Реферат: Тарих | Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ
Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп соғысып жатқанда Ресейдің І-Петр патшасының әскерлері жерімізді шетінен кертіп қалалар салып, жыландай жылжып сұғынып келе жатты.
Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абу Бакирдің жаулап алу саясаты

Әбу Бәкір Халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімей бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы жыл -622 жыл - мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл"хижра", яғни "көшу" жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина - "пайғамбар қаласы" деп аталады.
Айша - Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі, оған тоғыз жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүкия (Үркия), Үмму Күлсім Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар мү сілімдер, мұсылмандар деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Монғол мемлекетінің құрылуы Шынгыс хан

Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын Монғолдардан алты ай қорғады.
Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның «Яссы» атты заңдар жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті.
Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де белгісіз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым қатынастар

Мемлекет аты - Грузия.
Астанасы - Тбилиси қаласы . (1,36 млн адам ) .
Территориясы - 69,7 км 2.
Ұлттық мейрамы 26 мамыр , тәуелсіздік күні .
Закавказьенің орталық және батыс бөлігін алып жатыр . Солтүстігінде Россияның Краснодар және Стравраполь крайларымен , Кабардино – Балкар, Солтүстік Осетия , Шешенстан және Дағыстанмен шектеседі .Шығысында Азербайжанмен , оңтүстігінде Армениямен , оңтүстік батысында Турциямен шектеседі . Мемлекет батысын Қара теңіз шайып жатыр .
Географиялық жағдайының ерекшелігі – Қара теңізге шығар жолының болуы және де Халықаралық теңіздік коммуникациясының болуы . Грузияның ең ірі қалалары - Кутайси , Рустаыи (158 мың адам ), Батуми (137,1 мың адам ) .
Грузияның халқына келетін болсақ 5,4 млн адам .
Этникалық құрамы - грузиндер 70,1 пайыз , армяндар 8,1 пайыз , орыстар 6,3 пайыз , азербайжандар 5,7 пайыз , осетиндер 3 пайыз , гректер 1,8 пайыз , абхаздар 1,7 пайызын , украйндар 1 пайызын , басқа ұлт өкілдері 2,2 пайызын алады . ұлттық діндеоі – грузиндік провославиелік 65 пайызын , орыс провославиясы 10 пайызын , ислам 11 пайызын , армяндық провославиелік 8 пайызын алады . ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қарахан мемлекеті 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер
Сабақ тақырыбы: Қарахан мемлекеті 1-сабақ
Сабақ мақсаттары: Қарахан мемлекетінің дамыған орта ғасыр кезеңіндегі тарихи орнын анықтап, орталықтанған мемлекеттің белгілерін талдау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Сарғайса да тарихтың әр парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы.
Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. .
..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді.
Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады.
Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Шығыс мәселесi

Дипломатияда және тарихи әдебиеттердiрде XVIII аяғы мен XX басындағы халықаралық қайшылықтарды белгiлеу шарты Балкан хандықтарының түрiк басымдығымен күресi, Осман Империясының құлдырауы мен ұлы державалардың түрiк иелiктерiн бөлу мақсатында күрестерiн айқындады:( Австрия (1867-Австро-Венгриямен)Ұлыбритания, Пруссия, (1871-Германиямен) Ресеймен, Италиямен, Франциямен, соңынан АҚШ-пен).
XVIII ғасырдығ аяғына таман Осман Империясының iшкi ыдырауының нәтижесiнде оның Еуропадағы иелiктерiн бөлу үшiн батыстың iрi-iрi державаларының арасындағы бiтiспес күресi басталды . Әр iрi держава өзiнiң талаптарын орындау үшiн барлық мүмкiндiктердi пайдаланды . Олардың әрқайсысы бiр-бiрiнiң Осман Империясында саяси және экономикалық ықпалын көбiрек болуына жол бермеуге тырысты . Ең өткiр қарама қайшылықтарды Түркия мемлекетiнiң Еуропалық иелiктерi туғызды .
Патшалық Ресей Империясы Константинополь қаласын иемденiп, Қара теңiзде және оған шығу үшiн бұғаздарда еркiн жүзу құқығын қамтамасыз ету үшiн қатыгез күрес жүргiздi . Оған қарсы бiрiншi кезекте Англия мен Франция мемлекеттерi қарсы шықты . Себебi бұл мемлекеттердiң бұғаздарға қатысты өздерiнiң жеке мақсаттары болды . Ресей Империясы мен батыс державаларының арасындағы қарама – қайшылықтарды Балкан халықтары да туғызды . Ресей Империясы Балкан халықтарындағы Түркия мемлекетiндегi үстемдiгiне қарсы ұлт-азаттық күресiн әрқашанда қолдап отырды. Ал Англия мен Франция мемлекеттерi керсiнше сұлтан үкiметiн ұлт-азаттық қозғалыстарға қарсы күресте қолдады. Себебi , Түркия мемлекеттерiнiң Балкан түбегi елдерiндегi үстемдiгi батыс державалар үшiн жергiлiктi халықты шексiз сауда қанауының келiсiм-шартта бекiтiлген капитуляциялық режим мен төменгi төменгi кедендiк төлемдердiң кепiлi болды. Сонымен бiрге Еуропалық капиталдың айналымында ең тиiмдi жағдайларды жасады. Ал егер Балкан халықтары Түркия мемлекттерiнiң үстемдiгiнен босап, дербес мемлекеттердi құратын болса, онда батыстың ұлы державаларының мұндай артықшылықтары жойылатын едi. Сондықтан да Англия мен Франция мемлекеттерi «Осман Империясының мызғымастығы мен бiртұтастығы» лозунгiн ұстануға тырысты. Бiрақ шын мәнiнде батыс державалары Түркияны Еуропалық капиталға экономикалық және саяси тәуелдi ету, мемлекетте феодалдық құрылысты сақтау, балкан халықтарының босатылуына кедергi жасау, сонымен қатар, Ресей Империясының Константинопольге қарай қозғалуын тоқтату үшiн барлық күшiн салды, бүкiл мүмкiндiктерi жасады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4 А Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Хақназар хан кезіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясаты 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаты: Хақназар хан кезіндегі қазақ хандығының ішкі сыртқы жағдайын және территориясынын білу.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы
Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 – ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: 610- дан 1258 ж. дейінгі кезеңде ислам әлемін едәуір өзгерткен оқиғаларды анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Машиналық оқытудың принциптері (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Caбaқтың тaқыpыбы: Машиналық оқытудың принциптері
Оcы caбaқтa қол жеткiзiлетiн оқу мaқcaттapы (оқу бaғдapлaмacынa ciлтеме): 10.3.1.1 Нейрондық желідегі машиналық оқудың принциптерін түсіндіру(нейрондар мен синапстар)
Caбaқтың мaқcaты: Нейрондық желідегі машиналық оқытудың принциптерін түсіндіру...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0