Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады. ХV - ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. ХІV - ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды. Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі. ХV ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер. «Мәңгілік елдің» ұлы тарихында бабаларымыз кең байтақ елін көзінің қарашығындай сақтап қалу жолында күрделі келіссөздер жүргізіп, қасық қаны қалғанша күресіп, бүгінгі Қазақстанның ұлан - ғайыр жерін ерлікпен қорғап қалды. Біз бұл ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек. Қазақстан Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің елі - міз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі», – деп атап көрсетті......
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы Оқу мақсаты: • 10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау • 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау • 10.4.1.9 фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениетінің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаты: Қазақ халқының мәдени мұрасына үлес қосқан тұлғалардың еңбектерін бағалау.......
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Олар сол дәуірдің ең озық дәрісханаларында білім алды. Атап айтқанда: Қазан университетін бітірген Ахмет Бірімжанов, Мұхамеджан Қарабаев, Садық Аманжолов, Иса Қашқынбаев, Шафқат Бекмұхамедовтер, Петербург университетінің түлектері: Бақытжан Қаратаев, Бақыткерей Құлманов, Барлыбек Сыртанов, Жаһанша Сейдалин, Айдархан Тұрлыбаев, Жанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Жақып Ақбаев, Райымжан Мәрсеков, Санжар Асфендиаров, Халел Досмұхамедовтер еді. Осылардың барлығы «Алаш» туы астында бірікті. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі болшевиктер ұсынған кеңестік даму бағытымен қатар дүниеге келді. Сондықтан да Ресейдің байырғы отарлау саясатын ұстанған коммунистермен «бір қазанға» бастары сыйған жоқ. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев Алаш арыстары басшылыққа алған ұлттық даму бағыты жайында: «... олар қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді. Ең негізгісі, бұл жол қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді» - деп жазады. Сол сияқты Алаш партиясының қатарына қандай адамдар қабылданады деген пікірге байланысты «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 253-інші санында: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген программадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді.....