Сабақ жоспары (ұмж): Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік процестер
Сабақтың тақырыбы: Шыңғысхан империясы және оның мұрагерлері 1-сабақ
Оқу мақсаты: 10.3.1.2 Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.2.4 мемлекет құрылысындағы сабақтастықты анықтай отырып, Қазақстан аумағында ұлыс жүйесінің дамуын зерттеу;
10.3.2.5 XIII -XV ғасырлардағы мемлекеттердің геосаяси белсенділігін сипаттау арқылы, олардың Еуразиядағы тарихи процестердің барысына әсер ету дәрежесін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: «Тың өлкесі»: Қаймана қазақтың жоқшысы тарихы

Журналист Сая Молдайып өзінің облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 14 ақпан 2017 жылғы №17 санында жарық көрген «Жұртыңмен талай заман көрдің» атты мақаласын «Ойға өріс беріп көрейік» деп бастаған екен. Саяның осы сөзі сырласуға, бүкпесіз сыр ашуға шақырып тұрғандай көрінді. Тек... тақырыбы... Оқи келе мұның белгілі айтыс ақыны Қуаныш Шармановтың: «Жай күйін толғап жағадағы елдің, жұртыңмен талай замана көрдің», -деген өлең шумағының алғашқы екі тармағы екенін түсіндім.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы

Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде "Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Австралия территориясының геологиялық даму тарихы мен пайдалы қазбалары

Австралия – жер бетіндегі ең кіші материк. Ол іргелес аралдарымен қоса түгелдей оңтүстік жарты шарда жатыр. Басқалардан кейін ашылып, қонысталынған бұл материктің аты латының australis – оңтүстік деген сөзінен шыққан.
Оңтүстік тропик Австралияны одан солтүстікте материктің шағын, оңтүстікте көпшілік бөлігі жататындай етіп кесіп өтеді. Материктің шеткі бөліктері: солтүстікте – Йорк мүйісі (10 41о. е.) оңтүстікте – Оңтүстік – Шығыс мүйісі (39 11 о. е.),батыста – Стип – Пойнт мүйісі (113 05 ш.б.), шығыста – байрон мүйісі (153 34 ш. б.). Австралия солтүстіктен оңтүстікке 3200км – ге, батыстан шығысқа 4100 км шамасында созылып жатады, көлемі – 7631,5 мың км.
Солтүстікте Австралияның жағасында Мелвилл, Батерст, Грут – Айленд және басқа ұсақ аралдар, оңтүстікте – материктік қайраңның шетінде жатқан Тасмания, Кинг, Флиндерс, және Кенгуру аралдары жатыр. Батыстағы ең ірі арал – Дерк – Хартог, шығыста – Фрейзер.
Австралия Тынық және Үнді мұхиттарының суымен ұласып жатыр. Ол ешбір материкпен құрлық арқылы байланыспайды. Сондықтан Австралияны, сондай – ақ оның көлемінің шағын екендігін еске ала отырып, кейде материктік арал деп те атайды.
Австралиядан солтүстікте және шығыста, Тынық мұхиттың оңтүстік – батыс бөлігінде материктік, маржандық және жанар тау текті көптеген ірілі – ұсақты аралдар жатыр. Бүкіл осы аралдардың жиынтығын Мұхиттық аралдар деп атайды ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары 3-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Бұлшық ет талшықтарының екі түрін : баяу және жылдам бұлшықет талшықтарын салыстыру;
• Ағзадағы жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының орналасуын анықтау;
• Әртүрлі спорт түрлері мен жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарын пайдалану арасында байланыс орнату;
• Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының жалпы қасиеттерін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Есенғали Раушанов

ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ

Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты.

Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын "Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ақ Орда Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

1423-1424 жж. Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, т.б. Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жж. Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары 1-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату
Сабақ мақсаттары: • жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының құрылысымен танысу;
• бұлшықет талшықтарының қасиеті мен ағзада орналасуын сипаттау;
• бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Есім хан

Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының гүлденуі
Сабақ тақырыбы: Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан 1-сабақ
Берілген сабақтағы іске асырылатын мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру
Сабақ мақсаттары: Ежелгі рим мәдениетінің ескерткіштері негізінде римдік қоғамды сипаттау ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0