Шығарма: Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Моңғолияның дербестігіне айырбасталды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ

"Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Шаруашылықтың барлық салаларын соның негізінде техникалық қайта жасақтандыру мен еңбек өнімділігін арттыру үшін бүкіл экономиканың негізі ретінде ең алдымен ауыр .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Әлемдік мәдениеттің дамуына Орталық Азия халықтарының қосқан үлесі 3-сабақ
Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының мәдени жетістерінің адамзаттың дамуына қосқан үлесін бағалау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 Орталық Азия халықтарының материалдық мәдениет жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау
10.1.3.2 Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау арқылы адамзаттың дамуына қосқан үлесін қорытындылау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Балықты көлінің орналасуы мен тарихы

Балықты көлінің орналасуы мен тарихы
Сайрам - Өгем мемлекеттік ұлттық паркі Батыс Тянь - Шаньның солтүстік бөлімінде Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Үкіметінің 2006 жылғы, 26 - қаңтарындағы №52 қаулысына сәйкес Балықты көлі аумағындағы орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік орын болып табылады. Жалпы ауданы 30 гектар. Көлдің тереңдегі 16 - 17 метр. Балықты көлінің Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданындағы, Жаскешу елді мекенінде орналасқан.
Аудан орталығы Т. Рысқұлов ауылынан батысқа қарай 20 шақырым, Састөбе темір жол стансиясынан 12 шақырым жерде, Арыс өзенінің оң жақ жағалауында Жібек жолында орналасқан. Балықты көлі ғалымдардың болжамы бойынша Мезозой эрасында пайда болған деген дерек бар.
Біздің ата - бабаларымыз бұл жерді қазақ халқының басына түскен қасіретті оқиға «Ақтабан шұбырынды» кезінде жоңғар шапқыншылығында туған жерді азат етуде көрсеткен ерліктері үшін еншіге алған екен......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Дүниежүзі тарихы [ҚГБ] (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Мазмұны

І ТОҚСАН
Бөлім: «Өркениет: даму ерекшеліктері»

ІІ ТОҚСАН
Бөлім: «Этникалық және әлеуметтік процестер»

ІІІ ТОҚСАН
Бөлім: «Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан»

ІV ТОҚСАН БОЙЫНША ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Бөлім: «Мәдениеттің дамуы»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Реферат: ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ғалымдар жердің жасы 4,5—7 млрд жыл деп есептейді. Жер тарихы мынадай 5 заманға бөлінеді: архей, протерозой, палеозой, мезозой және кайнозой. Өте ертедегі түзілғен жер қыртыстарынан табылған қазба қалдықтарға сүйене отырып, органикалық дүниенің даму тарихын анықтап білуге болады. Жер бетіндегі тіршіліктің даму әрекеті геохронологиялық кестеде көрсетілген.
Архей заманы — жер қыртысының тарихындағы көне заман, Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ағзалардың — бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып, соның нәтижесінде топырақ түзілген. Атмосферадағы метанның, амиактың, судың мөлшері азайып, көміртегі (VI) оксиді мен оттегінің мөлшері артқан. Архей заманында жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар;
1. Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болды, гендердің алмасуы, комбинативтік өзгергіштіктің жүруі, табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2. Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ағзаларды екіге: автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар) бөлуге бастама берді.
3. Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ағзалардың құрылысы күрделенді, ортаның жана жағдайларын игере отырып, оған бейімделушіліктер қалыптасты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2 (9 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: Литосфера
Сабақ тақырыбы: Қазақстан аумағының геологиялық тарихы және тектоникалық құрылымы №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: «Алаш» қозғалысы және қазақ ұлттық идеясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.2.1 қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау;
8.3.1.4 «Алаш» партиясының ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы саясатын талдау;
8.2.3.1 Ұлттық баспасөздің қоғамдық-саяси сананы оятудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш саяси партиясының құрылуы мен оның маңызына баға беріп, алғашқы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси өмірдегі маңызын талдау. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0