі. Патша өкіметі Қазақ жері арқылы Орта Азия территориясына ілгерілей жылжуды Қытай, Үнді, Парсы елдерімен және бұрыннан Ресей империясының геостратегиялық аймағына кіретін басқа да Азия мемлекеттерімен сауда-қатынас жолдарына саяси-әкімшілік тұрғыдан бақылауды күшейтуге ұмтылған. Патша өкіметі өзінің Орталық Азиядағы саяси ықпалан кеңейту жоспарын іске асыра отырып жалпыевропалық істерге әсер етудің басты құралы – оңтүстік-шығыс аймақтағы империяның қуаттылығын барынша нығайтуды көздейді.....
Экономикалық, мәдени және рухани даму барысында ғұндар, үйсіндер және қаңлылардың дүниетанымдық түсініктерінің өзара байланысы нығая түсті. Олар алғашқыда әр алуан еді. Өйткені, ғұндар “таза көпшілілер”, қаңлылар “таза” егіншілік, ал үйсіндер - жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізіп отырған. Шамамен бес-алты ғасыр өткен соң жағдай айтарлықтай өзгерді.Ғұндардың басым көпшілігі батысқа кетті, ал қалғандары мен қайтып оралғандары қазақтың басқа ұлыстарына араласып, сіңісіп кетті. Қаңлылардың елеулі бөлігі өғыздардың өңтүстік батысқа қоныс аударуы барысында осы тайпалардың құрамында кетіп, осы қауымды және жаңа қоныстарында ассимиляциға ұшырады. Қалған қаңлылар үйсіндерге қосылып, осы уақытқа дейін өздерін солардың құрамындамыз деп санайды. Бұдан ұғарымыз, бірінші мыңжылдықтың ортасындағы қазақтың ата тегінің ішінде үйсіндер – Қазақстан тұрғындарының негізгі дүниетанымдық бет-бағдарын өз бойына жинақтаған һалық болды. Мұның тағы бір дәлелі қазіргі бүкіл Қазақстан аумағында осы үйсіндердің шаруашылық түрі - жартылай көшпелі малшылық негізгі шаруашылық түрі еді. Бүкіл Евразия даласын көктей өткен Ұлы Жібек жолы көшпелілер мен егіншілер арасындағы экономикалық байланыстардың қаншалықты жемісті болғанын көрсетеді. Оның барысында мал, нан, жүн, былғары, қолөнер бүйымдары саудасы қыза түсті. Қалалар егіншілік аймақтармен шектес далаларда да, сондай-ақ даланың терең ішкі аймақтарында да бой көтерді. М.С.Орынбеков пайымдағандай, “мемлекеттілігі елсіз болған сайын табиғи ортаның этникалық қауымдастыққа зор ықпалететіні белгілі. Ал, қазақтың көне және соңғы тарихында мемлекеттіліктің әлсіз болғаны белгілі Табиғат әрқашанда Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастық рөлін атқарды.Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктіқ иманенттік себептерімен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды”.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы Сабақ тақырыбы: Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру; 10.3.4.6 - Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау; 10.3.4.7 - мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау Сабақ мақсаттары: Тәуелсіз Қазақстанның маңызды оқиғаларын білу, Тәуелсіздік алудың маңызын түсіну, Тәуелсіздік тарихындағы тұлғаларды білу, 1991 жылдан бергі Қазақстанның прогресін бағалау, Қазақстан Республикасының даму бағдарларына болжам жасау......
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады. Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді. ....