Реферат: Тарих | Сақтардың тарихы Сақтардың шаруашылығы

Б.з.б. бір мың жылдықта Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтар құрған. Қолына көп мал жинаған ірі бай отбасылары қонысын әрдайым ауыстырып, өзен бойларына ғана емес, сонымен қатар дала және шөлейт жерлерді, Тянь-Шаньның биік таулы бөліктерін бірте-бірте игере бастаған. Жұрт темірді пайдасына жаратып, атқа ауыздық салуды үйренген, сөйтіп, атты алысқа қатынайтын аса маңызды көлікке айналдырған ірі бай-феодалдар .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Қарым –қатынас психологиясының даму тарихы

1. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС. ТОПТАР.
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл адамның қызмет немесе оқу орнындағы, сондай-ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары болуы да мүмкін. Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат-мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік –психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат - әр адамның әлеуметтік орнын, қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де – қоғам мүшесі әрі әлеуметттік тұлға. Сондықтан, оның өмір-тіршілігіндегі әрбір қимыл-әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің көрінісі болып табылады.
Шартты және байланысты топтар - әлеуметтік психологиядағы топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Психодиагностиканың даму тарихы

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше - жан, - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі – психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Бұл анықтама бойынша психодиагностиканың негізгі мақсаты – психологиялық диагноз қоюға пайдаланылатын ғылыми жағынан тексерілген, сенімді және нақты әдістемелер мен психодиагностикалық құралдар жасау.
Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. Зерттеу нәтижесінде анықталған диагнозға сүйене отырып зерттелген қасиеттерді жетілдіру, өңдеу және дамыту туралы нұсқаулар жасалады.Сондықтан психодиагностиканың екінші бағытының мақсаты келесі түрде анықтауға болады: психологтардың жүйелі жүргізген зерттеулері көмегімен балалар, оқытушылар, тәрбиешілер, ата-аналар, т.б. зерттенушілердің, жеке даралық психологиялық даму ерекшеліктері туралы толық мәлімет жинап, оның психологиялық бейнесін құру, олардың өмір сүретін әлеуметтік топтарының құрылымдық және қарым-қатынастық ерекшеліктерін анықтау. Сондықтан бұл бағыттағы психодиагностиканың алдына келесі мәселелердішеш талап етіледі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Тарих сабағында көркем әдебиетті және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету

Кіріспе
Тарих сабағында көркем әдебиеттер және мазмұндаудың түрлерін ашып көрсету. Көрем әдебиетті оқи отырып өмірді бақылау, тану, үйрену. Пайдаланылатын көркем әдебиет қоғамның даму заңдылықтарын, тарихи тұрғыдан нақты түсінуге терең ұғынуға мүмкіндік береді. Тарих пәні бойынша оқушыларға беретін білім мен тәрбие ісін жетілдіре түсуге игі ықпал жасап, оның сапаларын арттыруға көмектеседі. Тарихи құжаттарға сүйене отырып тарихты оқытуда пайдаланалған көркем әдебиет оқушылардың эстетикалық таным түсінігін жетілдіру мен қатар тарихи мәсәлені образды түрде түсіндіру. Көркем әдебиет қоғамның өмірдегі құбылыстарға ғылыми талдау жасау үшін материал есебінде пайдаланылса қорытындылар мен тұжырымдарды қиыстыру мақсатында түсінікті болу үшін алынған. Әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді дәл жеткізіп, оны дәлелдеп, дәйектеу үшін алынған. Тарихи көркем әдебиеттің атқаратын маңызын ерекше бағалап оның тарихпен ұштасып жататын бірлігі ретінде қарастырған.
1. Жұмыстың өзектілігі:
Тарих сабағын жандандыру мақсатында көркем әдебиетті пайдаланудың маңызы мен мақсаты айқындау. Тарих сабағында көркем әдебиетті пайдалануда оқушылардың ой танымы мен білімін пайдалану.
2. Жұмыстың мақсаты: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қара қытайлар мемлекеті Найман мен Керейттер ұлысы

Монғол тілді кидан тайпалары б.з. IV ғасырында Қытай-дың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Киданның Ляо мемлекеті /907-1125/ құрылды. Кидандық тар Сұн /960-1279/ империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып, Алтай мен Тарбағатайға карай жылжиды. Алай-да, осыған қарамастан - Кидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Орталық Азия және әлемдік өркениет
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау;
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.
Сабақ мақсаты: Орталық Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің жетістіктерін сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму
Сабақ тақырыбы: Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.5.1 К. Линней, Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу;
9.2.5.2 эволюциялық ілімінің қалыптасуындағы Ч. Дарвин
еңбектерінің рөлін түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: • К. Линней, Ж.Б. Ламарк, Ч. Дарвин еңбектерімен танысу;
• Олардың негізгі қағидаларын оқып зерттеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан

Қола дәуіріндегі Қазақстан
Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға кешу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды1.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі - жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Қола дәуірінің негізгі ерекшеліктері
Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешілігі -өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Теңіз жаяу әскерлер

Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай-ақ әскери -теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери-теңіз флоты күштерінің түрі. Алғаш рет Англияда (1664), кейіннен Еуропаның басқа елдерінде (18ғасырдың 1-жартысы), АҚШ-та (1775) құрылған. .....
Рефераттар
Толық
0 0