Реферат: Тарих | Көне Түркі дәуіріндегі Қазақстан

Ұлы Түркі қағанаты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы: тарихи шындық және көркемдік шешім

Тарихи романның бүгінде табан тіреген идеялық көркемдік биігі тым жоғары және бір ауыз сөзбен түйіндеуге сия бермейтін ішкі иірімдері мол, айшықты бояуларға бай күрделі әлем.
Оның тақырыптық ауқымының кеңдігі соншалық сонау баяғы заманнан бүгінгі күннің көкейтесті мәселелеріне дейін өзінің зор құшағына сиғызып алады.
Трихи роман жанрының сандық, сапалық жағынан гүлдене дамып, жоғары бір белеске көтерілген кезі 70-80 жылдар болды. Бірақ сол биіктік ол бір күнде алып, бір-ақ секіріп шыға қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай бірде бәсең, өшуге таяу күн кешіп, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып, түрлі бұралаң жолдардан өтіп келеді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әртүрлі деңгейде дамып келеді. Әрине, кеңес тарихи роман тарихы көптен жазылып келеді. Оған кеңестік тарихи романның 20-30 жылдардан бастап кейінгі кезеңдерін жинақтай пайымдаған монографиялық зерттеулер дәлел. Бұл жерде тек тарихи романдарға қатысты еңбектерді ғана еске салып отырмыз. Ал, жалпы әдебиеттің тарихилығы, роман теориясына қатысты еңбектер өзінше бір төбе. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болмасын өз кезеңіндегі әдеби процесстерді қорыта талдаған, уақыттық мәні бар еңбектер екені даусыз. Сонымен бірге, бұл зерттеулерге көздей шолсақ, ежелден сөз болып келе жатқан даулы, тартысты, қиын, түйіндері мол, сан тарау мәселелердің де бас көтеретінін байқаймыз. Қазақ елі тарихының әдебиеттегі көрінісі қазақ әдебиет тану ғылымының негізін салған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектерінде көрініс тауып, кейіннен С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев еңбектерінде әр қырынан сөз болды.
Қазақ тарихи романының биік шыңы, асқаралы табысы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы десек, осы шығарма жарық көргеннен соң қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа, оны зерттеуге деген үлкен құлшыныс пайда болды. Соның нәтижесінде роман-эпопеяның қыр-сырын ашуға арналған іргелі-іргелі зерттеу еңбектері дүниеге келді. Олардың қатарында М.Қаратаевтың, А.Нұрқатовтың, З.Ахметовтың, З.Қабдоловтың, С.Қирабаевтың, Р.Бердібаевтың т.б. еңбектерін атап айтуға болады. Солай дей тұрғанмен де бұл еңбектердің көпшілігі әдебиет пен тарихтың ара қатынасын арнайы монографиялық зерттеу объектісіне айналдырмай, тек поэтикалық бір қыры ретінде тілге тиек етеді. Бұл орайда О.Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы» (1979), Ж.Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» (1991) сияқты санаулы еңбектерімен З.Серікқалиевтің, М.Хамзиннің, Ж.Дәдебаевтың диссертациялық жұмыстарынан басқа ауыз толтырып айтарлықтай іргелі еңбектері аз. Оның өзіндік себебі де жоқ емес. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 5-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшіліктерін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алғашқы қауымдық қоғам оның дамуы және ыдырауы

Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің, дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесіңде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 1917 жылғы Ресейдегі Ақпан Қазан ревалюциясы Азамат соғысы

1917 жыл Ресей тарихындағы түбірлі бетбұрыс жылы болды. Ел дамудың реформалық және революциялық жолдарының біреуін таңдауға тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс кезінде қалыптасқан жағдайлар елді революция жолына түсірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды әбден шиеленістірді. Кәсіпорындардың көпшілігі тоқтап қалды, баға өсті, алыпсатарлық кең.өріс алды, халықтың жағдайы әбден нашарлады. Ресей қоғамында елді күйзелістен шығаруға дәрменсіз болып отырған патша өкіметіне деген наразылық күшейді. Наразылық қоғамның барлық әлеуметтік топтары мен жіктерін қамтыды. 1915 ж. Мемлекеттік Думаның құрамындағы алты партияның өкілдерінен Прогресшіл одақ құрылды. Прогресшіл Одақ елдің ең беделді адамдары-нан біріккен үкімет құруды талап етті. Патша үкіметіне қарсы күресте барлық саяси партиялардың келісімге келуі осылайша басталды. Прогресшіл одакқа меньшевиктер мен еңбек тобы кірген жоқ, бірақ олар да партиялардың ынтымақтық әрекетін қолдады.
Патша өкіметі 1916 жыддың басында үкімет кұрамында өзгеріс жасады: премьер-министр болып ерекше қабілеті байқалмаған, көптің көзіне түспеген Б.Штюрмер тағайындалды. Үкіметке жақын топтар бұл шешімді патша Григорий Распутиннің ықпалымен қабылдады деген ойда болды. (Шаруа Г.Распутин халық емшілігінен хабары және табиғи экстрасенсорлық кабілеті бар болғандықган, патша сарайында елеулі ықпалға ие болған адам еді. 1916 жылдың аяғында жоғары дәрежедегі ақсүйектер тобы Распутинді өлтіртті).....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен Хақназар хан билеген кезеңді Қазақ хандығының «қайта жаңғыруы» деп атайды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • қазақ хандарының мемлекетті өркендетудегі рөлін анықтау
• Қазақ хандарының сыртқы саясатын анықтап, нәтижелерін талдау
Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы даму үдерісін, біртұтас қазақ мемлекеті болып дамығандығына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер еткендігін түсінеді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Алаштың тағдырлы тұлғасы Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев

Халқымыз жүріп өткен ұзақ жолдың шежірелі күндерін, ата жадына тоқыған талай тағылымды істерді болашақ ұрпақ санасына сіңіру, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, өлкенің оқыған азаматтарын еске алып, өмірі мен ерліктерін, еңбектерін қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың міндеті.
Қазақ тарихының белесті асуларының бірі – Алаш қозғалысы. Бүкіл қазақ даласын азаттық идеясына жұмылдырған, тәуелсіздіктің бастауы болған ұлы қозғалыстың тарихы мен тағылымы уақыт өткен сайын айқындалып, бедерленіп келеді.. Бүгінгі егемендігіміздің, тәуелсіздігіміздің тарихында Алаш атын аспандатқан арыстарымыздың үлесі орасан және дәлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат. Олар келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кетті. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің іргетасы, бастауы – осы Алаш арыстары: Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т. б. еді. Ақ тумен көтерген тегеурінге бергісіз батыл, мемлекетшіл және отандық идеясы болатын. Алаш қайраткерлері атқарған тарихи міндеттің зор маңызы да осында. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстандағы ұжымдастыру

Қазақстандағы ұжымдастыру
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны [жасыру]
1 Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты
2 «Кіші Қазан» курсы
3 Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу
4 «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау
5 Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу]Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 18 19 ғғ Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер

XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Парламент қазақша

Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi......
Рефераттар
Толық
0 0