Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология Сабақ тақырыбы: Биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.1биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау Сабақ мақсаттары: биотехнологияда қолданылатын тірі ағзалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау.....
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. .....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3A XIII – XV ғғ. І жартысындағы Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Моғолстан. Әбілқайыр хандығы. 3-сабақ Сабақ мақсаттары: Моғолстан мен Әбілқайыр хандығындағы ішкі-сыртқы саяси оқиғаларды талдай отырып, оқиғалар мен тарихи үдерістер негізінде туындаған өзгерістерді сараптау.
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде Сабақ тақырыбы: 1920-1930 жылдардағы саяси репрессиялар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.7. ХХ ғасырдың 20–30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау; 8.1.2.1. қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау; Сабақ мақсаты:Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының себебін анықтау, салдарын талдау......
Ресей мемлекетінің тарихы Шығыс Еуропа жазығын б.з.б. І м.ж. солтүстік және орталық бөліктерін славян тайпаларының қоныстануынан бастау алады. Халықтардың Ұлы Қоныс аударуына дейін кеген олар көбіне аңшылық, балық аулау, егіншілік, далалы аймақтарда мал шаруашылығымен айналысты. Қарастеңіз жағалауларында б.з.б. ҮІ-Ү ғасырларда грек коллониялары орналасып, кейіннен олардан: Скиф патшалығы, Боспор патшалығы қлыптасты. 552-745 жылдар аралығында Ресей территориясының көп бөлігі көшпелі тайпалар одағы – Түрік қағанатына қарасты болды. ҮІІ-Х ғасырларда Төменгі Поволжье, Солтүстік Кавказ, Приазовьеде Хазар Қағанаты құрылады. ҮІІІ ғасырдың басында (926) Примор өлкесінің оңтүстігі Бохай мемлекетінің құрамына енді. ....
ХІІ ғасырда бүкіл әлемді дүр сілкіндірген, дүниежүзінің тарих-географиялық жағдайын күрт өзгерткен ірі оқиғалар болды. Бұл өзгерістер Шыңғыс ханның (1156-1227) басшылығымен құрылған монғол империясының дүниеге келуіне байланысты. Шыңғыс хан 1206 жылы император болып жарияланды. Мемлекеттің басты кәсібі жаулаушылық саясатын жүргізу болды. Асқан қолбасшы, шебер ұйымдастырушы дүниежүзін түгелдей жаулап алып әлемдік империяға құруға ұмтылған Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары әлемнің үлкен бөлігін басып алды. Монғол әскерлері Қытайды,Кореяны, Сібір халықтарын, Керей және Найман хандықтарын, Қыпшақ хандығын, Хорезм мемлекетін, Ауған, Иран, Кавказды, Орыс жерлерін, Шығыс Еуропа мемлекеттерін түгелдей жаулап алып жермен-жексен етті. Монғолдар жаулаған жерлерде Шыңғыс ханның ұрпақтарының билікте болуы ресми заңдастырылды. ....
Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды.
Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты.
Ойраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қамалдарының гарнизондарымен қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.
Хандығының шығысындағы жағдайды осылайша өз пайдасына шешкен Есім хан оңтүстігін де ойдан шығармайды.
Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады. Оған жағдай да көмектесе түседі. Себебі, бұл кезде қайтыс болған Бәки Мұхаммед ханның орнына оның інісі Уәли Мұхаммед пен Герат-Хорасанның билеушісі Дінмұхаммед баласы Иманқұлы таласып жатқан еді. Осы қақтығысты өз пайдасына асыруда Есім хан үлкен ептілік танытады. Ол әуелі Уәли Мұхаммедке көмектесемін деп уәде беріп, кейін Иманқұлы жағына аунап түседі. Соның нәтижесінде онымен бірігіп, Уәли Мұхаммедті өлтірісіп, Иманқұлымен одақ жасасады да, сол жылы Иманқұлыға қарсы шығып, Самарқантқа әскер жөнелтеді.
Бұл кезде Иманқұлының Есіммен соғысарлық шамасы жоқ еді. Сондықтан онымен шартқа отырып, Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.
Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.
Есім ханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды. ....
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті. Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады. Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты. Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. ....
Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. .....
Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетінің зерттеу объектісі болып келді. Өз тарихы мен қалай пайда болғанын, биологиялық табиғатын, тілі мен әдеттерін танып білуге деген адамзат құштарлығының шегі болған емес. Ал осы таным жолында жантану ғылымының алатын орны аса ерекше. Адам болмысының табиғатына, оның саналы қоғам шеңберінде өркендеуі мен қалыптасуына, төңірегіндегі басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқан қызықшылығу уақыт озуымен бірге өрістей түскен. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым,медицина,өнер, оқу, ойын және спорт салаларындағы бірде-бір іс-әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып білмей, тиімді орындалуы мүмкін емес. Адамның даму заңдары мен оның болмысының жасампаздық мүмкіндіктері жөніндегі білімдер жүйесі бүкіл қоғамның кемелденуі үшін өте қажет. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін объект , ал ғылымдардың әрбірі өзіне тән ерекше көкейтесті мәселелерімен айналысады. Солардың ішінде қоғамдық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеуде психологиялық факторларды айналып өту тіпті мүмкін емес. Егемен, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған сан-алуан міндеттерді шешуде психология ғылымының маңызы ерекше. Сонғы онжылдықтарда елімізде психологиялық зерттеулер саласы біршама дами түсті, әртүрлі еңбектер жазылып, жаңа ғылыми бағыттар пайда бола бастады.....