ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді......
Түрік атауы, Түрік қағанатының пайда болуы 1. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты. 2. Түргештер мемлекетінің пайда болуы.
ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. .....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: №7 сабақ.Бейнематериал бойынша мазмұндама жазу (Қысқа ғана тарихи сәулет туындысын алуға болады. Мысалы, Қожа Ахмет кесенесі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: • аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіреді • сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады; • қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; • сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі Оқушылардың көпшілігі: • бейнематериал бойынша мәтін мазмұнын болжайды, мазмұндама жаза алады • қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді; • диалогке белсенді қатысады; • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды Оқушылардың кейбірі: • бейнематериал бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды, ой қорытындысын жасайды • диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады • көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады....
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады». Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды. Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады.....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы Сабақ тақырыбы: Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Сабақ мақсаттары: Тәуекел ханның кезіндегі Қазақ хандығының саяси жағдайын сипаттап, хандықты нығайтуда Тәуекел ханның саяси бағытына талдау жасау.
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бүгінгі мемлекет өмірімен де ұрпақ өмірімен де тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада объективтік пікір әлі тыңғылықты түрде қалыптасып біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік тоталитаризм тарихында ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы тарихи оқиғалар мен саси қайраткерлер қызметіне байланысты. Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық идиология үстемдік құрған кезде Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді былай қойғанда көпшілікке арналған әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін ашу мүмкін. еместін. Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы туралы айта келе жалпы кеңестік тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген. Ал Қазақстанда бұл мәселені тек заманымыздың аса білікті қайраткері М.Шоқайдың есімін қаралау мақсатында Түркістан легионымен байланысты ғана сөзболды. Қазақ топырағында дүниеге келіп, әлемдік ауқымды саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген М. Шоқай есімін халық зердесінен өшіру үшін “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды. Азамат атын ақтау үшін соғыс тұтқындары, Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идиологиясымен іс -әрекеттеріне балта шауып объективті, шынайы зерттеу жұмысын жүргізу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Легионерлердің қилы тағдыры мен қызметін жан жақты зерттеу. Бұл мәселе жөнінде жазылған еңбектерді талдау. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – сол жарияланған материалдардың көпшілігін жазғандар кәсіби тарихшы мамандар емес. Әрине, біз оларды бұл үшін кіналаудан аулақпыз. Негізгі мәселе сол жарияланған дүниелердің объективтік тұрғыдан қалай жазылуында.....
Кіріспе Зерттеудің мақсаты мен міндеттері Мақсаты: Тақрып: Ж. Нурмухаммедұлы басқарған Сырдария және Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол кезеңдегі Сыр бойы қазақтарының ауыр жағдайына байланысты зерттеулер жұргізіп, яғни біріншіден не себепті туындағанын (көтерілістің барысы, маңызы) Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған көтерілістің барысы мен маңызын, көтерілістің жеңіліс табуын толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады. Міндеттері. - Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған Сыр бойы қазақтарының көтерілісінің тарихда алатын орны, құндылығын жөнінде зерттеулер жүргізу. - Сол кезеңдегі негізгі мәліметтер бойынша негізінен сол кезеңдегі жағдайға тоқталып, не себепті туындағандығы тұралы зерттеп , баға беру. - Есет Көтібарұлы мен Жанқожа Нурмухаммедұлы бастаған көтеріліске айқындама жасау өзектілігін көрсете білу. - Тақырыпты зерттелген әдебиеттер тұрғысынан тұжырым жасау. Зерттеудің өзектілігі.....
Бүтін ек біздер, бір едік – Шаршысын көрген шалдардың. Жүрекке әсем жыр егіп, «Отан!» деп ойлы қалды әр күн Жат өлке солай төрі боп, Таққанбыз тағдыр жолға сын. Бәрібір өстік Бөрі боп, Бабамыз Көкжал болған соң... Сабыр Адай. Иә, бізге белгілі киелі ұғымдар көп-ақ .Солардың қатарына қастерлі байлығымыз-Отанымызды , еліміз бен тарихымызды жатқызамыз. Қасиеттілердің қасиеттісі- осы сөздерді мадақтай айтсақ, алдымен,тауының басын-жайлау, етегін-қыстау, ойын-егістік алған, өсіп-өнген, қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп-қонған, адамзат баласының тарих көшіне ілескен халқымыздың тоқсан толғаулы тағдыры көз алдымызға келеді . Бүгінгідей ұлттық патриотизм турасында толғаулы ойларымды ортаға салар сәтте, алдымен,өзекті ойымды өткен тарихқа құрмет және бабалар рухына тағзым етуден бастаймын.......
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. ....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады. Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді......