Реферат: Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақстан (1946-1950)

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бұқара халық көп қолданатын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшандатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық құрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жұмыс істеген жүздеген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта құрылды.
1945 жылы КСРО Қарулы Күштерінің едәуір бөлігін запасқа шығару есебінен Қазақстанға 104 мың солдат пен офицер, ал 1947 жылдың 1-ші қаңтарына қарай 188,2 мың адам келді. Өнеркәсіпте 8 сағаттық жұмыс күні қалпына келтірілді. Соғыс кезіндегі мерзімнен тыс жаппай жұмыс істеу және демалыс күндерінде қызмет ету тоқталды. Жұмысшылар мен қызметкерлерге ақы төленетін демалыстары берілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай – ақ, жеңіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету кезделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіппен, ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген "күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көздеді....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан тарих пәнінің мақсаты мен міндеттері

Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 70 80 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

1966 басталған эканомикалық реформа бастапқы кезде эконмикалық дамуға белгілі дәрежеде сепін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен эконмикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіп орын немесе олардың жалпы санының 84 проц. жұмыс істейді. Жоспар сегізінші бесжылдықтың
негізгі көрсеткіштері бойынша орындаладыц: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 52 проц. артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді.Бірақ белгілі дәрежеғдегі радикализмге қарамай, эканомикалық реформаның бірінші қадамынан бастап - ақ оның жүйесіздігі, жарты кңештігі көрініп тұрды. Тотаритарлық жүйе оның өмір сүріп отырған эканомикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз соцлизімнің үстемдік қүрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын.
Осының салдарыцнан 70-жылдардың басында эканомикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруғ бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланды.
Реформаның негізгі мақсаты – кәсіп орындарндың шаруашылыцқ дернбестігін жоспарлыц кеңейту – тек көрсеткіштерді кемітуге және коллектиптердіңкормелеғу қорларын қалыптастыру тәртібін әкеп сайдыц. Көптеген кәсіп орындарпайда табудың қызығына беріліп, неғұрлым оңай жолға - өз өнімдерінің бағасын қолдан жоғарлату жолына түсті. Бағаның өсу есебінен алынған пай»д жалқыны көбейтуге мүмкіндік бе,рді, оның өсу еңбек өнімділігінің өсуін басып озды, мүныцң өзі 70- жылдардың басында-ақ инфляциялық процессордың басталуының себебі болды,бұл экономиканың дамуына
теріс ықпал жасады. Реформаның жартыкештігі мынадан көрінді: ол кәсіп орындардың дербестігін кеңейте отырып, министрліктер мен ведомствалврдың әкімшілік және экономикалық өкілеттілігін күшейтті. Қол жеткен дәреже принциптеріне негізделген жоғарыдан орталықтандырылған жоспарлау сақталып қалды, жалпы өнім көрсеткіштері, олардың жетілдірілмеген деп танылғанына қарамастан, қолданыла берді.
Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саласындағы демократиялардыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономиканың ұйымдық техникалық саласымен ғана шектеліп қоғамының саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі-мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пеноның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар эканомиканың қызметіндегі әкімшілікжүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.
70-жылдар басында реформаны жүргізу тоқталды, сол жылдары әлә де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғаны мен мұның өзі нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, эканомикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша эканомиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіленді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Қалыптастырушы бағалау (ФО): Қазақстан тарихы (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Қазақстан тарихы» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып

Мазмұны

І тоқсан
Бөлім: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Бөлім: Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

II тоқсан
Бөлім: Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде
Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер

III тоқсан
Бөлім: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Бөлім: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жылдар)
Бөлім: Қазақстан Хрущевтық «жылымық» кезеңінде (1954-1964 жылдар)
Бөлім: Қазақстан «Тоқырау» кезеңінде (1965-1985 жылдар)
Бөлім: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті (1946-1985 жылдар)

4 тоқсан
Бөлім: Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)
Бөлім: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991 – 1996 жылдар)
Бөлім: Қазақстан Республикасының дамуы (1997 ж. –бүгінгі күнге дейін)
Бөлім: Қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті (1991 жылдан бүгінге күнге дейін)
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Көне тарихи мәдени ескерткіштер тәрбие құралы

Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады.
1. Жеке
2. Топтық
3. Ұжымдық......
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Токугава сегунатының «Жабық есік» саясаты

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Жаңа заман кезеңінде Жапония да басқа елдер саясаты феодалдық – аграрлық мемлекет болды.
Азиядағы феодалдық қатынас неғұрлым дамыған Жапонияда алғашқы капиталистік қатынастардың укладтарыда байқала бастады.
Бұған мысыл ретінде XVII ғасырда қалыптаса бастаған мануфактуралық өндіріс өсімқорлық және товар – ақша қатынастарының шығуы. Бірақ бұл укладтардың түрліше феодалдық орнығуына монархиялық деспотизм мен феодалдық қатынас мұрсат бермейді.
Жапонияда басқа мемлекеттер тәрізді мықты орталықтанған билік болмады, елді ресми счун билігімен княздер мен феодалдар оның билігін мойындамады. Оңтүстіктегі сацума, Тесю, Тоса және Хидзэн сияқты неғұрлым дамыған княздіктер сегунді мойындамады, өзі – өздеріне қожайын болды. Бұл уақытта батыс Европада үлкен тарихи өзгерістер орын алып жатты. Ұлы географиялық ашылымдар су жолының маңызын дамулар Ренесанс кезеңі батысқа жаңа импульстар берді. Xvғ өн бойы Шығыс пен батыс арасы тең сияқты еді бірақ жоғарыда айтылған оқиғалардан кейін Батыс керемет жылдамдықпен дами бастады.
Теңіз жолын игерген батыс елдері өз товарларын өткізкгк ыңғайлы рыноктар қарастыра бастады. Әрине бұндайда әлеуметтік шіріген феодализм үстемдік еткен шығыс елдерін колониялау өте қолаьйла болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0