Реферат: Сақтардың саяси тарихы

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ- патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған.Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519-518 ж.ж сақтарға қарсы I – Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым- салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді. Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. Дейінгі 330-327ж. Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді. Өзеннің қарсы бетінде, гректермен ақаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерелісін туғызады бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі трек-пункті ретінде саналады оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен өзеннен өтіп, сақтарды қуалайды. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың өз басы осы жортуда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Яксард сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс – талабы сәтсіз аяқталады. Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқарады. Мәселен, б.з.б. ІІІ ғ.-б.з.д. ІІІғ. Аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Крит-микендік мәдениет туралы мифтер не айтады? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Қытай
Сабақтың тақырыбы: Крит-микендік мәдениет туралы мифтер не айтады?
Берілген сабақта қол жеткізетін оқытудың мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар істей алады:
5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар істей алады:
Коммуникативті, талдамалы зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған интербелсенді тапсырмалар арқылы криттік-микендік өркениеттің ерекшеліктерін анықтайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.4 –қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. қазақ халқының қолданбалы өнер жетістіктерін бағалау...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық жүйке жүйесі (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және регуляция
Сабақтың тақырыбы: Орталық жүйке жүйесі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.3 жұлын мен мидың құрылысы мен қызметтерін оқып білу
Сабақ мақсаттары: Ми мен жұлынның құрылысын анықтайды;
Ми мен жұлынның қызметін сипаттайды;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (қмж): Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты (Қазақстан тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
Сабақ тақырыбы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты
Сабақ мақсаттары: Тас дәуіріндегі Қазақстанда табылған тұрақтарды анықтап, археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін білу, қазақстандық археологтармен танысу
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Исатай мен Махамбет көтерілісі

Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары – билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады.
Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса – қара халықтың көңілі тыныш болды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Л.Толстойдын Анна Каренина романын аудару тарихы

КІРІСПЕ
Л.Н.Толстой шығармашылығы жатқан бір кең дүние, бүкіл әлем. Оның шығармаларында қамтылмайтын өмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де болады. Оның кейіпкрелері мінез-құлқы мен әдет-ғүрпы жағынан мейлінше әр алуан. Оның тілі - орыс тілінің бүтін бір қоймасы. Жазу мәдениеті мен стилі жағынан ол жалпы орыс әдебиетінің шыңы. Сондықтан да Толстой сияқты ұлы жазушының шығармаларын қазақ тіліне, аудару - тек аудармашылар үшін ғана емес, бүкіл қазақ тіліне, қазақтың қазіргі өскелең мәдениетіне зор сын.
Қазақ халқының ұлы ағартушылары Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында орыс мэдениетіне жол ашты. ¥лы Абайдың ақындық - аудармашылық қайраткерлігінің құдіретіне "орыстың данасы Пушкин өзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп, кең қазақ сахарасына алғаш рет қадам басты" (М.Әуезов). Ал Ы.Алтынсариннің жазушылық-педагогтік қызметінің арқасында өзінің дана сөздерімен орыстың алып жазушысы Лев Николаевич Толстой келді.
Әрқайсысы өзінше орыс мэдениетінің асқары, орыс тарихының дәуірі болып табылатын бұл екі адамның қазақ тарихынын, белгілі бір кезеңінде жарқ етіп бой көрсетуі кездейсоқ нәрсе емес еді. Бұл ғасырлар бойы қараңғылықта қамалып, тоқырау шегіне жеткен, бақытқа бастайтын жарық сәулені көксеп шарқ ұрған халық көшінің тарихи бетбұрысы болатын. (4-9)
"Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Сен оның тілін білсең, көкірек - көзің ашылады", - деп Абай айтса, "...Шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми күрделі оқу қүралдарына жол салып беретін .... өзімізге ең жақын орыс тілі..." деген болатын Ы.Алтынсарин.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.1 – оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақ мақсаты: Оқушылар VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсінеді, Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызына баға береді.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жәрмеңке саудасының дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Жәрмеңке саудасының дамуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.4.2.2 – сауда қатынастарына жәрмеңкелердің әкелген өзгерістерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Жәрмеңкенің дамуымен байланысты сауда қатынастарында болған өзгерістерді анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0